|
|
|
Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесін бекіту туралы (2009.05.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 91 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2009.05.02. № 107 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесі
1. Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді. Ереже жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу тәртібін айқындайды. 2. Инвестициялық кірістен (шығыннан) комиссиялық сыйақы есепті айдың ішінде күн сайын есептеледі әрі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен айқындалатын зейнетақы активтерінің тиісті күнгі шартты бірлігі құнының есебіне енгізіледі. Зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы есепті ай ішінде әр күн үшін теңдей сомамен есептеледі және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен айқындалатын зейнетақы активтерінің тиісті күнгі шартты бірлігі құнының есебіне енгізіледі. Бұл ретте, зейнетақы активтерінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі есепті айдың бірінші күнінің басындағы қаржы құралдарының сатып алу не нарықтық құнының ең аз мәні бойынша айқындалады. 3. Есепті айға инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық кірісті нақты алған жағдайда және есепті айды қоса алғанда, қызмет басталғаннан бергі кезеңде есептелген комиссиялық сыйақы бойынша дебиторлық берешек болмаған жағдайда, инвестициялық шоттан жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті ағымдағы шотына аударылады. 4. Есепті айдағы, осы Ереженің 2-тармағына сәйкес есептелген комиссиялық сыйақы сомасы жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шотына есепті айдан кейінгі айдың алтыншы жұмыс күнінен кешіктірмей аударылуға тиіс. Аудару кастодиан банктің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және жинақтаушы зейнетақы қорының не зейнетақы активтерін өздігінен инвестициялауды жүзеге асыру кезінде кастодиан банк пен жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті өкілдері қол қойған салыстырып тексеру актісінің негізінде жүргізіледі. 5. Жинақтаушы зейнетақы қоры таратылған не қайта ұйымдастырылған жағдайда зейнетақы активтерін бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына берген кезде зейнетақы активтерін беруші жинақтаушы зейнетақы қоры теріс комиссиялық сыйақының есептелген сомасының мөлшерін берешек сомасын өзінің меншікті қаражаты есебінен зейнетақы активтерінің есебіне аудару арқылы өтейді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |