Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі ҚР 2015 жылғы 9 маусымдағы № 318-V Заңымен ратификацияланды 2015 жылғы 16 шілдеде күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, тату көршілік қатынастарды дамытуға және Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының (бұдан әрі - мемлекеттік шекара) режимін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты қолдауға ұмтыла отырып, тәуелсіз мемлекеттердің өз мемлекеттік шекараларын күзету жөніндегі шаралар қабылдауына ажырамас құқығын тани отырып, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекара өкілдерінің шекарадағы тосын оқиғалардың туындауының алдын алуға, ал олар туындаған жағдайда - жылдам тексеруді және оларды реттеуді қамтамасыз етуге қатысу қажеттілігін атап көрсете отырып, төмендегілер туралы келісті:
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекара өкілдері мен шекара өкілдерінің орынбасарларын Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары тағайындайды. Тараптар шекара өкілдері мен олардың орынбасарларын тағайындау туралы, олардың тегін, атын және әкесінің атын, лауазымдарын, қызмет учаскелерін және болу орындарын көрсете отырып, дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне хабарлайды. Шекара өкілдері орынбасарлары шекара өкілдерінің міндеттерін орындау кезінде, олардың шекара өкілдері сияқты құқықтары мен міндеттері болады.
Шекара өкілдері өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға, шекара өкілдерінің қызмет учаскелері туралы хаттамада айқындалатын мемлекеттік шекара учаскелері шегінде, осы Келісімде айқындалатын өкілеттіктерге сәйкес бір-бірімен ынтымақтаса отырып, өз міндеттерін орындайды. Жазбаша өкілеттіктерді (үлгі-1-қосымша): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|