|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 190-қосымша 225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Білім және ғылым саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 324940 мың теңге (үш жүз жиырма төрт миллион тоғыз жүз қырық мың теңге). ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3 , 21-24-баптары; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8, 12, 21, 27, 30, 35 -баптары; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысы; "Мемлекеттік қызметтен өту тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы; "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігiн көтерудi одан әрi жетiлдiру жөніндегі iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы; "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тiлдi қолдану аясын кеңейту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 қаулысы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 12, 30, 35-баптары, "Білім беру қызметiн лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысы, "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құрудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 ақпандағы № 257 қаулысы. "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы, "Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 20 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 4-тармақ өзгерді 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі орталық аппаратының қызметiн қамтамасыз ету; жоғары оқу орнынан кейiнгi, кәсiптiк жоғары және орта білім беру қызметiн лицензиялауды, оқулық әдебиетiн басып шығаруды iске асыру; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн орындау үшiн біліктілік талаптарына сәйкес кәсiптiк қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білім мен дағдыларды жаңарту және кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру ғылыми ұйымдардың негiзгi қызметiнiң тиiмдiлiгiн айқындау, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану; жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi пайдалануға қол жеткізу үшiн материалдық-техникалық базаны нығайту; ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру; министрлiктiң білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау рәсімдерін, сондай-ақ білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргiзу бөлігіндегi функцияларын орындауын қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ өзгерді 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң аппаратын қаржыландыру, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк біліктілігiн арттыру; лицензиялар беру, білім және ғылым ұйымдарының біліктілік талаптарын сақтауын қадағалау; оқулық әдебиетiн басып шығару қызметiн лицензиялау; Республикалық комиссиялардың білім ұйымдарын лицензиялау жөніндегі жұмысын қамтамасыз ету; ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу; министрлiк аппаратын есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң ақпараттық жүйелерi мен локальдық есептерiн жетектеу; ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру бойынша аттестаттау құжаттарын қарау. Сондай-ақ белгiленген мемлекеттік үлгiдегi құжаттар беру; білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және білім алушыларды аралық аттестаттау нысанында білім сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүктелген қызметтiң сапалы әрi уақытылы орындалуы; кәсіптік жоғары, орта және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету; қазiргi экономика жағдайлары мен мемлекет ресурстарының мүмкiндiктерiне сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң кәсіптік деңгейiн көтеру; ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру мәселелерi бойынша мемлекет атынан кесiмдi шешiмдер қабылдау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 191-қосымша 225-Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2004 жылға арналған "Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты 1. Құны: 3669553 мың теңге (үш миллиард алты жүз алпыс тоғыз миллион бес жүз елу үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 26-бабы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiрудiң шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында ғылымды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жоспарлау мен қаржыландыруды жетiлдiру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы № 61 қаулысы; "Ғылыми-техникалық қызметке сараптама ұйымдастыру және өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қыркүйектегі № 876 қаулысы; "Республикалық бюджет есебiнен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларын құрудың және іске асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2004 жылдарға арналған iс-қимылдар бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы; "Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған биотехнологиялық өнiмдер өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру республикалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 маусымдағы № 871 қаулысы; "2002-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында фармацевтiк өнеркәсiптi дамыту үшiн төлтума фитопрепараттар өндiру және өндiрiске енгізу" Республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 шiлдедегi № 296 қаулысы; "Құрамында есiрткiсi бар өсiмдiктердi өнеркәсiптiк өңдеу жөнiнде өндiрiс кешенiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 37 қаулысы; "Мемлекеттік ғылыми техникалық сараптама ұйымдастыру және өткізу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысы; "2003-2005 жылдарға арналған инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 наурыздағы № 263 қаулысы; "Қазақстан Республикасының металлургиялық кешенiнде төртiншi және бесiншi қайта өңдеу өндiрiсiн құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" мақсатты ғылыми техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 243 қаулысы; "Степногорск қаласында биотехнологиялық өндiрiстi дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы № 277 қаулысы; "Микроорганизмдердiң республикалық коллекциясы туралы" 2002 жылғы 30 шiлдедегi № 850 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың базалық салаларының қажеттiктерiн ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, ғылымды көп қажет ететiн жаңа өндiрiстер ұйымдастыру үшiн оңтайлы жағдайлар жасау, "зерттеу-әзiрлеу-кадрлар даярлау-өнеркәсiптiк игеру" бірыңғай ғылыми-өндiрiстiк тiзбекке көшуге септiгiн тигiзетiн ғылыми-техникалық және өзге салаларда инновациялық қызметтi дамыту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу. Отандық технологиялардың бәсекелестiк қабiлетiн көтеру, өндiрiстiң ғылымды көп қажет ететiн салаларын тұрақты дамыту үшiн жағдай жасау; елдiң экспортқа бағдарланған өнеркәсiп кешенiн құру мақсатымен ғылым мен отандық жаңа технологиялар жетiстiгiн iске асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: іргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн iске асыру. Табиғи және әлеуметтiк жүйелер туралы қағидатты бүтiндей жаңа білім алу, экономиканы жүйелі қайта құрудың, қоғамды, мәдениеттi, ғылымды тұрақты дамытудың ғылыми негіздерiн әзiрлеу; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң жалпы ғылыми-технологиялық кеңiстiгi мен ғылыми еңбектiң әлемдiк бөлiнiсi шеңберiнде қазақстандық ғылымның айқындамасын нығайту; экспорттың және импорттың орнын толтыратын өнiмдердi көбейтуге және ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға септiгiн тигiзетiн өтемдi әзiрлеулер жасау және енгізу; синтетикалық және табиғи тума медициналық бірегей препараттар өндiру; ауылшаруашылық дақылдарының жоғары өнімді тұқымын тездетіп жасау әдiстерiн әзiрлеу.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |