|
|
|
Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөніндегі мемлекеттік Бұрынғы редакцияларды қара "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 50-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесi Осы Электронды саулау жүйесiн қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес әзiрлендi және электрондық сайлау жүйесiн қабылдауды қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Мемлекеттік комиссияны (бұдан әрi - Комиссия) құру тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 961 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмiмен құрылады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс, стандарттау, метрология және сертификаттау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттік органдар өкiлдерiнен қалыптасады. 2. ҚР Үкіметінің 26.08.04 ж. № 898 қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 961 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 961 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4. Комиссияға заңнамада белгiленген тәртiппен оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн сарапшылар ретiнде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тарту, сондай-ақ қажеттi ақпаратты сұрату құқығы берілсін. 5. Жүргiзiлген жұмыстың қорытындысы бойынша Комиссия электрондық сайлау жүйесiн пайдалануға қабылдау туралы тиiстi актiнi бекiтедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |