|
|
|
Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 891 Қаулысымен күші жойылды
"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес, сондай-ақ азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы одан әрі жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсіздiк жөнiндегі қызметтерiн сертификаттау ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 4 қазандағы № 1019 қаулысымен бекітілген Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегі қызметтерiн сертификаттау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі қызметтерiн сертификаттау ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында (бұдан әрі - авиациялық қауіпсiздіктi қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымдары) қызметтерiн сертификаттауды жүргiзу тәртібін белгiлейдi. 2. Осы Ережеде Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығында (бұдан әрi - Жарлық) көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады: 1) өтiнiш беруші - Авиациялық қауiпсіздік жөнiндегі қызметтердiң сәйкестiк сертификатын (бұдан әрі - Сертификат) алу үшін уәкiлеттi органға өтiнiш берген заңды тұлға; 2) инспекциялық бақылау - сертификаттау жөніндегі тiркелген органдардың тарапынан сертификатталған өнiмнің, процестің, жұмыстың, қызметтердің белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бақылау; 3) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 4) сертификаттық тексеру - уәкiлетті орган жүзеге асыратын өтiнiш берушінің (авиациялық қауіпсіздiктi қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсету бойынша персоналдың, жабдықтың, технологиялық процестердiң) сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеру; 5) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтiк құқықтық кесімдермен белгiленген талаптар; 6) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң арнайы техникалық құралдары - азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ету кезiнде жеке немесе қандай да бiр жүйенiң бөлiгі ретiнде пайдалануға арналған арнайы құрылғылар. 3. Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарының қызметтерiн сертификаттауды уәкілеттi орган сертификатты 2 жылдан артық емес мерзiм берiп, қолданылу саласы мен қолданылу мерзiмiн көрсетiп жүргізедi. Сертификаттарды берудi есепке алуды, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 4. Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегі азаматтық авиация ұйымдарының қызметтерiн сертификаттау әуежайлық қызметке арналған немесе әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған лицензияны алғанға дейiн авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн қызметтiң негiзгі түрлерi бойынша кешендi жүргiзiледi. 5. Сертификаттауға жататын авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымдары қызметiнiң негiзгi түрлерi: 1) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастыру; 2) азаматтық авиация ұйымдарының құрылыстары мен жердегi құралдарының қауiпсiздiгін қамтамасыз ету; 3) әуе кемелерінің қауiпсiздiгін қамтамасыз ету; 4) жолаушыларды, қол жүгiн, әуе кемесiнiң экипаж мүшелерiн және авиаперсоналды тексерудi ұйымдастыру; 5) багажды, жүктi, почтаны және борттық қорларды ұшу алдында тексерудi ұйымдастыру; 6) мемлекеттік органдармен және азаматтық авиация ұйымдарымен өзара iс-қимылды үйлестiру жөнiндегі, соның ішінде азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актілері кезiнде шаралар ұйымдастыру және қолдану болып табылады. 6. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымы онда осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Авиациялық қауіпсіздік жөнiндегі сәйкестiк сертификаты бар болған кезде ғана авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асырады. 2. Сертификаттау жүргiзу тәртібі 7. Сертификаттау жүргiзудiң мынадай тәртібі белгiленедi: 1) өтiнiш берушінің осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға өтiніш беруi; 2) алдын-ала бағалау және өтiнiш бойынша уәкiлеттi органның шешiм қабылдауы; 3) уәкiлеттi органның сертификаттық тексеру жүргiзуi; 4) шешiм қабылдау және Сертификат беру (беруден бас тарту). 8. Өтінiшке мынадай құжаттар қоса беріледi: 1) өтініш берушінің құрылтай құжаттары; 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк; 3) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша өтiнiш берушімен шарттық қатынастары бар (бар болған кезде) пайдаланушылар мен азаматтық авиация кәсіпорындарының тiзбесi; 4) авиациялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша пайдаланушылармен жасалған шарттардың (шарттарға қосымшалардың) (бap болған кезде) көшiрмелерi; 5) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi тiкелей жүзеге асыратын өтiнiш берушінің басшы құрамы туралы деректер; 6) өтiнiш берушінің бағыныштылық пен өзара іс-қимыл жасайтын байланыстары (өтiнiш берушінің әкiмшiлiгi, құрылымдық бөлiмшелерi) көрсетiлген авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң (бұдан әрі - АҚҚ) ұйымдастырушылық құрылымының сызбасы; 7) өтiнiш берушінің AҚҚ туралы ережесi; 8) АҚҚ-тың персоналмен жинақталуы жөніндегі деректер; 9) AҚҚ-тың өндiрiстiк базасы жөніндегі деректер; 10) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң техникалық құралдарының тiзбесi; 11) авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі басшы құжаттардың тiзбесі; 12) өтiнiш беруші ұйымды инспекциялық тексеру актiсi (ол өткiзiлген жағдайда); 13) АҚҚ бақылайтын аймақтар (енуi шектелген аймақтар) көрсетiлген өтініш беруші аумағы жоспарының сызбасы; 14) онда тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының нақты сызбасы (жоспары); 15) АҚҚ персоналы мен авиаперсоналды (санаттары бойынша) оқыту бағдарламасы; 16) өтiнiш берушінің авиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламасы; 17) авиациялық қауiпсiздiк жөніндегi әуежай комиссиясы туралы ереженің көшiрмесi, оның жеке құрамы; 18) сертификаттау жөніндегі жұмыстарға ақы төлеу туралы түбіртек. Осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында көзделген құжаттар нотариалды расталған көшiрмелер түрінде ұсынылады. Осы Ереженің 3)-18) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар өтiнiш берушінің бiрiншi басшысы қол қойған және мөрiмен расталған көшiрмелер түрінде ұсынылады. 9. Уәкiлеттi орган өтiнiштi және өтiнiшке қоса берiлген құжаттарды оларды алған күнiнен бастап 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде осы Ереженің талаптарына сәйкестігін қарайды және өтiнiш жөнiнде қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушіге осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес хабарлайды. 10. Егер өтiнiш және (немесе) өтiнiшке қоса берiлген құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген немесе өтiнiшке қоса берiлген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, мұндай өтінім, қайтару себептерi көрсетiлiп қайтарылуға жатады. 11. Өтiнiм бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулердi жойғаннан кейiн) өтiнiм бойынша шешiм негiзiнде уәкiлеттi органның бұйрығымен сертификаттық тексеру жүргiзу үшiн комиссия (бұдан әрі Комиссия) құрылады. 12. Осы тексеру азаматтық авиация ұйымдары қызметiнiң өтінім берiлген аясына қатысты жүргiзiледi. 13. Сертификаттық тексеру барысында өтінім беруші өтінiм берiлген қызмет саласының сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн растайды. 14. Сертификаттық тексеру авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегі азаматтық авиация ұйымдарын сертификаттық тексерудің уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгілік бағдарламасына сәйкес жүргiзiледi. 15. Сертификаттық тексеру нәтижелерi бойынша екі данада (өтiнiш беруші мен уәкiлеттi орган үшiн бiр-бiрден) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық қауiпсiздiктiң нақты жай-күйі, Сертификат беру мүмкiндiгi (мүмкін еместігі) туралы тұжырымдар, ұсынымдар мен қорытындылар көрсетiлген сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрi - Акт) жасалады. Актіге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. 16. Комиссияның сертификаттық тексеру мерзiмi комиссия сертификаттық тексеру орнына келген сәттен бастап 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс. 4. Сертификатты беру, беруден бас тарту, қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу 17. Сертификат беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы бар Акт Сертификат беру үшін негіз болып табылады. 18. Сертификатты беру мүмкiндігі туралы қорытындысы бар Акт жасалғаннан кейiн уәкiлетті орган актiнiң он күн мерзiмiнде Сертификатты ресiмдеудi және берудi жүргiзедi. 19. Сертификатты беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүргiзiледi: 1) авиациялық қауіпсіздiктi қамтамасыз ету осы санаттағы тұлғалар және ұйымдар үшiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен тыйым салынғанда; 2) сертификаттық тексеру нәтижелерi бойынша өтiнiш берушi сертификаттау талаптарына сәйкес келмегенде; 3) өтінім берушіге қатысты оған авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыруды тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешiмi болғанда. 20. Сертификат беруден бас тарту кезiнде өтiнiш берушiге бас тарту себептерiн көрсетiп, он тәулiк iшiнде дәлелдi жауап берiледi. 21. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу мынадай себептер бойынша жүргiзiлуi мүмкiн: 1) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымы инспекциялық бақылау барысында анықталған сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген кезде; 2) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымының өтiнiшi бойынша. 22. Сертификат беруден бас тарту сертификат беруден бас тартқан органның орналасқан жерi бойынша сотқа шағымдануы мүмкiн. 23. Уәкiлеттi орган инспекциялық бақылау нәтижелерi бойынша Сертификаттың қолданылуын тоқтату себептерiн көрсетiп, алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата алады. Сертификаттың қолданылуын тоқтатуға негiз болған себептер жойылмаған жағдайда, ол қайтарылып алынады. 24. Сертификат қайтарылып алынған кезде авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымы уәкiлеттi органға Сертификатты дереу қайтарады. 25. Сертификаттың қолданылуын қалпына келтiрудi (оның қолданылуы тоқтатылған жағдайда) ұйым анықталған кемшіліктердi жойғаннан, уәкiлеттi органға растайтын құжаттарды көрсеткеннен және ол қажетті тексерулердi жүргізгеннен кейiн ғана уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 26. Авиациялық қауiпсiздіктi қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымының атауы, оның ұйымдастырушылық құқықтық нысаны өзгерген жағдайда және басқа өзгертулер болғанда, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессiздікке соқтырмаса, берiлген сертификаттарды қайта ресiмдеу жүргiзiледi. авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі қызметтерiн сертификаттау 1-қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі Сәйкестік _______________________________________________________ белгісi (сертификаттау жөнiндегі органның атауы және _______________________________________________________ оның мекен-жайы) КСУ N ___________________________ Сәйкестік сертификаты 200_ жылғы "___" _____ Сериясы _________ N ____ 200_ жылғы "__" ____дейiн жарамды ___________________________________________________________________ (қызмет орындаушының атауы, заңды мекен-жайы) Осы Сертификат ____________________________________________________ (атауы) қызметi (қызметтер) ___________________________________ нормативтiк құжаттардың _______________________________________________________ (белгiленуi) талаптарына сәйкестiгiн куәландырады. _____________________________ Сертификат ________________________________________________________ (атауы, N, құжаттарды тiркеу күнi) негiзiнде берiлдi Инспекциялық бақылауды ____________________________ жүзеге асырады. (уәкiлетті органның атауы) МО Сертификат берген органның басшысы __________ ____________________ (қолы) (аты-жөнi) Сәйкестік сертификатына қосымша Сериясы ____ N ____ Сертификаттың қолданылу саласы
МО Уәкiлетті органның басшысы ________________________________ (Қолы, аты-жөнi) авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі қызметтерiн сертификаттау 2-қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесiнде қызметтердi сертификаттауды жүргізуге арналған Өтінім 1. ________________________________________________________________ (ұйымның атауы) ___________________________________________________________________ (басшының лауазымы, аты-жөнi) авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету бойынша қызметтерге сертификаттық тексеру жүргiзуге өтiнедi. 2. Ұйым туралы мәлiмет: 1) меншiк нысаны _________________________________________________ 2) тiркеу туралы куәлiк __________________________________________ (нөмiрi, кiм және қашан бердi) 3) банктiк деректемелерi _________________________________________ (е/ш N, коршот, МФО, банктiң атауы мен орналасқан жерi) 4) заңды мекен-жайы және басқа деректемелер ______________________ (почталық мекен-жайы, тел. факс) __________________________________________________________________ 3. Қоса берiліп отырған құжаттар _________________________________ (қанша бет) Ұйым басшысы: _________________ 200_ жылғы "___" ______ (аты-жөнi, қолы) M.O. Құжаттарды: ____________________ 200_ жылғы "__" ______ қабылдады (уәкілеттi органның лауазымды тұлғасы) авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі қызметтерiн сертификаттау 3-қосымша Азаматтық авиация ұйымдарын авиациялық қауiпсiздiк бойынша сертификаттау жүргiзуге арналған өтiнiм бойынша Шешім 200_ жылғы "___" ______ N ___ ___________________________________________________________________ (ұйымның атауы) "___" ______ N ___ _______________________________________________ (объектінің атауы) ___________________________________________________________________ ұсынылған сертификаттау жүргiзуге арналған өтiнiмдi қарап, ___________________________________________________________________ мыналарды хабарлаймыз: 1. Сiздер ұсынған құжаттар сертификаттау талаптарына сәйкес келедi (сәйкес келмейдi) (сәйкес келмеген жағдайда сәйкес келмейтiн тармақ көрсетiледi) _______________________________________________ 2. Сертификаттық тексеру ___________ бастап _________ кезеңде өткiзiледi. 3. Тексеру __________________________________________________ (нормативтік құжаттардың атауы мен белгіленуi) талаптарына сәйкестiгiне жүргiзiледi. 4. Инспекциялық бақылауды ___________________________________ (уәкiлеттi органның атауы, мекен-жайы) жүзеге асырады. 5. Жұмыстар _________________________________________________ негiзiнде жүргiзiледі. Уәкiлеттi органның басшысы M.O. __________ __________________ (қолы) (аты-жөнi) 200_ жылғы "___" ______ авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі қызметтерiн сертификаттау 4-қосымша Авиациялық қауіпсіздiк қызметі өндірістік базасының авиациялық персоналы, техникалық құралдар мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде өтінім берушімен шарттық қатынастары бар ұйымдардың тізбесі бойынша жиынтық деректер 1. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тікелей жүзеге асыратын (өтініш беруші ұйымның атауы) басшы құрамы бойынша деректер
Әуежай (авиакомпания) басшысы Әуежай (авиакомпания) басшысының авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегі орынбасары. Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнің басшысы. Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнің (бұдан әрi - АҚҚ тексеру, қауіпсіздік бөлімшелерінің, әкімшілік бөлімшесінің басшылары. Әуежай (авиакомпания) басшысы _____________________ (қолы, аты-жөнi) Күні ________________________ М.О. 2. Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң персоналмен жинақталуы бойынша деректер (азаматтық авиация кәсiпорнының атауы) Жалпы саны ____ адам Нақты саны ____ адам
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |