|
|
|
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереже бекітілсiн. 2. "Салық полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1702 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 52, 482-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 20 наурыздағы № 365 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ЕРЕЖЕ Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы осы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының қаржы полициясының органдары мен мекемелерiнде қызмет өткерудiң тәртібі мен шарттарын регламенттейдi. 1. Жалпы ережелер 1. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi Заң), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерi және осы Ереже құрайды. 2. Осы Ережеде қаржы полициясы органдарының қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдермен айқындалған ұғымдар пайдаланады. 3. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызметте болған уақыты олардың жалпы еңбек стажына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет стажына есептеледi. 4. Қаржы полициясы органдарындағы iшкi тәртiп орталық атқарушы органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) басшысы бекiтетiн Регламентпен белгiленедi. 2. Қаржы полициясы органдарына қызметке қабылдау 5. Заңнамаға сәйкес қаржы полициясы органдарына қызметке он сегiз жасқа толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, білiм деңгейi және денсаулық жағдайы бойынша қаржы полициясы органдарында қызмет өткеруге жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. 6. Қаржы полициясы оқу орындарында оқу үшiн белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылып және қаржы полициясы органдарында арнайы есепке қойылып, он алты жасқа толған, орта білімi бар, денсаулық жағдайы бойынша қаржы полициясы органдарында қызмет өткеруге жарамды адамдар қабылданады. Қаржы полициясы органдарының оқу орындарына қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының оқу орындарына қабылдаудың Yлгi ережесіне сәйкес уәкiлеттi органның басшысы айқындайды. 7. Қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына ортадан төмен емес білімi бар азаматтар қабылдануы мүмкiн. Орта және аға басшы құрамның лауазымдарына жоғары білімi бар азаматтар қабылданады. 8. Қатардағы және басшылық құрамның лауазымдарына тағайындалған немесе қаржы полициясы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, қаржы полициясының кадрларына қабылданған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және қаржы полициясы органдарында арнайы есепте тұрады. 9. Қаржы полициясы органдарына қызметке кіру азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден, сондай-ақ қызметке жарамдылығын анықтау үшiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі жүйесiнiң әскери-дәрiгерлiк комиссияларында (бұдан әрi - әскери-дәрiгерлiк комиссия) медициналық куәландырудан өткен жағдайда жүзеге асырылады. 10. Қызметкерлерді қаржы полициясы органдарына қызметке қабылдау заңнамаға және осы Ережеге сәйкес ресiмделедi. Бұйрық қаржы полициясы қызметкерiне қол қойдырылып жарияланады. 11. Қаржы полициясы органдарына қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдайды, оны қабылдаудың тәртібін уәкiлеттi органның басшысы айқындайды. 12. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне ақшалай үлестi және стипендияны төлеу заңнамада белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi. 13. Толық емес ай үшiн ақшалай үлестi төлеу кезiнде күнтiзбелiк күн үшiн төлем мөлшерi толық ай үшiн тиесiлi ақшалай үлес сомасын сол айдағы күнтiзбелiк күндердiң санына бөлу жолымен анықталады. Егер қызметкерге ақшалай үлес төленетiн кезеңде атқаратын лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы өзгеруiне, лауазымдық жалақысын, үстемеақыларын ұлғайту құқығы туындауына байланысты ақшалай үлесiнiң мөлшерi өзгерсе немесе оған арнайы атақ берiлсе, қызметкерге тиiстi қайта есептеу жүргiзiледi. 14. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің орын ауыстыруы, ауысуы, сондай-ақ қызметтен босатылуы кезiнде қаржы-шаруашылық бөлiмше оларға ақшалай үлес төлейдi және төленген сомалар туралы ақша аттестатында жазба жүргiзедi. 15. Бланктiң нысанын, ақша аттестатын берудiң тәртібі мен шарттарын уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi. 16. Қаржы полициясы органының қызметкерi белгiленген тәртiппен нысанды және арнайы киім-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi, оны киіп жүру ережесін уәкiлеттi органның басшысы белгiлейдi. 17. Қаржы полициясы органдарының оқу орындарының күндiзгi бөлiмiне оқуға түсетiн адамдар оқу орнында оқу мерзiмiне келісім-шарт жасасады. Келісім-шартта тараптардың (оқуға түсетiн адамның және уәкiлеттi орган басшысының) өзара мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгi белгiленедi. Келісім-шарт қаржы полициясының оқу орнына қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешiмiнен кейiн жасалады. Келісім-шарттың нысанын, оны жасасудың, ұзартудың, өзгертудiң, бұзудың және тоқтатудың тәртібін уәкiлеттi органның басшысы айқындайды. Қаржы полициясы органдары оқу орындарының күндiзгi бөлiмiн бiтiрген түлектер бөлiнуiне сәйкес қызмет өткередi. 18. Қаржы полициясы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық жалақылар (стипендиялар) төленедi. Қаржы полициясы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары: әскерге шақыру жасына толған және үлгермеушiлiгi, тәртiпсiздiгi бойынша, сондай-ақ өз еркiмен оқудан шығарылғандар, егер олар оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермесе, әскери есепке қою үшiн өздерiнiң тұрғылықты жерi бойынша облыстардың қорғаныс iстерi жөніндегі департаменттерiне (аудандар мен қалалардың басқармалары мен бөлiмдерiне) жiберiледi. Бұл жағдайда оқу орнында оқыған уақыты оларға мерзiмдi әскери қызметтiң мерзiмiне есептелмейдi; қаржы полициясының оқу орындары диплом алдындағы практикадан өту үшiн қаржы полициясы органдарына жiбергендер практикадан өту кезеңiне тиiстi ақшалай үлесi төлене отырып, лауазымдарға тағайындалады; қаржы полициясы органдарына лауазымға тағайындалмай тағылымдамаға жiберiлгендер оқу орны төлейтiн лауазымдық жалақы (стипендия) алады. 19. Ізденушiнiң (тыңдаушының, адьюнкттiң, докторанттың) ғылыми-зерттеу қызметiнiң ғылыми жетекшiсiнiң (консультантының) жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы төленедi. 20. Қаржы полициясы жоғары оқу орындарының түлектерiне бөлiнген орнына автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлiгiмен бару жолының құны төленедi. 3. Қызметтiк куәлiктердi және жетондарды тапсыру тәртібі 21. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызметтiк куәлiгi (бұдан әрi - куәлiк) олардың берiлген атақта қаржы полициясы органдарының қызметiнде және кадрларында болуын және белгiленген тәртiппен атыс қаруын сақтау мен алып жүруге рұқсат етiлгенiн растайтын ресми құжат болып табылады. 22. Куәлiк тұлғаларға қызметке тағайындалған, қызметi ауысқан, арнайы атақ берiлген кезде және бұрын берiлген куәлiктiң қолданылу мерзiмi аяқталған кезде берiледi. Жетон қызметкерлерге оларға арнайы атақ берiлгеннен кейiн лауазымға тағайындалған кезде берiледi. Қызметке алғашқы рет қабылданған қызметкерге куәлiк, жетон тапсырған кезде кадр бөлiмшесiнiң басшысы құжатты пайдалану ережесi және оны сақтау тәртібі туралы нұсқама өткiзедi. Бұдан кейiн қызмет бабымен ауысқан, кезектi атақ берiлген және қолданыс мерзiмi өткен кезде бұрын берiлген куәлiк алынған жерiне қайтарылады. Бұдан кейiн қызмет бабымен ауысқан кезде жетон алынған жерiне қайтарылады. 4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындау және ауыстыру 23. Кiшi, орта және аға басшы құрам лауазымдарының тiзбелерiн және осы лауазымдарға сәйкес келетiн арнайы атақтарды уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi. 24. Қаржы полициясы органы басшысының тиiстi лауазымға тағайындау туралы бұйрығы қызметкерге ақшалай үлес төлеу үшiн негiз болып табылады. Қаржы полициясы органдары оқу орны басшысының жасасқан келісім-шарт негiзiнде оқуға қабылдау туралы бұйрығы лауазымдық жалақы немесе стипендия төлеу үшiн негiз болып табылады. Қызметкерлерге ақшалай үлестi және басқа да төлем түрлерiн төлеу қызмет атқаруға кiрiскен күннен бастап, бiрақ бұйрықта көрсетiлген күннен бұрын емес немесе егер лауазымға тағайындау күнi көрсетiлмесе, тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап жүргiзiледi. 25. Қаржы полициясы органдары мен мекемелерi басшыларының қызметке қабылдау, лауазымдарға тағайындау және босату, қаржы полициясы органдарынан қызметтен босату жөніндегі өкiлеттiктерiн уәкiлеттi органның басшысы айқындайды. 26. Лауазымға тағайындауды, қызмет бойынша ауыстыруды және жоғарылатуды қаржы полициясы органдары мен мекемелерiнiң басшылары өздерiне берiлген құқықтарға сәйкес жүргiзедi. Бұл ретте мынадай шарттар сақталады: 1) қатардағы және басшылық құрам адамдарын лауазымға тағайындау және қызмет бойынша ауыстыру кезiнде оларды негiзгi немесе ұқсас мамандығы бойынша, не жинақталған тәжiрибесiне сәйкес пайдалану қамтамасыз етiлуi тиiс; 2) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызмет бойынша ауыстыру, әдетте, оларды тиiстi қаржы полициясы органы кадрларының резервiне алмай-ақ жүзеге асырылуы тиiс; 3) орта, аға және жоғары басшы құрамның адамдарын басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа жерге шұғыл ауыстыру қажет болған кезде, бұл туралы шешiмдi осы адамдардың даярлығы мен қызмет тәжiрибесiн ескере отырып, олардың келісімiмен тиiстi тiкелей бастықтары қабылдайды; 4) қатардағы және басшы құрам адамдарын лауазымдарға тағайындау, қызмет бойынша ауыстыру әскери-дәрiгерлiк комиссияның медициналық куәландыруы нәтижелерiн ескере отырып жүргiзiледi. 27. Қатардағы және басшы құрам адамдарын қызмет бойынша ауыстыру: 1) жоғары тұрған лауазымдарға - қызмет бойынша жоғарылату тәртібімен; 2) тең дәрежелi лауазымдарға - басқа лауазымдарды қоса атқару қажет болған кезде не оларды iскерлiк және жеке қасиеттерiн ескере отырып, неғұрлым орынды пайдалану, жаңа мамандық бойынша даярлау үшiн, сондай-ақ отбасы жағдайы немесе денсаулық жағдайы бойынша осы адамдардың келісімiмен; 3) қаржы полициясы оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмiне оқуға түсуiне байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босата отырып, сондай-ақ оқуын бiтiргеннен кейiн лауазымға тағайындалған кезде; 4) төмен тұрған лауазымдарға: штат қысқарған кезде немесе қаржы полициясы органын және/немесе мекемесiн қайта ұйымдастыру кезiнде - осы адамдарды тең дәрежелi лауазымға ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келісімiмен; денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде және олардың келісімiмен; аттестаттаудың қорытындылары бойынша анықталған қызметiне сәйкес келмеуi бойынша; тәртiптiк жаза қолдану ретiнде; жеке өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. 28. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн ауыстыру барлық жағдайларда тиiстi қаржы полициясы органы бастығының бұйрығымен ауыстыру негiзi көрсетiле отырып ресiмделедi. 29. Қаржы полициясы органының немесе мекемесiнiң қызметкерiн денсаулық жағдайы бойынша, оның iшiнде қызмет өткepу кезеңiнде алған жарақаты, денесiнiң зақымдануы, ауруы салдарынан лауазымынан төмендеткен жағдайда, төмендетiлгеннiң алдындағы соңғы лауазымы бойынша тең немесе одан жоғары ақшалай үлестi бос тұрған лауазымға тағайындағанға дейiнгi мерзiмге төмендетiлгеннiң алдындағы лауазым бойынша ақшалай үлес төлеу жүргізіледі. 30. Ұйымдастыру-штаттық iс-шараларды (қысқарту, қайта ұйымдастыру, көшiру, тарату) жүргiзу кезiнде қаржы полициясы органдары мен мекемелерiнiң қызметкерлерiн ауыстыру осы Ережеге сәйкес жүргiзiледi. 31. Бос тұрған лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқарудың үздiксiз мерзiмi екi айдан, ал бос емес лауазым бойынша, әдетте, төрт айдан аспауы тиiс. 32. Лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқарудың үздiксiз мерзiмi лауазымды атқаруға кiрiскен күннен бастап, бiрақ бұйрықта айтылған күннен ерте емес, ал көрсетiлген күнi жоқ болса, бұйрыққа қол қойылған күннен ерте емес, мiндеттерiн атқарудан босатылған күн қоса алынып есептеледi. Лауазым бойынша мiндеттердi атқарушы деп тағайындау қаржы полициясының органдары мен мекемелерiнiң қызметкерлердi лауазымдарға тағайындау және оларды ауыстыру құқығы берiлген басшыларының бұйрығымен ресiмделедi. 33. Басшылардың бос емес лауазымдары бойынша мiндеттердi уақытша атқару үшiн ақы төлеу, егер осы лауазымды тұрақты атқаратын адам, сондай-ақ оның штаттық орынбасарлары немесе көмекшiлерi (олардың қызметтiк мiндеттерiне қарамастан) қаржы полициясы органынан басқа жерге кеткен (емделуге, демалысқа, қызметтiк iссапарға, оқуға және т.б.) жағдайда ғана жүргізіледі. Лауазымдарды уақытша атқаруға тағайындалған қызметкерлердiң демалыста, уақытша атқаратын лауазымы бойынша мiндеттердi атқарумен байланысты емес қызметтiк iссапарда, оқуда, емдеу мекемелерiнде емделуде болған уақыты үшiн лауазымдық жалақылары олар тағайындаған лауазымдары бойынша төленедi. 34. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаржы полициясы органы кадрларының резервiне 15 күннен аспайтын мерзiмге қойыла алады. Айрықша мән-жайлардан туындаған ерекше жағдайларда қаржы полициясы уәкiлеттi органы басшысының рұқсатымен резервте 15 күннен артық, бiрақ екi айдан аспай болуға жол берiледi. Қаржы полициясы органының кадрлар резервiнде тұрған қызметкерлердi қызметте пайдалану тәртібін қаржы полициясы органдарының басшылары айқындайды. 35. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне тиiстi қаржы полициясы органдары кадрларының резервiнде болған уақыты үшiн штаттық лауазымынан босатылған күнiнен бастап ақшалай үлесi соңғы негiзгi лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы мен арнайы атағы үшiн қосымша ақысы мөлшерiнде төленедi. Олар, сондай-ақ егер олар кадрларға резервке қабылданғанға дейiн тұрғын үйiн ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақшалай өтемақы алған жағдайда, осындай өтемақы алуға да құқығы бар. 36. Кадрлар резервiнде болған мерзiмге: 1) қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң осы Ережеде белгiленген демалыстарда емдеу мекемелерiнде емделуде болған (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша) кезеңi; 2) бұрынғы қызмет орнынан тиiстi қаржы полициясы органы орналасқан жерге дейiнгi жолда болған уақыты; 3) ақтайтын негiздер бойынша немесе ақтау үкімі шығарылып, қылмыстық iс қысқартылған жағдайда қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуына байланысты қамауға алынған күннен бастап босатылған күндi қоса алғанда қамауда болған уақыты есептелмейдi. 37. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және кадрлар резервiнде тұрған, кезектi жыл сайынғы демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оларды қызметте одан әрi болуы туралы мәселенi шешу кешiктiрiлген жағдайда, пайдаланбаған демалысы берiлуi мүмкiн. 38. Қаржы полициясы органдарына алғашқы рет қызметке алынатын тұлғалар үшiн 3 айдан аспайтын сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Бұл жағдайда кандидат оған қатардағы және кiшi басшы құрамның арнайы атағы берiле отырып, тиiстi лауазымға тағайындалады және кандидатқа тәжiрибелi қызметкерлердiң iшiнен тәлiмгер бекітіледi. 39. Сынақ мерзiмi уақытында кандидат атқаратын лауазымына сәйкес қаржы полициясы органы қызметкерiнiң мiндеттерiн атқарады және құқықтарын пайдаланады. Сынақ мерзiмi қаржы полициясы органдары қызметкерлерiне лауазымдық жалақысына коэффициент белгiлеуге және зейнетақы тағайындауға құқық беретiн қаржы полициясы органдарындағы қызмет стажына есептеледi. 40. Аға және жоғары басшы құрамның басқарушы лауазымдарына тағайындалатын тұлғаларға, қаржы полициясы органдарына қызметке алынатын қаржы полициясы оқу орындарының түлектерiне сынақ мерзiмi белгiленбейдi. 41. Қаржы полициясы органдарына алғашқы рет алынатын азаматтар бастапқы даярлықтан өтедi. Қаржы полициясы органы, оның iшiнде қаржы полициясының оқу орны, бастапқы даярлықты, біліктiлiктi арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асырады. Бастапқы даярлықтан өтудiң, біліктiлiктi арттырудың және қайта даярлаудың тәртібі мен шарттарын уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi. 42. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне қайта даярлау, біліктiлiктi арттыру курстарында оқыған кезеңiнде ақшалай үлесi сақталады. 43. Өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмаған қаржы полициясы органдарының қызметкерi, сот осы қылмыстық iс бойынша шешiм қабылдағанға дейiн қылмыстық-iс-жүргiзу заңнамасында белгiленген тәртiппен тергеу жүргiзу кезеңiне қызметтiк мiндеттерiн атқарудан шеттеледi. Қызметiнен шеттетiлген уақытта, оған ақшалай үлесi толық мөлшерде төленедi. Белгiленген тәртiппен өздерiне қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қабылданған қызметкерлерге ақшалай үлестi төлеу қамауға алынған күннен бастап тоқтатылады. Сот қолданған жаза түрiне қарамастан, қамауда болған уақыт үшiн ақшалай үлес төленбейдi. Ақтау үкімін шығарған, ақтайтын негiздер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда қызметкерлерге қызметте болмауға мәжбүр болған уақыты үшiн ақшалай үлес қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеледi. 44. Қылмыс үшiн сотталуына байланысты қаржы полициясы органдарынан шығарылған, содан кейiн ақталған және тиiсiнше лауазымы мен арнайы атағында ақталған және қызметке қайта алынған қызметкерлерге қызметте болмауға мәжбүр болған уақыты үшiн ақшалай үлесi қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртiппен өтеледi. 45. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Үкіметі белгiлеген тәртiппен қаржы полициясы органдарының кадрларында қалдырыла отырып, мемлекеттік органдарға iссапарға жiберiлуi мүмкiн. 46. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары болып сайланған қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалар қаржы полициясы органдарындағы қызметтен босатылады. Олар өздерiнiң депутаттық өкiлеттiк мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн, белгiленген тәртiппен қаржы полициясы органдарына қызметке қайта қабылдануы мүмкiн. 47. Қатардағы және басшы құрамдағы тұлғаларды аттестаттау олардың атқаратын лауазымына сай келуi мен қызметтiк өсуiн анықтау, олардың кәсiби даярлығы деңгейiн, құқықтық мәдениетiн, адамдармен жұмыс iстеу қабiлетiн бағалау, қызметкерлер жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, қаржы полициясы органдарының кадрларын iрiктеу, орналастыру мен тәрбиелеудi жақсарту, олардың біліктiлiгiн, бастамашылдығын, шығармашылық белсендiлiгi мен тапсырылған iске жауапкершiлiгiн ынталандыру мақсатында жүргiзiледi. 48. Аттестаттау барысындағы негiзгi өлшем қызметкерлердiң өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару қабiлеттiлiгi болып табылады. 49. Қызметкерлердi аттестаттау қаржы полициясы органдарында қызметте болған әрбiр үш жыл өткен сайын (бiрақ аталған мерзiмнен алты айдан кешiктiрмей), сондай-ақ, қаржы полициясы органдарынан қызметiне сәйкес еместiгi бойынша шығарылғанда өткiзiледi. Аттестаттау лауазымды атқара бастаған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн өткiзiледi. 50. Оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары, қаржы полициясы органдарында 1 жылдан кем қызмет атқарған қызметкерлер, оқуға жiберiлген және қызметтiк тергеу материалдарын қарау жағдайларынан басқа жағдайда, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалар iшiнен олар жүктi болған және 1,5 жасқа дейiнгi бала бағу кезiнде аттестаттаудан өтпейдi. Олар жұмысқа шыққаннан кейiн бiр жыл өткеннен кейiн ғана аттестатталады. 51. Аттестаттау комиссиясын кадр бөлiмшесiнiң ұсынысы бойынша қаржы полициясы органының немесе мекемесiнiң басшысы құрады және комиссияның төрағасынан, мүшелерi мен хатшысынан тұрады. 52. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн аттестаттауды өткізу үшiн аттестаттау комиссиясын құру ережесін және аттестаттау (кезектен тыс аттестаттау) өткізу тәртібін уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi. 53. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестаттаудан өтетiн қызметкердiң қатысуымен өткiзедi. Аттестаттау комиссиясының мәжілісiне дәлелдi себептермен (демалыс, ауру, iссапар) қатыспаған қызметкерлер аттестаттаудан-қызметке шыққаннан кейiн өтедi. 54. Қызметкер аттестаттау комиссияның мәжілісiне дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда комиссия ол болмаған кезде қолда бар материалдардың негiзiнде аттестаттау өткізу жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы. 55. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерттеп және/немесе қызметкермен әңгiмелесу өткiзiп, мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: 1) атқарып отырған лауазымына сай; 2) қайта аттестаттауға тиiс; 3) атқарып отырған лауазымына сай емес. 56. Ереженiң 57-тармағына сәйкес шешiм қабылдау үшiн аттестаттау комиссиясы тестілеу, сауалнама жүргізу және топтық пiкiрталас өткізу, дене шынықтыру бойынша белгiленген нормативтер тапсыру әдiстерiн қолдана алады. 57. Аттестаттау комиссиясының шешiмi ашық немесе жасырын дауыспен қабылданады. Дауыс беру тәсiлi аттестаттау комиссиясының қалауымен таңданып алынады. Аттестаттау комиссиясының құрамына кiретiн аттестаттаудан өтушi қызметкер өзiне байланысты дауыс беруге қатыспайды. 58. Қайта аттестаттау алдыңғы аттестаттау өткiзiлген сәттен бастап алты ай өткеннен кейiн өткiзiледi. Қайта аттестаттау нәтижелерi бойынша аттестаттау комиссиясы мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: 1) атқарып отырған лауазымына сай; 2) атқарып отырған лауазымына сай емес. Қайта аттестаттау нәтижесi бойынша атқарып отырған лауазымына сай болмаған қызметкер қаржы полициясы органдарынан шығарылуға тиiс. 59. Аттестаттау комиссиясының шешiмi оның мәжілісiне қатысқан аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелерi және хатшысы қол қойған хаттамамен ресiмделедi. 60. Қызметкер аттестаттау комиссиясының шешiмiмен қол қойып не хабарлама бар тапсырысты хатпен почтамен танысуы тиiс. Қол қоюдан бас тартқан жағдайда комиссия хатшысы хаттамаға тиiстi жазба жазады. 61. Аттестаттау комиссиясының шешiмiн тиiстi қаржы полициясы органының немесе мекемесiнiң басшысы бiр ай мерзiмiнде бекiтедi. 62. Аттестаттау комиссияның бекітілген шешiмi қызметкердiң аттестаттау парағына жазылады. 63. Аттестаттаудан өткен қызметкердiң аттестаттау парағы және оған берiлген қызметтiк мiнездеме жеке iсiнде сақталады. Тиiстi қаржы полициясы органының немесе мекемесiнiң басшысы бекiткен аттестаттау комиссиясының шешiмi де қызметкердiң қызметтiк тiзiмiне жазылады. 64. Тиiстi қаржы полициясы органының немесе мекемесiнiң басшысы аттестаттау комиссиясының шешiмiн бекiтпеуге және қайта аттестаттау тағайындауға құқылы, оның шешiмi түпкiлiктi болады. Қайта аттестаттау Ереженiң осы бөлiмiне сәйкес өткiзiледi. 65. Қызметкер тиiстi қаржы полициясы органы немесе мекемесi басшысының аттестаттау комиссияның шешiмiн бекіту туралы бұйрығына уәкiлеттi органға немесе сотқа шағым беруге құқығы бар. 66. Осы Ереже нормалары мен аттестаттау жүргiзу тәртібінiң бұзылуы анықталған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi қаржы полициясы органы немесе мекемесi басшысы бұйрығының күшiн жояды. 67. Қаржы полициясы органдарына алғашқы рет немесе мемлекеттік қызмет стажының үзiлiсiмен қабылданған қызметкерлер 49, 50-тармақтарда белгiленген мерзiмдерде, қаржы полициясы органдарында үш жыл үзiлiссiз қызмет атқарғаннан кейiн аттестаттаудан өтедi. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшi босатылған күннен бастап оны қаржы полициясы органдарына тағайындағанға дейiн өткен уақыт үш айдан аспаса, көрсетiлген кезең iшiнде оның өзге заңды (мемлекеттік органдарды есептемегенде) және жеке тұлғалармен еңбек қатынасы болмаған кезде, қаржы полициясы органдарында болуы үзiлiссiз деп саналады. 5. Қаржы полициясы органдарының кiшi, орта және аға басшы құрамына арнайы атақтар беру (атақтардан айыру) тәртібі 68. Қатардағы және басшы құрамдағы лауазымға тағайындалған, сондай-ақ қаржы полициясы оқу орындары күндiзгi бөлiмдерiнiң тыңдаушыларына қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтарына заңнамаларға сәйкес:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |