|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 1-тармақ "негiзiнде" деген сөздің алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгі қызметкерлерiнiң шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары"; 2) 2-тармақ "бекітілсiн" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары 23-қосымшаға сәйкес"; 3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлімiнде: G санаты тобында: "G-1" санаты ", сауда өкiлi" деген сөздермен толықтырылсын; "G-2" санаты ", сауда өкiлiнiң орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын; 4) осы қаулының қосымшасына сәйкес 23-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 867 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына 23-қосымша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларының Схемасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |