|
|
|
2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан ормандары" бағдарламасын бекіту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 Қаулысына сәйкес күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берілiп отырған 2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан ормандары" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Облыстар мен Астана қаласының әкiмдерi: 1) Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын; 2) Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігін жыл сайын, 10 қаңтардан және 10 шілдеден кешiктiрмей хабардар етiп отырсын. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жыл сайын, 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешiктiрмей жиынтық ақпарат берсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн. 5. "Астана қаласының жасыл аймағын құрудың 2002-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 17 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 542 қаулысымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан ормандары" бағдарламасы 1. Бағдарламаның паспорты Атауы 2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан ормандары" бағдарламасы Бағдарлама әзiрлеу Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2003 жылғы үшiн негіздеме 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 7.5. 17-тармағы Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы негізгi әзiрлеушiсi министрлігі Бағдарламаның Ормандардың ортаны қорғау және ортаны мақсаты қалыптастыру рөлiн арттыру мақсаттарында кейiннен орман шаруашылығын жүргізу тиiмдiлiгін арттыру, ағаш отырғызылған жерлердiң көлемiн ұлғайту үшiн ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, оларды ұтымды пайдалану және әлеуетiн арттыру саласындағы ахуалды тұрақтандыру Бағдарламаның Орман шаруашылығы саласындағы нормативтiк мiндеттерi құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау, ормандарды өрттерден және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтан күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау; орман тұқымы және питомник шаруашылығын қалпына келтiру; ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiнде жаңа технологиялар әзiрлеу және енгізу; жаңа технологиялар негiзiнде орман орналастыруды жоспарлау және жобалау-iздестiру жұмыстарының көлемiн ұлғайту; орман орналастыру жобаларының және ерекше қорғалатын табиғи орман аумақтарын басқару жоспарларының сапасын арттыру; ормандардың ұтымды пайдалануын ұйымдастыру; жеке орман қорын дамыту үшiн жағдайлар жасау Бағдарламаны iске 2004-2006 жылдар асыру мерзiмi Бағдарламаны Бағдарламаны іске асыруға мынадай қаржы қаржыландыру шығындары көзделуде: көздерi республикалық бюджеттен: 2004 жылы - 3150,78 млн. теңге, 2005 жылы - 2700,93 млн. теңге және 2006 жылы - 2305,43 млн. теңге; жергiлiктi бюджеттен: 2004 жылы - 1587,48 млн. теңге, 2005 жылы - 1799,42 млн. теңге және 2006 жылы - 2137,78 млн. теңге; 2004 жылы гранттар бойынша бөлiнген қаражат - 1030,60 мың АҚШ доллары. Бағдарламаны iске Ормандардың сақталуын қамтамасыз ету, орман асырудан күтiлетiн өскен жерлердi бiртiндеп көбейту, ормандарды нәтиже өрттерден күзетудi, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғауды жақсарту, ормандардың жас құрылымын, сапалық құрамын және санитарлық жай-күйiн жақсарту 2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан ормандары" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысының 7.5.17-тармағына орай, сондай-ақ "Астананың гүлденуi Қазақстанның гүлденуi" "Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 574 Жарлығына сәйкес әзiрлендi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы негiзгi мiндеттердiң бірi ретінде ормандар алқаптарын ұлғайту, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мiндетiн алға қойып отыр. Оны iске асыру мақсатында ормандар мен жануарлар дүниесiн күзету мен молықтыру, орман биоценоздарының, сирек және құрып кету қауiпi төнген жануарлар мен өсiмдiктердiң зәузатқорын сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желiсiн дамыту саласында мемлекеттің ықпалын күшейту көзделуде. Бағдарламаны әзiрлеуге Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiнгi Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспары негiз болды, онда қоршаған ортаны қорғау саласында таяудағы он жылға ормандарды сақтауға қатысты мынадай стратегиялық мiндеттер айқындалған: қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру; табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жүйесiн оңтайландыру; экологиялық ағартуды қамтамасыз ету. Бағдарлама соңғы жылдары өртке қарсы және орман қорғау, ормандарды молықтыру және республиканың орман шаруашылығындағы ахуалды тұрақтандыру шаралары көлемiнiң күрт қысқарып кетуi салдарынан мемлекеттік орман қоры аумағында болып жатқан терiс процестердiң әсерiн азайту жөніндегі негiзгi мақсаттар мен мiндеттердi айқындайды. 3. Орман шаруашылығының қазiргi жай-күйiн талдау Барлық ормандар климатты реттеу, орта құру, егiстiк пен топырақты қорғау, су қорғау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайды. Мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 26216,4 мың га құрайды. Орман өскен алаңдар 12427,8 мың га алады, оның iшіндегі 901,1 мың га қолдан жасалған орман алқаптары. Қазақстанның орманының аумағы 4,6%-ды құрайды. Күштi жақтары Орман шаруашылығының негiзгi институттары мен инфрақұрылымы сақталды. Экономиканың орман секторы үшiн негiзгi заң кесiмi - Қазақстан Республикасының Орман кодексi қабылданды. Жаңа Орман кодексiне сәйкес нормативтiк құқықтық база жетiлдiрiлуде. Орманның экологиялық жүйелерiн қоса алғанда, табиғи-қорық қорын сақтау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желiсi кеңейедi. Орман шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер жүргiзiлуде. Орман шаруашылығы үшiн жоғары және арнаулы орта білімдi кадрлар даярлау жүзеге асырылуда. Орман шаруашылығын мемлекеттік басқару жүйесiн реформалаудың бiрiншi кезеңi аяқталды, ол атқарушы билiк деңгейлерi арасында функциялар мен жауапкершiлiктi дәлме-дәл шектеумен, ағаш дайындау және сүрек өңдеу функцияларын бәсекелес ортаға берумен, мiндетi орман шаруашылығы шараларының кешенiн жүзеге асыру және мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу болып табылатын орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерiн (бұдан әрi - орман мекемелерi) құрумен тұжырымдалады. Ормандарды өрттерден және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтан күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өcipу, орман пайдалануды реттеу жөніндегі шаралардың тиiмділiгiн арттыру мақсатында оларды орындау жөніндегі функциялар облыстық атқарушы органдарға жүктелдi. Аталған шараларды жүзеге асыру үшiн олардың қарауына мүлiк кешендерi ретiнде 124 орман мекемесi берiлдi. Облыстық атқарушы органдар ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі құрылымдық бөлiмшелер құрылды. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық комитетi құрылды, ол орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) болып табылады және оның республиканың барлық облыстарында өзiнiң аумақтық органдары бар, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі бiрқатар ұйымдар Комитеттiң қарауына берiлген. Орман және аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы атқарушылық арнайы және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру Комитетке жүктелген. Орман шаруашылығын басқарудың құрылған жаңа жүйесi орман шаруашылығын жүргiзуге арналған шығындарды қаржыландырудың негiзгi екi көзiне - республикалық және жергiлiкті бюджеттерге ие болу мүмкiндiгiн бередi. Сонымен бiрге қосымша қаржыландыру көзi - заңды тұлға мәртебесi бap орман мекемелерi мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ақылы қызметтер көрсетуi есебiнен қалыптасатын олардың қаражаты заңды деңгейде айқындалды. Ормандарды сақтау мен молықтыруға бағытталған шараларды күшейту мақсатында соңғы кезде бiрқатар шаралар қолданылды. Мәселен, Ертіс өңiрiнiң қарағайлы ормандары "ерекше құнды орман алқаптары" деген қорғаныштық санатына көшiрiлдi, ал бұл оларда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салуды көздейдi. Ормандарды заңсыз кесуден қорғауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 сәуiрдегі № 460 қаулысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорының учаскелерiнде қылқан жапырақты және сексеуiл ормандарында басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге он жылдық мерзiмге тыйым салынды. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру мақсатында 1996 жылы Астана қаласының жасыл аймағын құру басталды. Жалпы алғанда 1997-2003 жылдар аралығында 15,2 мың гектар алқапқа ағаш отырғызылды, оның 7,3 мың гектары 2001-2003 жылдары коммуналдық меншiкке берілдi. Жасыл аймақ шекарасында өткен жылдардың орман екпелерi өсiп келе жатқан 4,9 мың га алаңда оларды қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар басталды. 2003 жылы су қорғайтын орман екпелерiн құру жобаларын жасау мақсатымен Есіл өзенi мен Вячеслав су қоймасының жағалауларында 8,0 мың га алқапта жобалау-iздестiру жұмыстары жүргiзілдi. Осал жақтары Реформалау мен қайта ұйымдастырудың күрделi кезеңi арасында республиканың орман шаруашылығында қажетті орман шаруашылығы шараларын орындаудың жоспарлылығы мен дәйектiлiгi бұзылып, бұл ормандардың жай-күйiнiң нашарлап кетуiне әкеп соқты. Орман құрайтын негiзгi тұқымдар екпелерiнiң жас топтары бойынша бөлiнуiне жасалған талдау орташа жастағы екпелер - 3029,3 мың га (33%) бәрiнен көп кездесетiнiн, олардан кейiн өсiп-жетілген және толысып пiскен екпелер - 2886,2 мың га (31%) тұрғанын көрсеттi. Пiсiп келе жатқан екпелер 2014,1 мың гектарды (22%), ал жас екпелер 1331,1 мың гектарды (14%) құрайды. Осылай бөлiну тым қатал орман өсiру жағдайлары мен едәуiр мөлшердегi антропогендiк әсер себеп болған ормандардағы табиғи молығу барысының жеткiлiктi дәрежеде ойдағыдай емес екенiн, сондай-ақ ағаш отырғызу көлемiнiң жеткілiкті емес екенiн көрсетедi. Өткен кезеңде қылқан жапырақты ағаштардың қарқынды пайдаланылуы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы және Қостанай облыстарында 1996-2002 жылдары болған iрi орман өрттерi сүрек қорларының азайып кетуiне және ормандардың қорғаныштық және су қорғау қасиеттерiнiң едәуiр жоғалуына, олардың санитарлық жай-күйiнiң күрт нашарлап кетуiне әкеп соқты. Соңғы он жыл iшiнде Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының Ертіс өңiрінiң қарағайлы ормандарының орман өскен жерлерi 162,4 мың гектарға қысқарды, сүрек қоры 16,8 млн. текше метрге азайды. Осы аймақта орманды жаппай заңсыз кесу орын алды. 2002 жылдың өзiнде ғана олардың көлемi 43427 текше метр болды. Бұрнағы жылдардың өртеңдерi ормандарға терiс әсер етуде, олар аса күшті өрт қаупiн туғызуда және қайталама дің зиянкестерi түрлендiрулерiнiң даму орны болып табылады. Республиканың орман өскен жерлерiнiң iс жүзiнде тең жартысын алып жатқан сексеуiл екпелерiн молықтыру жөніндегі шаралар соңғы он жылда болымсыз көлемде орындалды. Сексеуiл ормандары өскен аймақта, радиусы 100 километрге дейiнгi елдi мекендердiң төңiрегiнде пiскен екпелер iс жүзiнде жоқ десе де болады, ал бар жас және орта жастағы екпелер қатты бүлiнген, бұл жергiлiктi халықтың отынға сүректi заңсыз дайындауының салдары болып табылады. Өртке қарсы шаралар, оның iшiнде ормандарды күзету жөніндегі авиациялық жұмыстар көлемiнiң бiршама азайып кетуi орман өрттерiнен болған залалдың сан мәрте өсуiне әкеп соқты. Мәселен, егер 1988-1991 жылдары авиациямен күзету көлемi өрт қауiпi бар маусымда 7,4-8,4 мың сағат болып орташа есеппен жылына 0,5-3,4 мың га орман бүлiнсе, 1992-2003 жылдары ұшу көлемi 700 сағаттан аз болып, орташа есеппен 30,8 мың га орман бүлiндi. Авиация пайдаланылып күзетілетiн мемлекеттік орман қоры аумағында 1988-2003 жылдары болған орман өрттерiнiң динамикасы 1-суретте берiлген. 1-сурет Соңғы он жыл iшiнде орман отырғызу және себу жөніндегі жұмыстардың көлемi 69,7 мың гектардан (1992 ж.) 8,9 мың гектарға дейiн (2002 ж.) қысқарды. 1992-2002 жылдары мемлекеттік орман қоры аумағындағы ормандарды молықтыру динамикасы 2-суретте көрсетiлген 2-сурет Орман отырғызу мен себу көлемдерiнiң сан мәрте азаюы питомниктер мен орман тұқым шаруашылығы объектiлерiнiң бiр бөлiгінiң жоғалуына, отырғызу материалын өсiру көлемдерiнiң қысқаруына әкеп соқты. Астана төңiрегінде табиғи шоқ ормандардың, сондай-ақ бұдан бұрын жасалған жасанды екпелердiң қатаң орман өсiру жағдайларына байланысты ағаш-бұта тұқымдарының түр-түрi жұтаң, ол оннан аса қоймайтын қуаңшылыққа шыдамды, тұзға төзiмдi және аязға шыдамды түрдi қамтиды. Өткен жылдардың жасанды орман екпелерi 4,7 мың гектар алқапқа орналасқан, автомобиль және темір жолдардың бойындағы қорғаныштық жүйелер 24 мың гектарды құрайды. Осы орман екпелерiне күтiмнiң болмауы (күтiп-баптау мақсатында кесу мен санитарлық кесудiң дер кезiнде жүргiзiлмеуi, топыраққа күтiм жасау жұмыстары көлемiнiң қысқаруы) едәуiр алқапта орман дақылдарының құрып кетуiне әкеп соқты, ал сақталып қалғандарының тоз-тозы шыққан. Осы себептi олар халықтың дем алуына онша тартымды емес және өзiнiң рекреациялық мақсатына сәйкес келмейдi. Халықтың дем алуына жарамды ең жақын табиғи алқаптар астанадан 100-150 км қашықтықта орналасқан. Заңды тұлға мәртебесi бар орман мекемелерi мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық жарақтануы төмен деңгейде. Қажет 830 трактордың 154-i (18,5%), 285 жүк автомашинасының - 50-i (17,5%), 400 механикаландырылған агрегаттың - 33-i (8,2%) және екi мыңнан астам тiркеме және аспалы құралдардың небәрi 120-ы (5,5%) ғана бар. Саладағы қызметкерлер саны соңғы жылдары күрт қысқарып кеттi, бұл қаржыландырудың азаюымен және жұмыстар көлемiнiң қысқаруымен байланысты болды. Еңбекақы деңгейiнiң төмен болуы кадрлардың көп тұрақтамаушылығын туғызуда. Заңды тұлға мәртебесi бар орман мекемелерiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инженер-техник қызметкерлерiнiң 30 пайызға жуығының жоғары білімi жоқ. Техникалық орта білімi бар мамандар жетіспейдi. Республикада қорықшы-орманшылар даярлайтын кәсіптік-техникалық оқу орындары жоқ. Орман өсiрудi жоспарлау жұмыстарын жүргізу кезiнде ықшамдалған технологияларды қолдану олардың сапасына едәуiр әсер еттi. Орман өсiрудi жоспарлаудың жыл сайынғы көлемдерi де төмендеп кеттi, осының салдарынан орман өсiрудi жоспарлау жобаларының қолданылу мерзiмдерi орман мекемелерiнің iс жүзінде тең жартысы үшiн аяқталған. Орманды аумақтарды өртке қарсы жасақтау, орман питомниктерi мен екпелер құру жөніндегі жобалау-iздестiру жұмыстары да жеткiлiктi дәрежеде қаржыландырылмауына байланысты толық көлемiнде орындалған жоқ. Кеспе ағаштар қорын игерудiң орташа пайызы 1999-2002 жылдар аралығында 59 пайыздан аспады, бұл екпелердiң жас құрылымына екпелердiң тауарлық сапасына терiс әсер етуде. Санитарлық мақсатта ағаш кесу де толық көлемде жүргізiлмей отыр. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi Бағдарламаның мақсаты кейiннен орман шаруашылығын жүргізу тиiмдiлігін арттыру, ағаш отырғызылған жерлердiң көлемiн ұлғайту үшiн ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және оларды ұтымды пайдалану және әлеуетiн еселей түсу саласындағы ахуалды тұрақтандыру болып табылады. Мақсатқа қол жеткізу үшiн мынадай негiзгi мiндеттердi шешу қажет: орман шаруашылығы саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу және қабылдау; ормандарды өрттерден және орман тәртібін бұзушылықтан күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау; орман тұқымы және питомник шаруашылығын қалпына келтiру; ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiнде жаңа технологиялар әзiрлеу және енгізу; жаңа технологиялар негiзiнде орман орналастыруды жоспарлау және жобалау-iздестiру жұмыстарының көлемiн ұлғайту; орман орналастыру жобаларының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларының сапасын арттыру; ормандардың ұтымды пайдаланылуын ұйымдастыру; жеке орман қорын дамыту үшiн жағдайлар жасау. 5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi Бағдарламаны iске асыру орман шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік басқаруды және орман шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi, ормандарды өрттер мен Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтан күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау тиiмдiлiгiн арттыруды, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiру жүйесi мен әдiстерiн және ормандарды ұтымды пайдалануды ұйымдастыруды жетiлдiрудi көздейдi. Ормандарды молықтыру және орман өсiру орман орналастыру материалдары мен жобалау-сметалық құжаттаманың негізiнде, орман пайдалану - орман орналастыру материалдарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ Бағдарлама қоршаған ортаны қорғау және биологиялық әртүрлілiктi сақтау жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындауды көздейдi. Ерекше қорғалатын табиғи орман аумақтары мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiру үшiн негiзгі база болып табылады және ерекше қорғалатын табиғи орман аумақтары желiсiн одан әрi дамыту Бағдарламаны iске асырудың негізгі бағыттарының бiрi болады. Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру жайсыз табиғи факторларды жұмсартуға, қала аумағының экологиясын, микроклиматын жақсартуға және халықтың дем алуына кең көлемдi аймақ құруға бағытталған. Саланы орман шаруашылығы мамандарымен қажеттi мөлшерде қамтамасыз ету үшiн Бағдарламада орман шаруашылығы кадрларын даярлау және олардың біліктілiгін арттыру көзделген.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |