Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетiн құру туралы (2023.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемін: 1. Мемлекеттік мекеме - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетi (бұдан әрi Комитет), оған таратылатын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының функциялары және мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі өкiлеттiгi берiле отырып, құрылсын. ҚР Президентінің 2017.13.10. № 563 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қоса берiлiп отырған Комитет туралы ереже бекiтiлсiн. 3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2001 ж., № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн: жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада: мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет 107 Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттiң аумақтық органдары 534»; «Қазақстан Республикасы Прокуратурасының қарауындағы мемлекеттік мекемелер Құқықтық статистика және ақпарат орталығы 641» деген жолдар алынып тасталсын. 4. Қазақстан Республикасының Yкіметі: 1) өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн; 2) Комитет қызметiн қаржыландыруды республикалық бюджет қаражатының есебiнен қамтамасыз етсiн; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|