"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
iске асыру жөнiндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 20 қаңтардағы № 54 қаулысы
(2008.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Бұрынғы редакцияларды қара
"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР ?кіметінің 06.10.03 ж. № 1027 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегі уәкiлетті орган болып бекітілсiн.
2. ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 20 қаңтардағы
№ 54 қаулысымен
бекітілген
ҚР ?кіметінің 06.10.03 ж. № 1027;08.04.04 ж. № 393 (бұр. ред. қара);13.08.04 ж. № 857 қаулыларымен iс-шаралар жоспары өзгертілді
"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
iске асыру жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
Р/ с N | Іс-шаралар атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі |
1. 2- 3. 4. 5. 6. 7. 8. | Kейбір нормативтiк құқықтық кесiмдерге инновациялық қызмет мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықты- рулар енгізу туралы Салалық және аймақтық инновациялық бағдарла- маларды әзiрлеу Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъек- тiлерiн (технологиялық парктердi, технологиялық инкубаторларды, иннова- циялық орталықтарды, кәсiпорындарды және бас- қаларын) ұйымдастыру және тіркеу ережесін бекіту туралы Инновациялық жобалардың үлгi құжаттарының нысан- дарын әзiрлеу Инновациялық жобалардың мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және өткізу ережесін әзiрлеу Инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу Инновациялық бағдарлама- ларды бюджеттік кредиттеу ережесi мен шарттарын әзiрлеу Инновациялық қызмет субъектiлерiн субсидиялау, оларға мемлекеттік натура- лық гранттар беру ережесi мен шарттарын әзiрлеу | | 2003- 2004 жж. 2003- 2004 жж. 2003 ж. қаңтар 2003 ж. желтоқсан 2003 ж. қараша 2003 ж. желтоқсан 2004 ж. қаңтар 2004 ж. маусым |