Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту Ережесін бекіту және кейбір ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 60 бұйрығымен күші жойылды "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағының негізінде, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту Ережесі бекітілсін. 2. Аумақтық әділет органдарының басшылары бекітілген Ережені тиісінше қолдануды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау әділет вице-министрі С.Н. Баймағанбетовке жүктелсін. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) "Мемлекеттік нотариустарды аттестациялау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1997 жылғы 24 қарашадағы № 109 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 423 тіркелген); 2) "Орталық аттестациялық комиссия туралы" Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1997 жылғы 24 қарашадағы № 110 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 424 тіркелген). 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
аттестаттаудан өту Ережесін бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 25 мамырдағы № 148 бұйрығымен бекітілген Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту Ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өтуінің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жекеше практикамен айналысатын нотариустардың аттестаттаудан өтуінің тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|