|
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң кейбір (2006.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже; 2) Комитеттiң құрылымы бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2005.08.04 № 320 ; 2005.10.08 № 823 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2 тармақ өзгертілді 2. Комитеттiң төрағасына төрт орынбасары болуына рұқсат етiлсiн. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі - Комитет) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері: республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру; жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету; Комитет органдарына бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігін бақылау болып табылады. 2. Комитет өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Комитеттің аумақтық бөлімшелері болады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Қазынашылықтың егер оған заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады. 5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ҚР Үкіметінің 2005.10.22. № 1063 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11. 7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі. 8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер, Комитетке заңнамалық кесімдермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
10. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асырады: ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 135 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) мынадай салада мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар: мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу нәтижелері туралы ақпаратты даярлау; кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік тағайындауларға сәйкес республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру; мемлекеттік мекемелердің тапсырыстары бойынша ұлттық, сол сияқты шетел валютасы түрінде де ақша аударымын жүзеге асыру; екінші деңгейдегі банктер және банктік қызметтердің тиісті түрлерін көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ақпарат ұсыну; республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жедел, айлық, тоқсандық және жылдық есеп беруді даярлау; республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бағдарламалар, кіші бағдарламалар және ерекшеліктер бөлінісінде жүргізілген шығыстар туралы ай сайын ақпарат беріп отыру; ақылы қызметтерден, демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын қаражаттың пайдалануы туралы, валюталық шоттардан шығыстар жасалғандығы туралы жиынтық есептер дайындау; қазынашылықтың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік сыртқы қарыздар мен мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету кезінде ақша аударымын жүзеге асыру; мемлекеттік кепілдік, қарыз алушылардың қаражаты күшіне енген жағдайда бюджеттік кредиттер мен республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты беру, оларға қызмет көрсету және қайтару жөнінде жұмыстар жүргізу; үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыштық міндеттемелер мен талаптардың есебін және үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражатты алу жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету; қарыз алушылардың республикалық бюджет алдындағы бюджеттік кредиттер, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету; республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын жүргізу; бюджет ақшасы есебінен мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыру; республикалық бюджеттің қолма-қол ақша ағынын болжау және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің салымдарына (депозиттеріне) орналастыру жолымен кіріс алу мақсатында республикалық бюджет ақшасының ағымдағы қалдықтарын басқару; жергілікті атқарушы органдардың сенімді басқаруға алған уақытша бос ақшасын басқару, оларды орналастыру және есептелген сыйақымен қайтару; республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы мемлекеттік салықтар мен төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейдің бюджеттеріне есепке алу; мемлекеттік мекемелер заңсыз және мақсатсыз пайдаланған кезде, қаржылық бақылау органдарының ұсынысы бойынша ақшаны бюджетке даусыз тәртіппен өндіріп (қайтарып) алуды жүзеге асыру; 2) бақылау-қадағалау функциялары: бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жиынтық қаржы жоспарының мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкестігін бақылау; мемлекеттік мекемелер қабылдайтын міндеттемелер сомаларының берілген рұқсаттардың сомаларына сәйкестігін бақылау; мемлекеттік мекемелер қабылдайтын міндеттемелердің бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетілген іс-шараларға сәйкестігін бақылау; мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың бюджет заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру; мемлекеттік мекемелердің валюталық операциялар жүргізу кезінде валюта заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер ұйымдастыру; мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың сақталуын алдын-ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік мекемелердің, ақылы қызметтердің, демеушілік және қайырымдылық көмектің шоттарын және депозиттік шотты ашуға рұқсаттар берудің дұрыстығын бақылау; ақылы қызметтер көрсетуден алынған кірістерді мемлекеттік мекемелердің шоттарына есептеудің дұрыстығын бақылау; ақылы қызметтердің, демеушілік және қайырымдылық көмектің шоттары бойынша шығыстар жөніндегі операциялардың жүргізілуін бақылау; мыналар: бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары жиынтық қаржыландыру жоспарына; жүргізілетін төлемдер қабылданған міндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда қазынашылық төлем операцияларының атқарылуын тоқтата тұру; мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын игеру және шығыстары есебінің мониторингі; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Комитеттің тиісті банктік шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын жүргізу және есепке алу; бюджеттік қаражат, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тоқсандық және жылдық есептерін қабылдау мен тексеруді жүзеге асыру; үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен оны басқаруды және республикалық бюджет берешегі бойынша талаптардың сақталуына мониторингті, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар борышының мониторингін және оны бақылауды қамтамасыз ету; қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу кезінде ұйымдастыру шараларының сақталуын бақылау; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі агенттерінің бюджеттік кредиттерге, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерін орындауын бақылау. мемлекеттік мекемелерден республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат пен мәліметтер алуға, ал олар уақтылы ұсынылмаған жағдайда бухгалтерлік есеп беруді сұрауға; теңгеде және шетел валютасында бірыңғай қазынашылық шоты мен банктік шоттарының болуына; тиісті қаржы жылына арналған жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және оларға өзгерістер енгізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын есептемелердің негізділігін тексеруге; қаржы тәртібінің сақталуына және мемлекет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бағытталған ұсыныстарды енгізуге; мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беруінде жолсыздықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және оларды қаржылық бақылау органдарына қарауға жіберуге; өз құзыретінің шегінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп, бюджет жүйесіндегі есеп беру және қазынашылық органдарындағы ішкі аудит, есеп операцияларын жүргізу мәселелері бойынша бұйрықтар қабылдауға және олардың атқарылуын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлеуге қатысуға; халықаралық шарттардың, келісім-шарттардың және келісімдердің жобаларын дайындауға қатысуға; инвестициялық жобаларды іске асыруға жауапты министрліктерден үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатының түсуі (игерілуі) және жұмсалуы туралы есептерді сұратуға және алуға; мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу кезінде бюджеттік кредит беруді жүзеге асыру үшін қажетті барлық ақпаратты қаржы агенттерінен, қарыз алушылардан, мемлекеттік органдардан алуға; Комитет органдарының қызметін тексеруді жүзеге асыруға, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; шет елдердің қазынашылық жұмыс тәжірибесінің практикалық пайдалануы жөнінде ұсыныстар әзірлеуге; тек қана мемлекеттік бюджеттің қаражатына қатысты және оның есебінен олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, ұлттық және шетелдік валютада мынадай банктік операцияларды: заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді; аударым операцияларын: заңды тұлғалардың ақшаны аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды; есеп операциялары: заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алуды (дисконт); қарыз операциялары: ақшалай нысанда кредиттер беруді; аккредитивті ашуды (көрсетуді) және растауды әрі олар бойынша міндеттемелерді орындауды жүзеге асыруға құқығы бар.
12. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. 13. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады. 14. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік жүргізуге құқығы жоқ. Заңнамада белгіленген жағдайларда және шекте Комитетке мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
15. Комитетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын, санын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын орынбасарлары болады. 16. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді. өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді; заңнамаға және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бекітетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесі органдарының қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады; Комитеттің бұйрықтарына қол қояды; Комитет аумақтық бөлімшелерінің үлгілік ережесі мен үлгілік құрылымын бекітеді; Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді; бекітілген үлгілік құрылым мен штат санының лимиті шегінде Комитет аумақтық бөлімшелерінің құрылымын, штат санын бөлуді және штаттық кестелерді бекітеді; Комитетті мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
18. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң Құрылымы
Басшылық Жиынтық қаржылық жоспар және республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру басқармасы Түсiмдердi есепке алу басқармасы Төлем операциялары басқармасы Қолма-қол ақша, шоттарды талдау және салыстыру басқармасы Кредит беру басқармасы Есепке алу және қаржылық қызмет көрсету басқармасы Мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген борыштың мониторингі басқармасы Жиынтық есеп беру және Бас кiтап басқармасы Бюджеттік есепке алуды ұйымдастыру басқармасы Қазынашылық жүйесiн сүйемелдеу басқармасы Бағдарламалық-технологиялық құралдарды сүйемелдеу басқармасы Ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасы Iшкi бақылау басқармасы Үкiметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күші жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 215-құжат) 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары. 2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 9 шiлдедегi № 951 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 34, 303-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерістердiң 4-тармағы. 3. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626 және 1999 жылғы 5 шілдедегi № 930 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 шiлдедегi № 1084 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы. 4. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 12 маусымдағы № 813 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 22, 276-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы. 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 тамыздағы № 862 қаулысы. 6. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiн қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешімдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 маусымдағы № 695 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 25, 328-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбір шешімдерiне өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының төртiншi абзацы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |