|
|
|
Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы № 878 Қаулысы (2018.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 Қаулысымен күші жойылды
«Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2004 жылғы 20 тамыздағы № 878 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы epeжeci Осы Ереже «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 ақпандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының (бұдан әрi - Қор) қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруының тәртібін белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылды: 1) ақша мен бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы шарт - Қор мен сенімгерлік басқарушының арасындағы қатынастарды белгілейтін және Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенімгерлік басқарудың талаптары мен тәртібін айқындайтын шарт; 2) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегиясын, шарттары мен шектеулерін, хеджирлеу талаптарын айқындайтын құжат; 3) инвестициялық кіріс - Қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алуға жататын) ақша; 4) қаржы құралдары - бағалы қағаздар және қаржы нарығының Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жiберілген өзге де активтерi. 5) сенiмгерлік басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; 6) сенiмгерлiк басқару - сенiмгерлік басқарушының, өз атынан өзiнiң иелiгiне, пайдалануға және басқаруға берiлген Қор активтерiн және олардың есебiнен сатып алынған қаржы құралдарын Қордың мүддесiнде басқару жөнiндегi қызметi (бұдан әрi - Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенiмгерлiкпен басқару). 2. Қор қаржы құралдарымен байланысты инвестициялық қызметтi Қордың активтерiн сенiмгер басқарушы арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенімгерлік басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге және ақша мен бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-тарау. Қор активтерiн инвестициялау тәртiбi
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Сенімгер басқарушы инвестициялық қызметті Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялық декларацияның, ақшаны және бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқару туралы шарттың негізінде жүзеге асырады және Қордың активтерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаржы құралдарының тізбесіне сәйкес қаржы құралдарына орналастырады. 5. Сенiмгер басқарушы ақшаны және бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару жөніндегі операцияларды жасау үшiн Қорға банктiк шот пен инвестициялық кiрiстiң, сенiмгерлiкпен басқаруға берілген активтердiң есебiнен сатып алынған, орналастырылған депозиттер мен бағалы қағаздардың есебi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде теңгерiмнен тыс шоттарды ашады. 6. Есеп жүйесiн жүргiзудiң және оны өзектi ұстап тұрудың шарттары мен тәртібін сенiмгер басқарушы белгілейдi.
ҚР Үкіметінің 2018.09.10. № 624 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-тарау. Қорытынды ережелер
7. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |