|
|
|
«Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдік беру
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 318 Қаулысымен күші жойылды
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығын, "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 наурыздағы № 239 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдік беру қоры" акционерлік қоғамына қатысушы астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн өтеу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 27 маусымдағы № 624 қаулысымен бекітілген "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" акционерлік қоғамына қатысушы астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн өтеу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" акционерлік қоғамына қатысушы астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн өтеу тәртібін анықтайды. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: 1) кепiлдiк жағдайы - уәкiлеттi органның аумақтық басқармасы растаған Қатысушының астық сақтау қоймаларында (астық қабылдау пункттерiнде, элеваторларда) жеткiлiктi көлемдегi астықтың және (немесе) қажеттi сападағы астықтың жоқтығын бiлдiретiн Қатысушының мiндеттемелердi орындамау фактiсi; 2) кепiлдiк жағдайының туындаған күнi - Қатысушының мiндеттемелердi орындамау фактiсiн растайтын құжатты уәкiлеттi органның аумақтық басқармасының берген күнi; 3) қатысу шарты - Қор мен астық қабылдау кәсiпорнының арасында жасалатын шарт, оның негiзiнде соңғысы астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру жүйесiне қатысады; 4) квота - қайтару жөніндегі жауапкершiлiкке Қор кепiлдiк беретiн әрбiр Қатысушы бойынша Қор белгiлейтiн астық лимитi; 5) тараптардың әдiлетсiз iс-әрекеттерi - кепiлдiк жағдайының туындауына бағытталған не оның туындауына ықпал ететiн, оның iшiнде ымыраласу шындыққа сай келмейтiн ақпараттарды ұсыну арқылы астық қолхаттарын ұстаушылардың және Қатысушылардың қасақана жасаған заңсыз iс-әрекеттерi; 6) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру жүйесi - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдастыру-құқықтық нормаларының кешенi; 7) бағалар кестесi - кепiлдiк төлемдердiң мөлшерiн анықтау үшiн қажеттi және астықтың сапасына сәйкес белгiлi бiр кезеңге Қор белгiлеген астықтың құны көрсетiлген құжат; 8) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі; 9) Қатысушы - астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, онымен Қор қатысу шартын жасаған және қатысу шарты қолданылатын астық қабылдау кәсiпорны; 10) Қор - коммерциялық емес ұйым болып табылатын "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" акционерлік қоғамы. 2. Қатысушылардың мiндеттемелерiн өтеу тәртібі 3. Кепiлдiк жағдай туындаған кезде Қор астық қолхатын ұстаушыға "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңында (бұдан әрi - Заң) және осы Ережеде белгiленген тәртiппен, шартпен және мөлшерде Қатысушыда анықталған жетiспейтiн астық құнын ақшалай төлейдi. 4. Қор кепiлдiктерiнiң қолданылу мерзiмi Қор жазу жазған күннен бастап он екі айға (не кепiлдiктi берген кезде көрсетiлген өзге мерзiмге) тең уақыт кезеңiн құрайды. Қор кепiлдiгi сол сияқты заңнамада белгiленген тәртiппен астық қолхатын өтеген жағдайда қолданылуын тоқтатады. 5. Қор Қатысушы болып табылмайтын астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындауға кепiлдiк бермейдi. 6. Қатысушы астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн өтеудi Қор кепiлдiк алу мынадай жағдайларды сақтай отырып iске асырылған кезде жүзеге асырылады: 1) Қордың кепiлдiгiн алған кезде Қатысушы берген астық қолхатын ұстаушы Қорға: кепiл және қойма куәлiктерi бөлiнбеген астық қолхатын; егер осы астық қолхатын ұстаушы Заңға сәйкес астықтың иесi болған жағдайда, астық қабылдау кәсiпорнына астықтың түскенi туралы Қатысушының белгiсi бар тауар-көлiктiк жүк құжатының көшiрмесiн; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi шешiмiмен бекітілген астықты сақтауға көпшiлiк шарттың үлгiлi нысанына сәйкес келетiн сақтау шартының көшiрмесiн; Қатысушының аталған астық қолхатын квотағa енгiзуi туралы өтiнiшпен iлеспе хатын бергенде; 2) Қордың кепiлдiк беруi: Қатысушы үшiн белгiленген квотаның шегiнде; астық қолхатын заңды ұстаушы болып табылатын тұлғаға; осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды бере отырып жүзеге асырылғанда. 7. Кепiлдiк жағдайы туындаған кезде Қор кепiлдiк берген астық қолхатын ұстаушы ол туындаған күннен бастап 10 күн iшiнде кепiлдiк төлемiн алу үшiн Қорға жүгiнедi. 8. Кепілдiк төлемiн алу үшiн Қорға: 1) кепiлдiк төлемiн алу туралы талапты бiлдiрген өтiнiш; 2) Қатысушының астық қоймаларында (астық қабылдау пункттерінде, элеваторларда) жеткiлiктi мөлшердегi астықтың және (немесе) белгiленген сападағы астықтың болмауы туралы уәкiлеттi мемлекеттік органның (астық инспекторының) құжаты (анықтама, акт); 3) астық қолхатының (кепiл не қойма куәлiктерiнiң) нотариалды расталған көшiрмесi; сақтау шартының көшiрмесi - егер астық қолхатын немесе қойма куәлiгiн ұстаушы жүгiнсе; заем шарты мен кепiл шарты пайдасына астық кепiлденген тұлға жүгiнген жағдайда. Талаптарды қанағаттандыру туралы шешiм қабылданған жағдайда жоғарыда көрсетiлген құжаттардың түпнұсқалары берiледi; 4) егер астық қолхатын ұстаушы жеке тұлға болса - жеке басы куәлігінiң (төлқұжатының) көшірмесі, ал егер заңды тұлға болса - өтiнiш иесiнiң мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң көшiрмесi ұсынылады. 9. Қор астық қолхатын ұстаушының талабын 10 жұмыс күнi ішiнде қарайды және оны қанағаттандыру туралы не орындаудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Талаптарды қарауға кепiлдiк жағдайының туындауына жол берген Қатысушы тартылады. 1) кепiлдiк жағдайы болмаған; 2) тараптардың әдiлетсiз iс-әрекеттерi анықталған; 3) форс-мажор оқиғасы болған; 4) астық қолхатын ұстаушылардың Қатысушыдан берешекті өндiрiп алу мақсатымен сотқа (төрелiк сотқа) жүгiну фактiлерi расталған; 5) осы Ережеде белгiленген Қорға жүгiну мерзімдерi аяқталған; 6) астық қолхаты бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру жөніндегі Қор мiндеттемелерiнiң қолданылу мерзiмi аяқталған; 7) егер талаптарды қарау мерзiмiнiң iшiнде Қатысушы астық қолхаты (кепiл немесе қойма куәлiктерi) бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындаған; 8) астық қолхатының екi бөлiгiнде де лауазымды тұлғаның қолымен және Қордың мөрi басылған, жазудың жазылған күнiн көрсетіп, мынадай мазмұндағы: "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" АҚ кепiлдiк бердi" деген жазу болмаған жағдайларда кепiлдiк төлемдi жүзеге асыру туралы талапты қанағаттандырудан бac тартады. 11. Қор астық қолхатын ұстаушының дәлелді өтiнiшi бойынша Қорға жүгiну мерзiмiн қалпына келтiруге құқылы. 12. Мiндеттемелердiң орындалмауына жол берген Қатысушыға уақытша басқаруды енгізу, Қатысушыны қайта құру Қатысушыны астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру жүйесiнен шығару астық қолхатын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартуға негiз болып табылмайды. 13. Астық қолхатын ұстаушының талаптарын қанағаттандыру туралы шешiм қабылданған жағдайда Қор шешiм шығарылған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде астық қолхатын ұстаушыға кепiлдiк төлемiн жүргiзедi. 14. Астық қолхатын ұстаушыға Қатысушы астық қолхаты (қойма немесе кепiл куәлiктерi) бойынша бермеген астықтың ғана құны өтеледi. 15. Қор жыл сайын өзiнiң кепiлдiктерiнiң барлық қолданылу кезеңiне кепiлдiк төлемдерi жүргiзiлетiн астық бағасының кестесiн бекiтедi. Қор баға кестесiне өзгерiс енгiзе алады, бiрақ бұрын берiлген кепiлдiктерге Қор кепiлдiк берген сәтте қолданылған баға кестесi бойынша есептiк баға қолданылады. Баға кестесiн астық рыногындағы қалыптасқан бағаны ескере отырып, Қор бекiтедi. 16. Кепiлдiк төлем үш көрсеткiш туындысы ретiнде анықталады: 1) астық қолхатында көрсетiлген астық көлемi; 2) баға кестесi бойынша астық қолхатында (кепiл немесе қойма куәлiктерiнде) көрсетiлген астықтың сапасына ұқсас сапа көрсеткiштерi бойынша бiр тонна астықтың құны; 3) 0,8 аспайтын мөлшерде Қор белгiлеген төлем коэффициентi. 17. Астық қолхатын ұстаушының Қатысушының алдында астықты сақтау бойынша берешегi болған жағдайда кепiлдiк төлемiнен астықты сақтау бойынша берешек сомасы шегерiледi. 18. Егер өтеу айыппұл мен өсiмақыны ескере отырып, астық қолхатында көрсетiлген қарыз алушының берешегiнiң нақты мөлшерiнен артық болса, онда кредит берушi оны алған сәттен бастап үш банктiк күн iшiнде қарыз алушыға Қорға қойма куәлiгiн беруге қарсы айырманы аударуға мiндеттi. 19. Егер Қатысушы астық қолхаты (кепiл және (немесе) қойма куәлiгi) бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн iшiнара орындаған жағдайда Қор астықтың Қатысушы бермеген бөлiгiн ғана өтейдi. 20. Кепiлдiк төлем теңгемен жүзеге асырылады. Кепiлдiк төлем Қор мен астық қолхатын ұстаушының өзара келісімi бойынша астықпен жүзеге асырылуы мүмкін. 21. Қор астық қолхатын ұстаушыға кепiлдiк төлемiн жүзеге асыру бойынша мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн тез арада соңғысы оған тапсыру жазуын жазу арқылы оны Қордың пайдасына бередi және Қор Қатысушыға кредит берушi құқығына ие болады. 22. Қатысушының бермеуi салдарынан кепiлденген астық құнынан өзiнiң талаптары қанағаттандырылмаған астық қолхатының кепiл куәлiгiн ұстаушылар, сондай-ақ кепiлдiк төлемiн алу үшiн Қорға жүгінуге құқылы. 23. Егер құнын Қор өтеген астық осы Ережеге сәйкес астық қолхатын не кепiл куәлiгiн беру арқылы кепiлзаты болып табылған жағдайда астық қолхатын ұстаушы, сондай-ақ заем шарты бойынша Қорға талап ету, Қор кепiлдік төлемi бойынша өтеген ақша сомасы бөлiгiнде астықпен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердiң орындалу құқығын бередi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |