|
|
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Қорғаныс (2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi (бұдан әрі - Комитет) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттi таратуды жүзеге асырсын, Министрлiкке берiлетiн ұйымдастыру техникасы мен автокөлiктi қоспағанда, оның мүлкін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне берудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын. 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру бекітілсiн. 4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен eкі рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 657 қаулысы; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн 43-тармағының өзгертулері (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж. № 35, 327-құжат); 3) "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрі сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiліктілiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегi № 763 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 233-құжат). 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен басып күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 952 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның ішінде жекешелендiрудің алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнің тiзбесiнде: 1-тармақтағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетінің," деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің," деген сөздермен ауыстырылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2008.12.03. № 243 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 7. ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 614 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |