|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен қаражат бөлу туралы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасының ?кіметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қыркүйектегi № 1408 қаулысына сәйкес әрi материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен шығарылған сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 756 920 (жетi жүз елу алты мың тоғыз жүз жиырма) теңге бөлiнсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 7 қарашадағы № 1115 қаулысына қосымша Азаматтық iстер бойынша орындалуға тиiс сот шешiмдерiнiң тiзбесі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |