|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегi № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін: 2-тармақта "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының және" деген сөздер алынып тасталып, "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының директорлар кеңестерiнің" деген сөздер "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының директорлар кеңесінiң" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: 1, 2, 3, 4, 5, 6-тармақтар осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын; 7-тармақта "Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi" деген жол мынадай мазмұндағы "Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi" деген жолмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын: "9. "Эйр Қазақстан" ЖАҚ: Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Президентінiң көмекшiсi, төраға; Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi; Нығматулин Нұрлан Зайруллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi; Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Нөгербеков Серiк Нөгербекұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қаржылық реттеу департаментiнiң директоры; Қалиев Еркiн Жәкенұлы - "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-тың президентi. 10. "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық компаниясы" ААҚ: Әбiқаев Нұртай Әбiқайұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнің Басшысы, төраға; Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi; Поспелов Николай Николаевич - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнің орынбасары; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы; Метте Виталий Леонидович - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық компаниясы" ААҚ-тың президентi; көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы 1-тармақ алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 сәуірдегі № 328 қаулысына қосымша 1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ: Әбiқаев Нұртай Әбiқайұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға; Әшiмов Нұрғали Сәдуақасұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi; Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары; Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінің төрағасы; Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-тың президентi. 2. "Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания" AAҚ: Жабағиев Қожахан Көкiрекбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға; Оразбаев Бірлік Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi; Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi; Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ-тың президентi. 3. "Қазпочта" ААҚ: Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға; Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетi төрағасының орынбасары; Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Абдулина Нәйла Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы - "Қазпочта" ААҚ басқармасының төрағасы. 4. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ: Күрiшбаев Ақылбек Қажығұлұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төраға; Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi; Боос Владимир Викторович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары; Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Әзiмов Руслан Жұмабайұлы - "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ-тың президентi. 5. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ: Оразбаев Бірлік Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға; Ысқақов Нұрлан Әбдiлдаұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi; Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы; Жәкiшев Мұхтар Еркiнұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ-тың президентi. 6. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ: Өтембаев Ержан Әбiлхайырұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төраға; Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi; Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары; Тоқсейiтов Рақымберген Құрманғалиұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы; Атамқұлов Ерлан Дүмшебайұлы - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-тың президентi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |