|
|
|
«Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 80 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен Бекітілген
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
1. Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметіне лицензия алуға үміткер заңды тұлғаларға (бұдан әрі - заңды тұлғалар) қойылатын біліктілік талаптары мыналардың: 1) санитарлық-эпидемиологиялық, өрт, экологиялық, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін мамандандырылған өндірістік базаның (меншік құқығында); 2) кәсіпорындар мен ұйымдардан металл сынықтарын дайындау үшін автокөліктің (жүк автомобильдері мен басқа да автокөлік) (меншік құқығында); 3) аудиторлық ұйым растаған кемінде 80000 (сексен мың) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қысқа мерзімді активтердің; 4) мынадай мөлшерде: түсті металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс істеу үшін - кемінде 400 ш.м; қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс істеу үшін - кемінде 1000 ш.м автокөлік үшін кіреберіс жолдары бар және/немесе кіреберіс темір жол тұйықтары бар жер учаскелерінің (меншік және/немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығында); 5) заңды тұлғаның басшысы бекітетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі нұсқаулықтың; 6) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату шарттары бойынша зерттеу актісінің; 7) пайдаланылатын жабдықпен жұмыс істеу үшін арнайы дайындықтан өткен білікті персоналдың (шығыраншылар, пресшілер, газбен кесушілер) болуын қамтиды. 2. Мамандандырылған өндірістік база мыналарды: 1) оттегі және пропаны бар баллондарды сақтауға арналған орынды; 2) қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлері, маркалары мен сұрыптары бойынша бөліп сақтауға арналған контейнерлерді немесе алаңдарды; 3) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабық үй-жайды не асфальтталған немесе қатты жамылғылы орынды; 4) сынықтар мен қалдықтарды сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдығы мен құралдары бар арнайы алаңдарды немесе өндірістік үй-жайларды; 5) өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылған түсті және қара металдардың жарылу қаупі бар сынықтарына арналған қойманы; 6) персоналды орналастыруға арналған жеке үй-жай(лар)ды; 7) көтеру құрылғыларын пайдалануға лицензия болған кезде белгіленген тәртіппен тіркелген кемінде 50 %-ы электромагниттік шайбалармен не грейферлік қапсырулармен жарақталуы тиіс жүк көтергіштігі кемінде 5 тонна стационарлық немесе ұтқыр жүк көтергіш жабдықты; 3) қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалануға арналған лицензиясы болған кезде қара металдардың сынығын оттық кесуге арналған жабдықты, оның ішінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды; 9) қара металдардың жеңіл салмақты сынығын пакеттеуге арналған престерді, гидроқайшыларды, жоңқаны сұрыптауға және ұсақтауға арналған қондырғыларды; 10) олардың салыстырып тексерілгені туралы қолданыстағы сертификаты болған кезде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдарын (автомобиль және/немесе темір жол таразылары) мен басқа да метрологиялық жабдықты; 11) салыстырып тексерілгені туралы қолданыстағы сертификаты болған кезде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейін өлшеуге арналған дозиметрлік және радиометрлік жабдықты қамтиды. 3. Оларды металлургия пештерінде қайта балқыту жолымен түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеу үшін заңды тұлғаларда осы біліктілік талаптарының 1-тармағында көрсетілген талаптарға қосымша мыналар: 1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өнімді дайындаудың технологиялық регламенті; 2) өнеркәсіптік, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдармен келісілген және заңды тұлғаның басшысы бекіткен қайталама металдарды қайта өңдеу жөніндегі цехтың жұмыс жобасы, қорыту пешіне арналған техникалық құжаттама болуға тиіс. 4. Заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндірістік базасының бір бөлігі болып табылатын, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе филиалдың тіркелген орны бойынша өңірдің өзге жерінде аумақтық орналасқан учаскенің қызметі үшін 1-тармақтың 3) тармақшасын қоспағанда, 1-тармақта көрсетілген талаптар қойылады. 5. Заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндірістік базасының бір бөлігі болып табылатын, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның не филиалдың тіркеу орны бойынша өңірдің өзге жерінде аумақтың орналасқан қабылдау пунктінің қызметі үшін мыналардың: 1) қолма-қол ақшамен жұмыс істеуге ыңғайластырылған үй-жайдың (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары фискалдық жады бар бақылау-кассалық аппарат); 2) салыстырып тексерілгені туралы қолданыстағы сертификаты бар өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген таразы шаруашылығының; 3) қабылдау пунктінің лицензиатқа тиесілілігін растайтын құжаттардың (нотариус куәландыратын лицензия көшірмесі); 4) қабылдау пунктінің заңды тұлғаға тиесілілігі, лицензия нөмірі, жұмыс режимі көрсетілген маңдайша жазулардың; 5) кемінде 200 ш.м алаңның болуы талап етіледі. Пункт тұрғын үй мен өндірістік объектілерден қауіпсіз арақашықтықта орналасуы және өрт қауіпсіздігі мен санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес қоршалған, қорғалатын және оқшауланған болуы тиіс. 6. Бөлінбеген қорғасын аккумулятор батареяларын жинауға (дайындауға) және сатуға арналған лицензияны алуға үміткер заңды тұлғаларда мыналар: 1) бөлінбеген қорғасын аккумулятор батареяларын қабылдауға және сақтауға арналған үй-жайлар; 2) бөлінбеген қорғасын аккумулятор батареяларын тиеп жөнелтуге арналған алаң; 3) жеке қорғануға қажетті құралдар; 4) оларды қабылдау мен қайта өңдеушіге тиеп жөнелтуді қоспағанда, батареялармен ешқандай да операциялар жүргізбеуге лицензиардың алдындағы жазбаша міндеттемесі болуға тиіс. 7. Лицензиат түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын лицензияда және/немесе оған қосымшада көрсетілген заңды тұлғаның немесе оның филиалдарының (өкілдіктерінің) өндірістік базасының аумағынан, учаскесінен ғана тиеп жөнелтуді жүзеге асырады. 8. Жеке тұлғалар пайдалануда болған электротехникалық, өнеркәсіптік, әскери және зымыран-ғарыш түріндегі сынықтан, байланыс желісі кәбілдерінен, рельстерден, темір жол төсемінің және жылжымалы құрамның элементтерінен басқа, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын тапсыра алады. 9. Филиалдар (өкілдіктер) ашылған жағдайда лицензиат олардың осы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады. 10. Осы біліктілік талаптары өз өндірісі барысында және құрамында түсті және/немесе қара металдардың сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде заңды тұлғаларда пайда болған түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сату жөніндегі қызметке қолданылмайды. Бұл заңды тұлғалар түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасында түсті және қара металдарды жинауға (дайындауға), сақтау, қайта өңдеу және сатуға қолданыстағы лицензиясы бар кәсіпорындарға ғана сатады.
Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1203 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесi
1. «Қайталама түсті және қара металдар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 148-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 20 наурыздағы № 372 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 11, 122-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1294 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 48, 540-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 маусымдағы № 691 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 25, 326-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1370 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 50, 651-құжат). 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 340 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКА-ы, 2006 ж., № 15, 148-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |