|
|
|
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi (2008.16.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) және Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкаларын тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкалары бекітілсін. 2. "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 наурыздағы № 373 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 89-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2003 жылғы 16 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкалары ҚР Үкіметінің 2008.16.10. № 959 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкалары: 1) меншiк, шаруашылық жүргiзу, жедел басқару, сенiмгерлiк басқару, кепiл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқасы) құқықтарының туындауын тiркегенi үшiн: пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектілерiмен), шаруашылық құрылыстарына - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын; көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектiлерiмен), тұрғын үйдегi тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа - алым төлеген күнi қолданыстағы сегiз есе айлық есептік көрсеткiштi; гараждарға - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын; мыналардан тұратын тұрғын үйге жатпайтын мүлiктiк кешендерге (үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға): бiр объектiден - алым төлеген күнi қолданыстағы он есе айлық есептiк көрсеткiшті; жеке тұрған екiден беске дейiнгi объектiден - алым төлеген күнi қолданыстағы он бес есе айлық есептiк көрсеткiштi; жеке тұрған алтыдан онға дейiнгi объектiден - алым төлеген күнi қолданыстағы жиырма есе айлық есептiк көрсеткiштi; жеке тұрған оннан жоғары объектiден - алым төлеген күнi қолданыстағы жиырма бес есе айлық есептiк көрсеткiштi; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн: көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектiлерiмен), тұрғын үйдегi тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа, тұрғын үйге жатпайтын мүлiктiк кешендерге (үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға) - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштi; 2) жер телiмiне құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тiркегенi үшін: меншiк, жердi пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептік көрсеткiштiң 50 пайызын; 3) сервитутты (объектiлерден тәуелсiз) тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын; 4) кондоминиум объектiсiн тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштi; 5) ипотекалық куәлiк бергенiн және оны кейiннен басқа иесiне берудi тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептік көрсеткiштiң 25 пайызын; 6) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын бергені үшін- алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын; 7) құқық иесiнiң деректерінің, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сәйкестендiрiлген сипаттамасының өзгерiстерiн тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын; 8) опат болуы, бұзылуы нәтижесiнде және құқығының ауысуына байланысты емес өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлiкке құқықтарының тоқтатылуын тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын; 9) құқығының үшiншi тұлғаға ауысуына байланысты емес, ауыртпалықтың тоқтатылуын тіркегені үшiн, оның ішінде жылжымайтын мүлiк ипотекасының тоқтатылуын тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын; 10) олар бойынша мiндеттемелер ипотекамен қамтамасыз етілген банктiк қарыз шарты бойынша талаптардан қайтуды тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын; 11) құқықтың (құқық ауыртпалығының) немесе өзге де заңи фактiлердiң туындауына негiз болып табылатын шарт талаптарының өзгеруi нәтижесінде құқықтың немесе құқық ауыртпалығының өзгеруiн тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын; 12) жылжымайтын мүлiкке өзге құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалықтарын тiркеген үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын; ҚР Үкіметінің 2008.16.10. № 959 Қаулысымен 13) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 13) заңдық талаптарды тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткіштің 25 пайызын ҚР Үкіметінің 2005.01.09. № 891 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік тiркегенi үшiн нөлдiк алым ставкасы белгiленсiн: 1) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен мемлекеттік органдар салық салатын (жүргізетiн) жылжымайтын мүлiкке құқық ауыртпалығын; 2) республикалық меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары үшiн мемлекеттік меншiкке жатқызылған жылжымайтын мүлiкке құқықты; ҚР Үкіметінің 2007.12.09. № 799 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген белгiлi бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде және мерзiмде жүргiзiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) жүйелі тiркеу кезiндегi жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi. ҚР Үкіметінің 2008.16.10. № 959 Қаулысымен 3-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтары) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мынадай ставкалар бойынша мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлеген кезде екі жұмыс күні ішінде жеделдетілген тәртіппен жүргізіледі:* 1) меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқасы) құқықтарының туындауын тіркегені үшін: пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектілерімен), шаруашылық құрылыстарына - алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті; көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектілерімен), тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа - алым төлеген күні қолданыстағы елу есе айлық есептік көрсеткішті; гараждарға - алым төлеген күні қолданыстағы жиырма есе айлық есептік көрсеткішті; мыналардан тұратын тұрғын үйге жатпайтын мүліктік кешендерге (үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға): бір объектіден - алым төлеген күні қолданыстағы елу есе айлық есептік көрсеткішті; жеке тұрған екіден беске дейінгі объектіден - алым төлеген күні қолданыстағы елу бес есе айлық есептік көрсеткішті; жеке тұрған алтыдан онға дейінгі объектіден - алым төлеген күні қолданыстағы алпыс есе айлық есептік көрсеткішті; жеке тұрған оннан астам объектіден - алым төлеген күні қолданыстағы алпыс бес есе айлық есептік көрсеткішті; 2) меншік, жерді пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) - алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті; 3) ипотекалық куәлік бергені және оны кейіннен басқа иесіне беруді тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы қырық айлық есептік көрсеткішті; 4) құқық иесінің деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендірілген сипаттамасының өзгерістерін тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті; 5) опат болуы, бұзылуы нәтижесінде және құқығының ауысуына байланысты емес өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықтарының тоқтатылуын тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті; 6) құқығының үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықтың тоқтатылуын тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүлік ипотекасының тоқтатылуын тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті; 7) олар бойынша міндеттемелер ипотекамен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша талаптардан қайтуды тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті; 8) құқықтың (құқық ауыртпалығының) немесе өзге де заңи фактілердің туындауына негіз болып табылатын шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде құқықтың немесе құқық ауыртпалығының өзгеруін тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті; 9) жылжымайтын мүлікке өзге құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауыртпалықтарын тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы қырық екі есе айлық есептік көрсеткішті құрайды.
ҚР Үкіметінің 2008.16.10. № 959 Қаулысымен ескертпемен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Ескертпе: * 3-тармақта көзделген ставкалар Алматы, Ақтау, Көкшетау, Қостанай қалаларында қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |