Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн құру, Қазақстан Республикасының халқы денсаулығының негізгі көрсеткiштерiн жақсарту мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн. 3. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қолдансын. 4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсiн. 5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана, 2004 жыл 1. Бағдарламаның паспорты 2. Кiрiспе 3. Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесiнiң қазiргi жай-күйiн талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|