|
|
|
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты ҚР Үкіметінің 2006.06.10. № 962 Қаулысымен күші жойылды
"Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 63 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етудiң ережесi 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудiң ережесi (бұдан әрi Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi. 2. Осы Ереже мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрiлiк заттармен (бұдан әрi - тауарлар) қамтамасыз етудiң тәртібін белгілейдi. 3. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын (бұдан әрi ұйымдар) жарақтандыруға арналған тауарлар халықтың ауруларын анықтау, емдеу және алдын алу мақсатында сатып алынады. 2-тарау. Ұйымдарды тауарлармен қамтамасыз ету тәртібі 4. Ұйымдарды тауарлармен қамтамасыз ету халықтың аурушаңдығының үрдiсi мен серпiнi, ауруларды диагностикалау мен емдеудiң озық әдiстерi, орын алған эпидемиологиялық ахуал ескеріле отырып, жүзеге асырылады. 5. Жыл сайын, 1 мамырға дейiн ұйымдар тиiстi республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi болып табылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органына (бұдан әрi - бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) есептi жылдан кейiнгi жылға арналған тауарларға қажеттiлiктi ұсынады. 6. Бұйымдардың тауарларға жалпы қажеттілiгiн қалыптастыру: 1) ұсынылған қажеттілiк деректерi; 2) тауарлардың өткен мерзiм ішінде нақты пайдаланылу мониторингi; 3) клиникалық сынақтар хаттамалары; 4) қолдану қауiпсiздiгi, пайдалану тиiмділігі және тауарлардың сапасы туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. 7. Ұйымдарды қамтамасыз ету үшiн сатып алынатын тауарлардың номенклатурасы мен көлемiн тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген қаражат шеңберiнде бюджеттік бағдарламаның әкімшiсі бекiтедi. 8. Ұйымдарды қамтамасыз ету үшiн тауарларды сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгiленген тәртiппен бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi жүзеге асырады. Бұл ретте тиiстi бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындар үшiн бiр тектес тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы болуға құқылы. 9. Ұйымдарды орталықтандырылып сатып алынған тауарлармен қамтамасыз eту ұсынылған өтінімдерге сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісiнің басшысы бұйрығының негiзiнде жүзеге асырылады. 10. Конкурстардың жеңiмпаздары сақтау, тасымалдау, сақтандыру шарттарын және мемлекеттік сатып алу туралы шартта көздеген өзге де нормаларды сақтай отырып, тауарларды ұйымдарға жеткiзудi жүзеге асырады. 11. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған тауарлар бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi айқындайтын тәртіппен және нысанда есепке алуға жатады. 12. Тауарларды есепке алу, сақтау мен мақсатты пайдаланудың белгіленген шарттарын қамтамасыз ету жауапкершiлiгі ұйым басшысына жүктеледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |