|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және (2009.07.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008.11.07. № 684 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.07.10. № 1541 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2008.11.07. № 684 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.07.10. № 1541 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі. 2. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 22 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 8-құжат). 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация комитетi туралы ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң құзыретi шегiнде бақылау-қадағалау және iске асыру функцияларын, сондай-ақ дәрілік заттар айналымы саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттiң негiзгі мiндеттерi дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру, дәрiлiк заттардың (медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымды қоса алғанда) қауiпсiздiгiн, тиiмдiлігі мен сапасын қамтамасыз ету, дәрілік заттар айналымы саласында ғылым, техника және әлемдiк тәжiрибе жетiстiктерiн пайдалану болып табылады. Комитеттің аумақтық бөлiмшелерi болады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті органдарында және банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретінің мәселелерi бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделетін шешімдердi қабылдайды. 5. Комитеттің және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация комитеті" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттің функциялары мен құқықтары ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады: 1) дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау және қадағалау функциялары: дәрілік заттар айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың фармацевтикалық қызметін мемлекеттік бақылау; медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру; дәрілік заттарды өндіруге және көтерме саудада сатуға байланысты қызметке және денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке: өндіруге, тасымалдауға, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, өткізуге, пайдалануға, жоюға лицензия беру және оны қайтарып алу және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру; біліктілік талаптары мен фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережелерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; дәрілік заттар айналымы саласында сараптаманың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру; дәрілік заттарды жарнамалауды бақылауды жүргізу; 2) дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы функциялар: дәрілік заттар айналымы саласындағы бағдарламаларды іске асыру; дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ кейіннен дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып ала отырып, мемлекеттік тіркеудің қолданылуын тоқтата тұруды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік дәрілік заттар тізілімін жүргізу; дәрілік заттар айналымы саласына дәріханалық және басқа да практикалардың халықаралық стандарттарын енгізу жөнінде шаралар қабылдау; дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде дәрілік заттар айналымы саласындағы субъект қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы фармацевтикалық тексеру актісін жасау; уәкілетті орган бекіткен тәртіппен денсаулық сақтау ұйымдары мен фармацевтикалық қызмет объектілеріне жеткізілетін, қосылған құн салығынан босатуға жататын тауарлардың нысаналы пайдаланылуын растау; дәрілік заттарды, медицина техникасы мен медициналық бұйымдарды әкелуді және әкетуді келісу; дәрілік заттарға, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға салық салу және оларға баға белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу; дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілерді аккредиттеу; фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілердің біліктілік деңгейіне сәйкестігін тәуелсіз сараптамалық бағалауды жүргізу үшін заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүргізу; бес жылда бір рет мерзімділікпен фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды кәсіби құзыреттілікке аттестаттауды жүргізу; фармацевтикалық қызметкерлерге біліктілік санатын беру; дәрілік заттарды жарнамалауға рұқсат беру; дәрілік заттар айналымы саласында мониторингті жүзеге асыру; фармацевтикалық білімі бар мамандар қатарынан тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін жасау; дәрілік заттарды сынақтан өткізуді және (немесе) зерттеуді жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханаларының тізбесін айқындау; консультативтік-кеңесші және сараптамалық комиссиялар құру; жеке және заңды тұлғалардың фармацевтикалық қызмет мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау; дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі фармакопеялық баптарды және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту, сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінің технологиялық регламенттерін келісу, оларды есепке алуды және жүйелеуді жүргізу; өз құзыреті шегінде дәрілік заттар айналымы саласында халықаралық ынтымақтастық жасау. 11. Негізгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң өз құзыретi шегiнде заңнамада белгіленген тәртiппен: ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 2) тұжырымдамаларды, стратегияларды, даму жоспарларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 3) дәрілік заттар айналымы саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 4) негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрілік заттардың тізбесін айқындау жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 5) фармацевтикалық қызметке лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге; 6) дәрілік заттар айналымы саласында бәсекенi дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7) дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілерден дәрілік заттар айналымы мәселелері бойынша ақпаратты, есептілікті сұратуға және алуға; 8) дәрілік заттардың қол жетiмдiлігін, қауiпсiздігін, тиiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша дәрілiк заттар айналымы саласында жұмыс iстейтiн мамандар үшiн семинарлар ұйымдастыруға; 9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолдануға; 10) дәрілiк заттардың тиiмдiлігін, қауiпсiздiгiн және сапасын сараптауды ұйымдастыруды жүзеге асыруға; 11) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге; 12) ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара) 12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. 13. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 14. Комитеттiң өзiне бекітілген мүлiкте өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен оған билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке мүлiкке билiк ету құқығы берiлген жағдайда, ол заңнамада белгiленген шекте мүлiкке билiк етедi. 4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру 15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының санын Қазақстан Республикасының Үкіметi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. 16. Комитеттiң төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады. 17. Осы мақсатта Комитеттiң төрағасы: 1) Комитеттiң төрағасы орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн айқындайды; 2) заңнамаға сәйкес Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлерiн және оның аумақтық бөлiмшелерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшыларын ынталандыру, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi; 4) сала мамандарын азаматтардың денсаулығын сақтау iсiне ерекше еңбек сiңiргенi үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынады; 5) бұйрықтарға қол қояды; 6) Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi; 7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi. 18. Комитет төрағасының, оның орынбасарларының, аумақтық бөлiмшелердiң басшылары мен олардың орынбасарларының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға құқығы бар. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен құрылымы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің құрылымы
1. Басшылық 2. Дәрілік саясат басқармасы 1) Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру бөлімi 2) Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімi 3. Дәрілік заттар айналымын бақылау басқармасы 1) Дәрілік заттардың сапасын бақылау бөлімi 2) Дәрілік заттардың пайдаланылуын бақылау бөлімi
ҚР Үкіметінің 2008.11.07. № 684 (бұр. ред. қара); 2009.07.10. № 1541 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тізбе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті. 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті. 7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті. 8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті. 9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті. 10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті. 11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті. 12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті. 13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті. 14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті. 15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті. 16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |