|
|
|
Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 Қаулысымен күші жойылды
«Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 316 бұйрығын қараңыз
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 265 қаулысымен бекітілген
Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу
1. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу ережесi «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, шаруашылық автомобиль жолдарын, қалалар мен елдi мекендердің көшелерiн мемлекеттік есепке алу тәртібін белгiлейдi (бұдан әрi - автомобиль жолдары). 2. Осы ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады: автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу - автомобиль жолдары саласындағы уәкiлеттi органның (бұдан әрi - жол органы) автомобиль жолдарын паспорттау негiзiнде деректер банкiн құру; автомобиль жолдарының паспорты - жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзу нәтижесінде алынған автомобиль жолдарының техникалық және пайдалану сипаттамасы туралы деректерiн қамтыған техникалық құжат; жолдарды техникалық есепке алу - автомобиль жолдарының паспортын жасау үшiн автомобиль жолдарына техникалық және пайдалану сипаттамасы туралы деректер жинағы. 3. Барлық автомобиль жолдары мемлекеттік есепке алуға жатады. 2. Мемлекеттік есепке алуды жүргiзу тәртібі 4. Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу мақсатында жол органы жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзедi, деректер банкінің құрылуы негiзiнде автомобиль жолдарының паспорты қалыптасады. 5. Жолдарды техникалық есепке алу мынадай кезеңдердi көздейдi: 1) дайындық; 2) далалық; 3) камералдық жұмыстар. 6. Дайындық жұмыстары кезiнде жол органдары бағдарлама жасайды, онда жұмыстардың көлемi, еңбек және көлiк шығындары, жұмыстардың орындалу мерзiмi анықталады. 7. Дала жұмыстары кезiнде жолға (объектiге) қатысты жолдың сипаттамасы және параметрi туралы деректер жинау орындалады. 8. Камералдық жұмыстар кезінде дала жұмыстарын өңдеу және техникалық құжаттарға жол органы белгiлейтiн сипаттамасы мен параметрi туралы деректер енгiзудi жүргізедi. 9. Мемлекеттік есепке алу республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүргiзiледi. 10. Техникалық есепке алуды және паспорттауды жүргiзуге жол органы жасайтын мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген шарттар бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру және басқа да мамандандырылған ұйымдар тартылады. 11. Жаңадан салынған, қайта жаңғыртылған және пайдалануға берiлген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн техникалық есепке алу дала жұмыстарын орындаусыз қолдағы жобалық немесе орындаушылық құжаттама негізінде жүргiзуге жiберiледi. 12. Жаңадан салынған, қайта жаңартылған және пайдалануға берiлген автомобиль жолдарын техникалық есепке алу мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілері бекітiлгеннен кейiн алты айдан кешiктiрілмей жүргiзiледi. 13. Жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзу нәтижесінде алынған автомобиль жолдарының техникалық және пaйдалану сипаттамасы туралы деректер негiзiнде жол органы бекiтетiн автомобиль жолдарының паспорты, нысаны қалыптасады. 14. Автомобиль жолдарының паспортына, және деректер банкiне, жыл сайын 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша өзгерістер енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |