<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру әрі жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 144 қаулысы (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды
ұйымдастыру әрi жүргiзу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 144 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1082 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегі Су кодексiнің 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:

1. Қоса берiліп отырған Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру әрi жүргiзу ережесi бекiтілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгімен, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Санитарлық қадағалау комитетiмен бiрлесiп, үш ай мерзiмде актiлер, хаттамалар мен нұсқамалар нысандарымен, оларды ресiмдеу әрi құқық бұзушылық туралы материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырумен бipгe су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру әрi жүргiзу тәртібі туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн.

3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Су қорын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1995 жылғы 29 сәуірдегі № 600 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 16, 181-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 40-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат).

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2004 жылғы 6 ақпандағы

№ 144 қаулысымен

бекітiлген

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік

бақылауды ұйымдастыру әрi жүргізу

Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру әрi жүргiзудiң тәртібін белгілейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Мыналар:

су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган;

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы;

жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган;

өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган;

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган;

ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;

фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

жергiлiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асырушы органдар болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармалары су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi және олардың қызметiн үйлестiредi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармалары:

1) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекарасының және ерекше қорғалатын су объектілерiнде белгiленген шаруашылық қызмет режимiнiң сақталуын;

2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдер шарттары мен талаптарының орындалуын;

3) су объектiлерi бойынша белгiленген нормалар мен ережелердiң, су тұтыну мен су бөлу лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуын;

4) су жинау құрылыстарын, су шаруашылығы жүйелерi мен су қоймаларын пайдалану ережелерi сақталуын;

5) су объектiлерiнен алынатын әрі оларға ағызылатын су мөлшерiн бастапқы есепке алудың дұрыс жүргiзiлуiн, су сапасын анықтаудың, су тұтыну мен су ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратураның болуы әрі олардың жай-күйiн, су пайдаланушылардың есептiліктiң және осы жабдықтар мен аппаратураны мемлекеттік аттестаттаудың белгiленген мерзiмiн сақтауын;

6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға лицензиялар мен рұқсаттарда белгіленген шарттармен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (cу тасқыны, су басуы, топан cу, жағалауды қиратуы және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын;

7) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң заңнамада белгiленген тәртібінiң сақталуын;

8) су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингін жүргiзудiң заңнамада белгiленген тәртібі сақталуын және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алудың жүзеге асырылуын;

9) белгiленген тәртiппен бекітілген жобалық құжаттаманың болуын әрi экономика салалары объектiлерiн, салу, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандырудың және су объектiлерiн, оларды қорғау аймақтары және белдеулерiн пайдалану мен қорғаумен байланысты өзге де қызметтiң оларға сәйкес болуын;

10) су объектiлерiн өз бетiмен пайдалануға, су объектiлерiн қорғау аймақтары және белдеулерiнің аумақтарында өз бетiмен құрылыс салуға жол берілмеуiн;

11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетiстiктерiн, озық тәжiрибенi су тұтынудың үлесiн азайту жөніндегі iс-шараларды кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгізудi бақылауды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілеттi орган, өнеркәсiптік қауіпсiздiк саласындағы уәкілеттi мемлекеттік орган, халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салуаттылығы саласындағы уәкілетті орган, ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттік орган, фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган және жергiлiктi атқарушы органдар:

өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

су қорының сапалық әрi сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргізудi ұйымдастырады;

су заңнамасының бұзылуын жоюға шаралар қабылдайды;

су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;

белгiленген талаптар бұзылып жүргiзiлген су объектiлерiне сарқынды суларды шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу, сондай-ақ судың жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiстiк объектiлер, цехтар мен кәсiпорындар қызметiн тоқтату туралы белгіленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік

бақылауды ұйымдастыру және жүргiзудiң тәртібі

6. Мемлекеттік бақылау тексеру жүргізу жолымен жүргiзiледi, ол жоспарлы (жоспарланған әрi уәкiлеттi орган бекіткен) және жоспардан тыс (туындаған жағдайға сәйкес тағайындалатын, шағым, арыз бен өтiнiш бойынша дереу ден қоюды талап ететiн) болып бөлiнедi.

Мемлекеттік бақылау, сондай-ақ су объектілерiн пайдаланумен, мемлекеттік кадастрлар және су қоры мониторингiн жүргізумен байланысты схемалар мен жобалар әзiрлеу кезiнде жүзеге асырылады.

Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бiрлескен кешендi тексерулер жоспарлауы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру pәciмі олар тексеру басталғанға дейiн Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетiнде немесе оның аумақтық органдарында тiркелетiн I-П нысаны бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметін тексерудi жүргізу және тексерудi есепке алу карточкалары туралы бақылаушы орган шығаратын нұсқама негiзiнде жүргiзіледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Анықталған су заңнамасын бұзушылық актімен ресiмделедi және осы мәселенi қарау құзыретiне енетiн органға тапсырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Анықталған су заңнамасын бұзушылықты уәкілеттi органдар олардың функциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгiленген тәртiппен қарайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың әкімшілiк шара қолдану туралы шешуiне Қазақстан Республикасының Су кодексі 51-бабының 2-тармағына сәйкес шағым берiлуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар су заңнамасының бұзылуын нақты жоюды қадағалайды.