|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 526, 527, 528 (құпия), 529, 530, 531, 531-1, 532, 533, 534 (құпия), 535, 536, 537, 538, 539, 540, 541, 542, 543, 544, 545, 546, 547, 548, 548-1, 549, 550, 551, 552, 553, 554, 555, 556, 557, 558, 559, 560, 561, 562, 563, 564, 565, 566, 567, 568-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 526-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 526-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі ________________________________ Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2003 жылға арналған 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 317202 мың теңге (үш жүз он жетi миллион екi жүз екі мың теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 21, 22, 23, 24, 25-баптары, "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталынатын Қазақстан Республикасы қызметкерлерi органдарының бiрыңғай еңбек жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы, "Штат лимитiнiң құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысы. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінiң орталық және аумақтық құрылымдарының аппараттары қызметтерiн қамтамасыз ету үшiн олардың функцияларына жүктелгендердi барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу. 5. Бюджет бағдарламасының мiндетi: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық және аумақтық құрылымдары аппараттарын ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 527-қосымша Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі ________________________________ Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2002 жылға арналған 010 "Кадрлардың біліктілігiн арттыру және оларды қайта даярлауы" республикалық бюджет бағдарламасы ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1 023 мың теңге (бip миллион жиырма үш мың теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңының 3-бабы, "Мемлекеттік қызметкерлердi оқытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысы. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: өз қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн біліктілік талаптарын көрсете отырып кәсiби қызмет саласындағы білім беру бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық білімдерiн, бiлгiрлiгiн және дағдыларын жаңғырту. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: мемлекеттік қызметкерлердiң құзыреттілігi мен кәсiби біліктілігiн көтеру. 6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудың күтiлетiн нәтижелерi: Қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға және мемлекеттік ресурстық мүмкiндiктерiне сәйкес Кәсiби мемлекет қызметкерлерiнiң талаптарына жауап беретiн мемлекеттік қызметкерлердi қатаң жүйеде сапалы оқытуды қалыптастыру мен дамыту жолымен мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн көтеру. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 529-қосымша Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі ________________________________ Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2003 жылға арналған 031 "Құрылыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 24 000 мың теңге (жиырма төрт миллион теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 28 және 29-баптары, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңы, "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысы, "Республиканың сейсмикалық қауiптi аудандарындағы үйлер және ғимараттардың сейсмикалық төзiмдiлiгiн арттыру жөнiндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 28 ақпандағы № 308 қаулысы. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: сейсмикалық қауiптi әрi қирату мүмкiндiгi бар жер сiлкiнiсi мен басқа да табиғи апаттың геологиялық және техногендiк құбылыстардың залалын төмендету жөніндегі мiндеттердi iске асыру негiзiнде жаңа техникалық нормаларды әзiрлеу, iргетастар мен негiздемелердi есептеу әдiстерiн жетiлдiру. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: жобалау үшiн жаңа тиiмдi конструктивтi шешiмдердiң фундаменттерi мен негiздемелерiн әзiрлеу және зерттеу; ғимараттар мен соғындылардың сейсмикалық әсер етуiне құралдық байқау және нақты жер сiлкiнiсiн инженерлiк талдау негiзiнде мемлекеттік нормативтердi жетiлдiру жөніндегі ұсыныстар әзiрлеу. Жаңа құрылыс үшiн жергiлiктi шикiзат ресурстарынан түрлi мақсаттағы жылу материалдарының жаңа тиiмдi технологияларын әзiрлеу және зерттеу. 6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтілетiн нәтижелер: 12 жаңа тақырып бойынша ғылыми зерттеулердi орындау және 4 жалғастыру тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын аяқтау. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 530-қосымша Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі ________________________________ Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2003 жылға арналған 032 "Республикалық деңгейдегi жобалау-iздестiру, конструкторлық және технологиялық жұмыстар" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 60 000 мың теңге (алпыс миллион теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 28 және 29-баптары, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы, "Өрт қауіпсiздігi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы, "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген, "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн дамыту жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысы, "Республиканың сейсмоқауiптi аймақтарындағы құрылғылар мен сейсмикалық шыдамды ғимараттарды көтеру жөнiндегі жедел шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 28 ақпандағы № 380 , "Мемлекеттік қала құрылысы кадастры туралы" 1995 жылғы 6 шiлдедегi № 931 қаулысы. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және құрылыс саласында нормативтiк-техникалық базаны жетiлдiру. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: Құрылыс жобалау және сәулет қала құрылысы қызметi саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды қайта даярлау және әзiрлеу; құрылыс өнеркәсiбi саласындағы нормативтiк құқықтық құжаттарды қайта даярлау және әзiрлеу; тұрғын-үй шаруашылығындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды қайта даярлау және әзiрлеу; баға құрау саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды қайта даярлау және әзiрлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 2003 жылы 200 бірлік нормасы дайындалатын болады. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 531-қосымша Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі ________________________________ Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2003 жылға арналған 033 "Құрылыс саласындағы халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарды сатып алу" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 15 000 мың теңге (он бес миллион теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы, "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс қызметi жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қарашадағы қаулысы, "Мемлекеттік қала құрылысы кадастры туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 6 маусымдағы № 931 қаулысы, "ТМД елдерi шеңберiнде ғылыми-техникалық ынтымақтастықты және келісімдердi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1992 жылғы 22 маусымдағы № 540 қаулысы және 1994 жылғы 18 тамыздағы № 2.1. Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі арасындағы Келісім. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: жобалаудың нормативтiк базасын жаңарту, экономиканың базалық салалық объектiлерiн салу, сондай-ақ қолданыстағы нормативтердi Тәуелсiз мемлекеттер Достастығы елдерiмен Еуропалық, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң стандарттары мен нормаларына үйлестiру. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: қала аумақтарды Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң өзара мүдделерiн көздейтiн объектiлердi жобалау мен салуға арналған нормалардың талаптарымен үлестiрiлген халықаралық нормалары мен ережелер, стандарттар саласында негiзге алынатын құжаттарды сатып алу; объектiлердiң төзiмдiлiгi, сенiмдiлiгi, өрт-жарылыс қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi, жылу-энергетикалық ресурстарды үнемдеудi қамтамасыз ету проблемалары бойынша iздестiруге, жобалауға, салуға арналған жалпытехникалық нормативтiк құжаттар базасын қалыптастыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республиканың құрылыс кешенiн дүниежүзiлiк талаптарға сәйкес келетiн және сауда-экономикалық қатынастарға кедергiлердi жоятын 54 бірлікте мемлекетаралық нормалар және стандарттармен қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 531-1-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 бұйрығына 531-1-қосымша Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі _________________________________ Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2003 жылға арналған 034 "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясын құру" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 7700000 мың теңге (жетi миллиард жетi миллион теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Ішкi және сыртқы саясатты" 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" 2003 жылғы 4 сәуірдегі Жолдауы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы, Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 8 мамырдағы № 442 қаулысы. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: сыртқы рынокта қазақстандық өңдеу өнеркәсiбi тауарларының бәсеке қабiлетiн жоғарылату үшiн экспорттық операцияларды сақтандыруды жүзеге асыру. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: "Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" Ашық акционерлік қоғамының жарғылық қорын қалыптастыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7- Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 1) Сандық өлшемдер: Экспорттың жалпы көлемiнiң 20%-ша жуығын құрайтын қосылған құны жоғары тауарларды қазақстандық экспорттаушыларға кепiлдемелер ұсыну; 2) Сапалық өлшемдер: Қажеттілiктер үшiн ақысыз, икемдi және бейiм қызметтi құру жолымен бiр мезгiлде елiмiзде және шетелде қаржылық жағынан күштi және сенiмдi серiктес экспорттаушылар мен отандық тауарлар экспортын қаржыландыратын ұйымдарға сақтандыру және кепiлдемемен қолдау көрсету. 3) Тиiмдiлiк өлшемдер: Кәдiмгi сақтандырумен қамтылмай пайда болатын тәуекелдердi өтеу жолымен экспорттық операцияларды жүргiзу кезіндегі тәуекелдердi төмендету; 4) Нәтижелiк өлшемдер: Жоғары деңгейде өңделген отандық өнiм экспортының өсiмi, ел экономикасының дамуы, жаңа өндiрiс түрлерiн игеру. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 532-қосымша Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі ________________________________ Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2003 жылға арналған 035 "Астана қаласы жаңа орталығының объектiлерiн салуға мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөнiнде конкурстар өткізу" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1 000 мың теңге (бiр миллион теңге). 2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік сатып алулар туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы № 357-1 Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы; "Астана-жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының құрылыс нысандарының кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1458 қаулысы. 3. Қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Мемлекеттік сатып алулар туралы шарттарды мейлiнше тиiмдi жағдайларына бағытталған және әлеуеттi берушiлер арасындағы бәсекелестiктi көздейтiн конкурстарды өткізуге және ұйымдастыруға арналған шығыстарды өтеу. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: орындаушыларды айқындауға арналған конкурстарды өткізу мен конкурстық құжаттамаларды дайындау үшiн қолайлы жағдайлар жасау; конкурс қорытындысы мен өткізу шарттары туралы хабарламаның ресми мөрiнде жариялау жолмен әлеуетті жеткізушiлердi хабарлау; тиiстi қаржы жылына арналған жұмыстар мен қызмет көрсетулер берудi iріктеу.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |