|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 245-1, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 261-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 220-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 20.10.03 ж. № 150з; 28.11.03 ж. № 150ц қаулыларымен 220-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі ______________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 621931 мың теңге (алты жүз жиырма бір миллион тоғыз жүз отыз бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 8 , 18, 21-24-баптары; "Қызмет бабында пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өздерiне жүктелген функциялар мен мiндеттердi барынша тиiмдi орындауы үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі орталық аппаратының, оның комитеттерiнiң және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң орталық аппаратын, оның комитеттерiн және олардың аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы және уақтылы орындау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 221-қосымша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі ______________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 006 "Өткен жылдар мiндеттемелерiн орындау" республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 342 671 мың теңге (үш жүз қырық екі миллион алты жүз жетпiс бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттердiң сыртқы шекараларын қорғау мүддесiнде оларды қамтамасыз ету үшiн шекара әскерлерi және мемлекетаралық жүктердi жауынгерлiк тасымалдау туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 9 қыркүйектегi келісім; "2003 жылға республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражат. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік-коммуникация кешенi ұйымдарының шығындарын өтеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: осы бағдарламаны iске асыру таратылған Жол қорының тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізушiлерi алдындағы берешегiн өтеудi, сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жауынгерлiк тасымалы жөніндегі шығындарын өтеудi көздейдi. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: "Қазақавтожол" РМК балансында саналатын кредиторлық берешектi өтеу, 1996 жылдан 2001 жылға дейiнгi жауынгерлiк тасымал бойынша "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" шығынын өтеу. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 222-қосымша ҚР Үкіметінің 20.10.03 ж. № 150з қаулысымен 222-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі ______________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 010 "Кадрлардың біліктілігiн арттыру және оларды қайта даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 2166 мың теңге (eкі миллион бір жүз алпыс алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3-бабы; "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: теоретикалық және практикалық білімдерiн жаңарту, білімдік бағдарламалар жөніндегі кәсiптiк қызмет саласында қажеттi біліктілік талаптарына сәйкес өзiнің лауазымдық міндеттерiн орындау және кәсiптiк шеберлiгiн жетілдiру үшiн тәжiрибесiн қолдану. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметкерлердің кәсiптiк біліктілігiн арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жаңа экономикалық жағдайлар мен мемлекеттік ресурстардың мүмкiншiлiгiне сәйкес, кәсiптiк мемлекеттік қызметтiң талабына жауап беретiн, мемлекеттік қызметкерлердiң сапалы оқуының түзу жүйесiн дамыту және қалыптастыру жолымен мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiптiк деңгейiн арттыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 223-қосымша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі ______________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 030 "Республикалық деңгейде жалпы білім беретiн оқуды субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 269 695 мың теңге (екi жүз алпыс тоғыз миллион алты жүз тоқсан бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 43-бабы; "Қазақстан темір жолы" РМК дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1237 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жалпы білім беретiн оқуды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-ын білім беретiн ұйымдарында жалпы білім беретiн оқуды қамтамасыз етуге субсидиялау (жалпы білім беретiн мектептер мен мектеп-интернаттар). 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер: "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-ның жалпы білiм беретiн мекемелерiнiң жұмыс iстеуiн жыл сайынғы қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 224-қосымша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі ______________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 033 "Су жолдарын кеме жүретiн жағдайда қамтамасыз ету және шлюздердi ұстау" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 360 431 мың теңге (үш жүз алпыс миллион төрт жүз отыз бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтың негiзi: "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 9-бабы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік iшкi су жолдары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 желтоқсандағы № 1429 қаулысы; "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерінiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi су жолдарында кеме қатынасының қауіпсiздiгін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: навигациялық керек-жарақтар мен жабдықтар белгiлерiн қою және күтiп ұстау, түбiн тереңдету (жер қазу), түзету, түбiн тазарту жұмыстарын орындау арқылы кеме жүрiсiнiң кепiлдi габариттерiн қамтамасыз ету, кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздердi) қауiпсiз жағдайда ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |