|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде: «Үкiметтiң мәжілістерiн дайындау және өткізу тәртібі» деген 4-бөлімі 18-тармағының 2) тармақшасында:»(қарiптің түрi мемлекеттік тілдегi мәтiндер үшiн - «Times/Каzаkh», орыс тiліндегi мәтiндер үшiн - «Arial)»деген сөздер «мемлекеттік және орыс тiлдерiнде қаріптiң гарнитурасы «TimesNewRoman» деген сөздермен ауыстырылсын; «Мемлекеттік органдардың Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерінің жобаларын дайындау және ресiмдеу тәртібі» деген 5-бөлiмнің 35-тармағында»(қаріп үлгiсi мемлекеттік тiлдегi мәтiндер үшiн «Times/Каzаkh», орыс тіліндегi мәтiндер үшiн - «Arial»; қаріп мөлшерi 14)»деген сөздер «мемлекеттік және орыс тілдерінде - қаріп мөлшерi 14, қарiптің гарнитурасы «TimesNewRoman», кодтау стандарты ҚР СТ 1048-2002 стандартына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |