|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383
ҚР Үкіметінің 2006.14.12. № 1203 Қаулысымен күші жойылды
Қайталама қара және түстi металдардың рыногын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15 148-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 3-тармақта: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын; «Экономика» деген сөз «Индустрия» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Заңды тұлғалардың қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметтi лицензиялаудың ережесінде: 2-тармақтағы «Экономика» деген сөз «Индустрия» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Осы Ереженiң әрекетi қызметiнiң мәнi қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату болып табылмайтын заңды тұлғаларда жинақталған түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатуға қолданылмайды.»; 7-тармақтағы «металдар (қорытпалар)» деген сөздер «қорытпалар» деген сөзбен ауыстырылсын; бiрiншi абзацта «оның филиалдары мен өкiлдiктерiн қоса алғанда» деген сөздер алынып тасталсын; үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қабылдау пункттерi тек Лицензиаттың негiзгi өндiрiстiк базасы немесе филиалы (өкiлдiгi) орналасқан облыста, Астана және Алматы қалаларында ғана ашылуы мүмкiн. Лицензиар оң шешiм қабылдағаннан кейiн қабылдау пункттері олардың орналасқан жерi көрсетіліп, Лицензияға қосымшамен ресімделеді."; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: "13-1. Ұсынылған құжаттар парақ саны көрсетiлiп тiгiлген, мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның бiрiншi басшысы қол қойған болуы тиiс (құжаттардың көшiрмелерi нотариалды куәландырылған болуы тиiс)."; 19-тармақтағы "15 күннің" деген сөздер "30 күннiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 20-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Лицензиар оң шешiм қабылдағаннан кейiн филиалдар (өкілдiктер) олардың орналасқан жерiн көрсете отырып, Лицензияға қосымшамен ресімделедi."; 20-1 және 20-2-тармақтар алынып тасталсын; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "21. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жөніндегі қызметке (металлургиялық қайта жасауды қамтымайтын) Лицензия алуға үміткер заңды тұлғаларда мыналар болуы тиiс, оның iшiнде меншiк құқығында: 1) өрт қауiпсiздiгi, тау-кен-техникалық және экологиялық қадағалау талаптарына жауап беретiн санитарлық және құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келетiн мамандандырылған өндірiстiк база; 2) жер учаскесi (ұзақ мерзiмдi жалға алу құқығында пайдаланылуы мүмкiн). Аумақ қоршалған, күзетiлетін және мынадай мөлшерлерде болуы тиiс: түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 400 шаршы метр; қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемінде 1000 шаршы метр. Аумақ автокөлiк үшiн кiрме жолдармен және кiрме темір жолдармен қамтамасыз eтілуi тиiс. Сынықты жинау (дайындау), сақтау және қайта өңдеу орны асфальтталуы немесе онда қатты жабынды болуы тиiс; 3) санитарлық және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап беретiн жұмыс iстейтiн қызметкердi орналастыру үшiн қызметтiк үй-жай; 4) кемiнде 50%-i тiркелген және тау-кен-техникалық қадағалау саласындағы уәкілеттi органдар қызметтерiнің тиiстi рұқсаты бар электромагниттiк шайбамен не грейферлiк қапсырулармен жарақталуы тиiс кемінде жүк көтергiштiгi 5 тонна стационарлық немесе ұтқыр жүк көтергiш жабдық, сондай-ақ жүк көтергiш крандарды пайдалануға Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі берген мемлекеттік лицензияның болуы; 5) қара металдар сынығын отпен кесуге арналған жабдық, оның iшiнде қысыммен жұмыс iстейтiн сосудтарды пайдалануға Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі берген мемлекеттік лицензия болған кезде қысыммен жұмыс iстейтiн сосудтар (репициенттер); 6) оттегі және пропан бар баллондарды сақтауға арналған орын; 7) бас кәсіпорында қара металдардың салмағы жеңiл сынығын, су пышақтарды пакеттеуге арналған прес, жоңқаны сорттауға және ұсақтауға арналған қондырғы; 8) бас кәсiпорында кәсiпорындардан және ұйымдардан металл сынықтарын дайындау үшiн автокөлiк (КАМАЗ-дар, МАЗ-дар, автокрандар мен басқа да автокөлік); 9) таразы шаруашылығы (автомобиль, темір жол таразылары) және мемлекеттік тiркелiмге енгiзiлген, тиiстi орган тексерген басқа да метрологиялық жабдық; 10) қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлерi, маркалары мен сорттары бойынша бөлек сақтауға арналған контейнерлер немесе алаңдар; 11) түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын сақтауға арналған жабық үй-жайлар не қалқалар; 12) сынықтар мен қалдықтарды сорттауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар арнайы алаңдар немесе өндiрiстiк үй-жайлар; 13) өрт қауiпсiздігінің мiндеттi талаптарына жауап беретiн (МЕМСТ 12.1.004-76) және өрт сөндiру құралдарымен жарақталған өндiрiстiк объектiлер; 14) өрт cөндipу құралдарымен жарақталған түстi және қара металдардың жарылыс қаупi бар сынықтарына арналған қойма; 15) өнеркәсiптiк пайдалануға рұқсат етiлген, мемлекеттік тiркелiмге енгiзiлген және тиiстi орган тексерген қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейiн өлшеуге арналған дозиметрлiк жабдық; 16) МЕМС-тардың талаптарын орындауды қамтамасыз ететiн пайдаланатын жабдықпен жұмыс iстеуге арналған біліктi қызметкер және металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату мәселелерiне қатысты нұсқаулықтар; 17) аудиторлық ұйым растаған кемiнде 80 000 (сексен мың) айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі қысқа мерзімдi активтер; 18) заңды тұлға мен филиалдарды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктің көшiрмесi; 19) Лицензиат бекiткен Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау және қайта өңдеу жөніндегі нұсқаулық; 20) электронды мониторинг желiсiне қосуға және оны бас ұйым үшiн жүргiзуге арналған компьютерлiк техника мен тиiстi бағдарламалық қамтамасыз ету; 21) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы уәкiлеттi органның түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау және қайта өңдеу шарттары бойынша тексеру актiсi."; екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Лицензиат Лицензиарға жыл сайын Лицензиар бекiткен нысан бойынша есептіден кейінгi жылдың 15 наурызынан кешіктiрмей жылдың қорытындылары бойынша қызметi туралы есептi ұсынады. Тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күннен кешiктiрмей Лицензиат Лицензиар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетi бекiткен нысандар бойынша электронды мониторинг жүргiзу үшiн есептi Қаржы министрлігінің Салық комитетiне ұсынады."; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей Лицензиат тiркеу орны бойынша салық комитетiне сынық тапсырушының тегiн, атын және әкесiнiң атын, сынық тапсырушының СТН-ін, тапсырылған сынықтың санын, беруге арналған соманы және Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес ұсталған табыс салығының сомасы мен басқа да салықтарды төлеудi көрсете отырып, түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын дайындау туралы есептi ұсынады (электронды тасымалдаушыда)."; 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "28. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), қайта өңдеуді және сатуды тоқтатады, салық органының және әкiмдiктің өкілдерiмен бiрлесiп үш күн iшінде сынықтар мен қалдықтардың қалдығын түгендеу актісiн жасайды."; 3) көрсетiлген қаулымен бекітілген қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегi қызметке арналған лицензиялардың нысанының 2-қосымшасындағы "Елтаңба" және "Лицензия" деген бөлiмдер алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі: 1) бұрын белгiленген нысанға сәйкес нысан бойынша түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегі лицензиялардың берілуін қамтамасыз етсін; 2) үш ай iшiнде заңнамада белгiленген тәртiппен түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті лицензиялау саласындағы заңнама талаптары бұзылып берiлген лицензияларды қайтару жөнiнде шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |