|
|
|
Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандыру жағдайында валюта қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгін арттыру, инвестициялық мүмкiндiктердi кеңейту және валюталық реттеу мен бақылаудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Орталық атқарушы органдардың басшылары Бағдарламада белгiленген iс-шараларды iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тоқсан сайын, есептiден кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат беретiн болсын. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын, есептiден кейiнгі айдың 20-күнiнен кешiктiрмей Бағдарлама iс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат беретiн болсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕЖИМДI ЫРЫҚТАНДЫРУДЫҢ 2003-2004 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ 1. Бағдарламаның паспорты
1. Атауы Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы.
2. Негiзгi әзiрлеушi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
3. Әзiрлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы негіздеме 24 сәуірдегі N 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 4.1.7-тармағы, экономикалық саясат жөніндегі кеңестiң 2002 жылғы 15 мамырдағы № 20-50/005-416 шешiмi.
4. Бағдарламаның Қазақстан резиденттерiнiң инвестициялық мақсаты мүмкiндiктерiн кеңейту есебiнен валюта қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру.
5. Негiзгi мiндеттерi 1. Инвестициялық портфельдi түрлендiру үшiн резидент еместердің инвестициялық сапалы бағалы қағаздарына инвестицияларды валюталық реттеу режимiн жұмсарту жолымен жағдайлар жасау; 2. Резиденттердiң республиканың өндiрiстiк әлуетiн кеңейтетiн, жаңа перспективалық рыноктарға енуге жағдайлар жасайтын және инвестициялау объектiсiне бақылаудың қажеттi деңгейiн жасайтын шетелдегi тiкелей инвестицияларын ынталандыру; 3. Сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асырған кезде шектен тыс әкiмшiлiк кедергілердi жоюмен қатар, валюталық реттеудiң және едәуiр маңызды валюта операцияларына экспорт-импорттық валюта бақылауының тиiмдiлiгiн арттыру; 4. Валюта операцияларын статистикалық есепке алуды одан әрi жетiлдiру және капиталдың барынша еркiн қозғалысына байланысты тәуекелдердi төмендету.
6. Қаржыландыру талап етілмейді көздері
7. Бағдарламаны іске Валюталық режимді ырықтандырудың келесі асырудан кезеңіне өту үшін сапалы экономикалық күтілетін түпкі алғышарттар жасау. нәтиже
8. Іске асыру 2003-2004 жылдар мерзімдері 2. Кiрiспе Экономикалық саясат жөніндегі кеңестiң 2002 жылғы 15 мамырдағы № 20-50/005-416 шешiмiмен Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың негiзгi принциптерi және барысы мақұлданған болатын, ол экономиканың барлық секторларының мүддесiн барынша ескеру үшiн барлық мүдделi мемлекеттік органдарды тарта отырып, банк секторының өкiлдерiмен өзара тығыз iс-қимыл жасай отырып әзiрлендi. Валюталық режимдi ырықтандырудың негiзгi бағыттары мен кезеңдерiн, сондай-ақ Халықаралық валюта қорының сарапшылары талқылады. Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандыру Қазақстан экономикасының даму ерекшелiктерi, сондай-ақ экономикалық өсу тұрақтылығын айқындайтын iшкi және сыртқы факторлар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң экономикалық саясаты ескерiле отырып көзделетiн болады. Бұл Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi және ырықтандырудың бiрiншi кезеңiнде қалыптасқан экономикалық алғышарттарды және республиканың таяудағы экономикалық даму перспективалары ескерiле отырып және Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен бақылау режимiн ырықтандырудың негiзгi мақсаттарын, мiндеттерiн және бағыттарын белгiлейдi. Бағдарламаның ережелерiн iске асыру әкiмшiлiк iс жүргiзу рәсiмдерiн жүйелеу есебiнен валюталық бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi, бұл Қазақстанда валюталық реттеу жүйесiнiң шектеушi сипатынан әлуеттi тұрақсыздық сипаты бар валюта операциялары мониторингiн жүргiзудiң нарықтық әдiстерi мен нысандарына бiртiндеп көшу үшiн алғышарттар жасайды. 3. Проблеманың қазіргi жай-күйiн талдау 3.1. Валюталық реттеу нысандары Шетел валютасын пайдалануға және капиталдың трансшекаралық қозғалысына шектеулер қою орын алды, әрi қазiргi уақытта көптеген дамушы елдерде және өтпелi экономикасы бар елдерде де сақталып отыр. Қазiргi кезде әлдеқайда дамыған Еуропалық Одақ елдерiнде, Жапония мен AҚШ-та да мұндай жағдайлар болды, олар өз дамуының белгiлi бiр кезеңiнде (60-70-шi жылдары) капитал ағындарын бақылаудың түрлi нысандарын қолданды. Валюталық режим шектеулерiнiң сақталу себептерiне байланысты олардың нысандарында айырмашылықтар болады. Валюталық реттеу режимiне қолданылатын тәсiлдер Оңтүстiк Шығыс Азия елдерiнде 90-шы жылдары орын алған капиталдың күрт әкетiлуіне жауап ретiнде уақытша қажеттiлiкке қарай шектеулер енгізуге тiкелей байланысты болып отыр. Мұндай жағдайда ұлттық валютаға қарсы алып-сатарлықтың жолын бөгеу, валюта рыногын тұрақтандыру және халықаралық резервтерге қысым жасауды төмендету мақсатында, капиталдың әкетiлуiне байланысты операциялар жүргiзуге толық тыйым салуға дейiн барынша қатаң әкiмшiлiк шектеулер пайдаланылады. Қысқа мерзiмдi капиталдың мол ағынына тап болған елдерде оның ұлттық валютаның айырбас бағамына қысымын төмендету мақсатында, егер инвестициялар елде 1 жылдан аз уақыт болған жағдайда, сомадан белгiлi бiр пайыз ұстай отырып, арнайы валюталық шоттарға түскен қаражатты толық не iшiнара аудару түрiнде шектеулер енгiзiлдi. Бұл жағдайда валюталық режимнiң негiзгi мiндетi ұзақ мерзiмдi инвестицияларды барынша тартымды ете отырып, олардың пайдасына капитал ағынының құрылымын өзгерту болады. Басқа елдерде негiзгi проблема ұлттық валютаның құнсыздану қарқынын төмендету және инфляцияны азайту есебiнен, капиталдың әкетiлуiне байланысты операцияларды сипатына және экономика үшiн барынша нәтижелi болуына қарай Орталық Банктiң операция жүргiзуге рұқсат беруi жолымен шектеу арқылы макроэкономикалық тұрақтылыққа келiп тiреледi. Мұндай жағдайда, валюталық шектеулер валюта рыногы мен капитал рыногының жетiлдiрiлуiне қарай түр жағынан өзгере отырып, ұзақ уақытқа созылған кезеңге сақталады және мемлекеттiң экономикалық саясатының ажырамас бөлiгi болып табылады. Қандай да болмасын операцияларды жүргiзуге рұқсат (лицензия) алу талабына негiзделген валюталық реттеудiң мұндай жүйесi ТМД мен Шығыс Еуропа елдерiнiң көпшiлiгiне, оның iшiнде Қазақстанға да тән. 3.2. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген валюталық реттеу режимi "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңында капитал қозғалысына байланысты және валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына өтуiн (ауыстырылуын) көздейтiн валюталық операциялар (олардың тiзбесi осы заңда айқындалған) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрi Ұлттық Банк) лицензиялауына жатады деп белгiленген. Қазiргi уақытта Қазақстанда капиталды әкелу және шетелдiк инвестициялардан алынған кiрiстердi қайтарып алу бойынша операциялар жеңiлдетiлген тәртiппен жүзеге асырылады, ал валюталық құндылықтардың әкетiлуiне байланысты операциялар жүргiзу үшiн Ұлттық Банктiң лицензиясы болуы қажет. Валюталық операциялардың мынадай түрлерi лицензиялануға жатады: 1) қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауда жасауды жүзеге асыру және оған қызмет көрсету; 2) өздерi тiркелген мемлекеттiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар резиденттердiң шетел банктерiнде және өзге де қаржы институттарында шоттар (оған қоса Қазақстан Республикасының валютасындағы шоттар) ашуы; 3) резиденттердiң шет елдегi инвестициялары (банктердiң брокерлiк-дилерлiк қызметiн қоспағанда); 4) резиденттердiң резидент еместердiң пайдасына жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтарды төлеуге аударымдары; 5) резиденттердiң резидент еместер пайдасына 120 күннен астам мерзiмге тауарлар, жұмыстар және көрсетiлген қызметтер үшiн аванстық төлем жасау көзделген импорттық мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты күнiнен бастап 120 күннен астам уақыт резиденттердiң тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспортына төлеуге валюталық түсiм алу мерзiмiн асырып жiбергенi үшiн жасаған аударымдары; 6) резиденттердiң резидент еместерге 120 күннен астам мерзiмге кредиттер беруi; 7) резиденттiң резидент еместен кредит ретiнде алатын шетел валютасын үшiншi тұлғаның шоттарына есепке алуы. 3.3. Ырықтандырудың экономикалық аспектілерi Қазақстанда капитал қозғалысына валюталық шектеулер қою қажеттiгi шетел валютасы ұсынысының iшкi көздерiнiң едәуiр тапшылығымен және ұлттық валютаға сенiмнiң аз болуымен түсiндiрiлдi, сондықтан валюта қаражатының елден кез келген әкетiлуi валюта бағамының тұрақтылығына және жалпы алғанда экономиканың дамуына қауiп туғызады деп есептелдi. 1999 жылғы сәуiрде еркiн өзгермелi валюта бағамының режимiн енгізу инфляция қарқындарының төмендеуiне, валюта рыногының әлдеқайда тұрақты болуына, халықтың банк жүйесіндегі жинақ ақшасының өсуiне және шетелдiк тiкелей инвестициялардың әкелiнуiне орай экономиканың нақты секторының айтарлықтай оң қозғалыспен дамуына жол аша отырып, бүгiнгi күнге дейiн маңызын жойған жоқ. Сонымен бiрге 2001 жылдың екiншi жартысында Қазақстан экспортқа жiберетiн тауарларға әлемдiк бағалардың төмендеу кезеңi өткен 3 жылда экономикада сыртқы қолайсыз факторларды ауыртпалықсыз жұмсарту үшiн iшкi ресурстар мен капиталдың республикаға тұрақты әкелiнуi есебiнен белгiлi бiр потенциалдың қалыптасқанын көрсеттi. Негiзiнен сауданың сыртқы жағдайларының 5,3% нашарлауы нәтижесiнде қалыптасқан төлем балансының ағымдағы шотының 5,6% мөлшеріндегі тапшылығына қарамастан, капиталдың таза әкелiнуi 2001 жылы тұрақты жоғары деңгейде сақталды (кесте). Сонымен бiрге қысқа мерзiмдi операциялар бойынша әкетiлудiң азаю және "капиталдың қашуы" үрдiсi қазiргi уақытта республикадан тыс жерлерден гөрi Қазақстанда инвестицияларды жүзеге асыру үшiн неғұрлым қолайлы экономикалық алғышарттар бар деп айтуға мүмкiндiк бередi. Кесте Сыртқы сектор тұрақтылығының көрсеткiштерi
________________________________________ 1Сауданың сыртқы шарттары белгiленген салмақтар ескерiле отырып, негiзгi номенклатура бойынша әлемдiк бағалардың экспорты мен импортының (экспорт - 80%, импорт - 66%) арақатынасы ретiнде есептелген. 2Нақты тиiмдi айырбас бағамы елдердiң - негiзгi сауда әрiптестерiнiң валюталарына қатынасы бойынша есептелген ("+" - теңгенiң қымбаттауы, " - " - арзандауы). 3Машиналар мен жабдықтар, құрал-саймандар және аппараттар, жермен жүретiн көлiк құралдары кiредi. 4Деректер 2000 жылдан бастап мемлекет кепiлдiк бермеген жеке сыртқы борыш бойынша статистикалық қамтудың кеңеюiне қарай салыстыруға келмейдi. Капиталды әкелу құрылымы өндiрiстiң күш-қуатын арттыруға бағытталған және iшкi әрi сыртқы конъюнктураға икемдi портфельдiк инвесторларды күтудiң өзгеруiне тәуелдiлiгi аз. Атап айтқанда, капитал ағынының құрылымында, ең алдымен, инвестициялық тауарлар мен аралық өнеркәсiптiк тұтыну тауарларының импортын қаржыландыратын тiкелей инвестициялар басым болып отыр. Мұнай кен орындарын одан әрi игеру төлем балансының ағымдағы шоты бойынша капитал әкелудiң қосымша көздерiн ашады, бұл өңдеу өнеркәсiбiнiң бәсекелестiк қабiлетiн төмендетуге ықпал етуi мүмкiн, өйткенi тiкелей инвестицияларды одан әрi игерумен жалғасатын экспорт түсiмдерiнiң ұлғаюы теңгенiң айырбас бағамының нақты түрде қымбаттауына тiкелей әсерiн тигізетін болады. Мұндай жағдайларда Ұлттық Банк не ұлттық валюта бағамын жоғарылатуға, не валюта рыногына үнемi араласуды жүзеге асыруға және банк жүйесiнiң сыртқы активтерiнiң өсiмiн тазартып отыруға мәжбүр болады, бұл Ұлттық Банк шығыстарының үнемi өсуiмен жалғасатын болады, iшкi проценттiк ставкаларды төмендетуге және инфляцияның бақылаусыз өсу мүмкiндiгiне әкеп соғады. 3.4. Валюталық бақылаудың тиiмдiлiгi Валюталық бақылау жүйесiн құрған кезде, сондай-ақ бақылауды жүзеге асыру нәтижелерiнiң арақатынасын және оны iске асыруға жұмсалатын шығындарды да ескеру қажет. Уақыт өткен сайын қаржы рыногының дамуына, валюта операцияларын жүргізу схемаларының күрделенуiне қарай белгіленген әкiмшiлiк кедергілердi айналып өту үшiн қосымша мүмкiндiктер пайда болады, бұл валюталық бақылаудың тиiмдiлiгiн төмендете түсiп, оны жүзеге асыруға бұрынғыдан көп қаржы шығынын жұмсауды талап етедi. Мысалы, өткен бiр жарым жылда жеке тұлғалардың - резиденттердiң шет елдердегi шетел банктерiнде шоттар ашуына 11 лицензия ғана берiлген болатын, бұл жүргiзiлетiн операциялар санын объективтi түрде көрсете алмайды. Сонымен бiрге, қаржылық қадағалаудың жетiлдiрiлуiне, капиталдандыру мен қаржы институттарындағы тәуекелдердi басқаруға қойылатын талаптардың артуына, салықты басқарудың жетiлдiрiлуiне қарай валюталық бақылау тарапынан қадағалау функцияларын қайталау бiрте-бiрте қажет болмайды. Валюта операцияларының барлық аясын шектей отырып, экономиканың шетел активтерiне салудан түсетiн қарымды кiрiстерi де азаяды, сондықтан Ұлттық Банктiң тәсiлi неғұрлым тартымды валюта операцияларына қатысты режимдi бар мүмкiндiгiнше ырықтандыру және неғұрлым қауiптi әрi ауқымды операцияларға валюталық бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыруға негiзделуi тиiс. Шығыс Еуропа елдерiнiң көпшiлiгі осы жолмен жүрдi, олар қазiр валюталық режимдi толық ырықтандырды (Венгрия, Чехия), не осы шараларды алдағы уақытта жүзеге асыруды болжап отыр (Польша). Сонымен бiрге капиталдың әкетiлуiн ырықтандыру ең алдымен шет елдердегi тiкелей инвестицияларға, ұзақ мерзiмдi портфельдiк инвестициялар мен кредиттерге, дамыған елдердiң (Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымдары елдерiнiң) бағалы қағаздарына инвестицияларға және сонан кейiн ғана қысқа мерзiмдi қаржылық құралдармен операцияларға және ұлттық валютаның толық iшкi өтiмдiлiгiне қол жеткiзуге қатысты. 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi Әлемдік экономика дамуының жаңа талаптарына сәйкес келу үшiн, (1) жеке сектордың және ұлттық капиталдың белсендiлiгiн ынталандыру; (2) шет елдерге қаржы инвестициялары стратегиясын дайындау, сондай-ақ (3) Қазақстан Республикасындағы валюталық режимдi ырықтандырудың ұзақ мерзiмдi мақсаты - тұрақты экономикалық өсудi ынталандыру қажеттiгiн айқындайтын Қазақстанның даму стратегиясының ұзақ мерзiмдi басымдықтарын негiзге ала отырып, Бағдарламаның негiзгi мақсаты Қазақстан резиденттерiнiң инвестициялық мүмкiндiктерiн кеңейту есебiнен валюталық қаражатты тиiмдi пайдалануды арттыру болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |