|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің «Денсаулық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегi агенттiгiнiң «Денсаулық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсiпорны мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан өзге де шараларды қабылдасын. 4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |