|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404
ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 1-тармақта: 3) тармақшадағы "1, 2 және 3" деген сандар "1, 2, 3 және 4" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) осы қаулыға 4-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық корпусқа қызмет көрсетудi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлік қоғам таза кiрiстiң 20 (жиырма) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды деп белгiленсiн"; 2) 2-тармақта: "Индустрия және сауда" деген сөздерден кейiн ", Сыртқы iстер" деген сөздермен толықтырылсын; "2 және 3" деген сандар "2, 3 және 4" деген сандармен ауыстырылсын; 3) 3-тармақтағы "1, 2 және 3" деген сандар "1, 2, 3 және 4" деген сандармен ауыстырылсын; 4) осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық корпусқа қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі акционерлік қоғам
«Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» ЖАҚ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |