Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту
туралы өтiнiштi жасау ережелерiн бекіту туралы (312.00-нысан) Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының
2003 ж. 5 қыркүйектегі № 352 бұйрығы
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2004 жылғы 27 мамырдағы № 254 бұйрығымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 4-тармағын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштi жасау ережелерi (312.00-нысан) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң Әдiстеме басқармасы (Ж.С.Есмағамбетова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге жiберсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi Төрағасының орынбасары Н.Д. Усеноваға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға
"Импортталатын тауарларға
қосылған құн салығын төлеу
мерзiмiн өзгерту туралы
Өтiнiштi жасау ережелерiн
бекіту туралы (312.00-нысан)"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігi Салық
комитетi Төрағасының
2003 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 352 бұйрығымен бекітілген
Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу
мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштi жасау ережелерi
(312.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын (бұдан әрi - ҚҚС) төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштi жасау тәртібін айқындайды. Өтiнiш бiр шарт (келісім-шарт) бойынша импортталатын тауарлардың әрбiр жеткiзiлiмiне жасалады.