|
|
|
Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 605-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы ?кіметінiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 150аб қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 605-қосымша Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi (бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) 600 "Республиканың бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетін есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған Паспорты 1. Құны: 3677 мың теңге (үш миллион алты жүз жетпіс жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Мемлекеттік аппараттық қызметін жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі іc-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сырттай бақылаудың ақпараттық-анықтамалық жүйесiн жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын автоматтандыру, мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесіне бiр мезгілде ену. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үздiксiз жұмыс істеуiн қамтамасыз ету, бақылау объектiлерiне барып қызметті қамтамасыз етуді қоса алғанда, жұмыс орындарын автоматтандыру және кеңейту, электрондық шығу документациясын дайындау, мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi қабылдайтын шешiмдердiң тиiмдiлiгiн және өзара келісімділігiн арттыру.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |