|
|
|
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты (2006.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 Қаулысымен күші жойылды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енді)
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берілiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің Табиғатты қорғауды бақылау комитетi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң құрылымы бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуға рұқсат етілсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1126 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Табиғатты қорғауды бақылау комитетi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Табиғатты қорғауды бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласында мемлекеттік бақылау мен бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкілеттiк берiлген мемлекеттік орган болып табылады. Комитеттiң негiзгi мiндетi экологиялық қауiпсiз ортаны құру болып табылады. Комитеттiң, оның құзыретi шегiнде қабылданған шешiмдерi барлық мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар және ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi. 2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінің кесiмдерiн, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрi және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбасы, белгiленген үлгідегі бланкілерi болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитет, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитеттің аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігін ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. 5. Комитеттің толық атауы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғатты қорғауды бақылау комитетi. 6. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 7. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2. Комитеттің негiзгi функциялары 10. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады: 1) мемлекеттік саясатты iске асыру үшiн бақылау саласындағы функциялар: мемлекеттік органдардың, меншiк нысанына қарамастан, шаруашылық жүргізушi субъектілердiң табиғат қорғау заңнамасын сақтау және орындау; бақылау және құқық қолдану қызметi жүйесiн жетілдiру әрi оның тиiмдi әдiстерiн енгізу; мынадай бөлiкте қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік кадастрларды жүргiзу және табиғи ресурстарды есепке алу кезiнде экологиялық талаптарды сақтау; атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды, ластанудың тұрақты және жылжымалы көздерiнен шығарындылардың нормаларын, атмосфераны жасанды өзгерту жөніндегі iс-қимылды жүргізу кезіндегі шектеулердi орындау; өсімдіктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да химиялық әрi биологиялық заттарды, сондай-ақ өнеркәсіптік, тұрмыстық және өзге де қалдықтарды шығару, қолдану, сақтау, тасымалдау, кәдеге жарату, зарарсыздандыру және көму жөнiндегі белгiленген нормалар мен ережелердi сақтау; кәсiпорындар мен ведомстволардың талдау қызметтерiнiң өндiрiстiк экологиялық бағдарламаларды орындау; жануарлар және өсiмдiктер әлемiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптарды сақтау, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерiн сақтау; жердiң жай-күйіне терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды сақтау; тозған жерлердi қайта құнарландыруды, олардың құнарлылығын және жердiң басқа пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiрудi және оны уақтылы шаруашылық айналымға тартуды қамтамасыз ету; жердiң тозуымен байланысты жұмыстарды жүргізу кезiнде топырақтың құнарлы қабатын алуды, сақтауды және пайдалануды; жаңа және қайта жаңартылатын үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды және басқа да объектілердi орналастыру және пайдалануға беру кезiнде экологиялық талаптарды қамтамасыз ету; пайдалы қазбалардың өнеркәсіптiк қорларын немесе басқа да бұзатын процестер мен жұмыстарды әзiрлеу көлемiне қарай босатылатын жердi нысаналы мақсатына сәйкес оларды одан әрi пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтiру; өндiрiс және тұтыну қалдықтарын пайдалану, сақтау, тасымалдау, орналастыру, сондай-ақ улы материалдарды, заттарды, оның iшiнде биологиялық, қауіпті қалдықтарды және химияландыру заттарын тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптарды орындау; зиянды (ластаушы) заттардың шығарындыларына, төгінділеріне арналған рұқсаттарда белгiленген шарттарды орындау және өндiрiс әрi тұтыну қалдықтарын орналастыру; зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының, төгiнділерінің тұрақты көздерi бар әрi өндiрiс және тұтыну қалдықтарын құрайтын объектілердiң санитарлық-қорғау аймақтарының режимiн сақтау; су пайдалану және су бұру лимиттерi (нормалары) мен ережелерiн, сондай-ақ су пайдалану режимiн, сарқынды суларды төгудiң тәртібін және шарттарын сақтау; суды ұтымды пайдалану және ластанудан, қоқыстанудан және тартылудан қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтау; жер қойнауын қорғау жөнiндегі заңнамада белгіленген талаптарды, ережелер мен нормаларды сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша жер қойнауын пайдаланудың барлық деңгейіндегі келісім-шарттық талаптарды орындау; жер қойнауын пайдалану объектілерiн жою және консервациялау жөніндегі ережелердi сақтау; жер қойнауын барлау және өндiру, сондай-ақ өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және пайдалану кезiнде қауіптi техногендiк процестердiң пайда болуынан қорғайтын экологиялық талаптар мен нормативтерге сәйкес жер қойнауын пайдалану; минералдық шикiзаттарды өндiру және қайта өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша жобалық шешiмдердi сақтау; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiнде, әсiресе, мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму, сарқынды суларды төгу кезiнде жер қойнауы ластануының алдын алу; қоршаған орта объектілерінің радиоактивтi заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешiмдердi және рұқсаттардың қолданылу шарттарын орындау; қоршаған ортаға радионуклидтердi шығару мен төгу алдындағы тазарту құрылғылары жұмысының технологиялық регламенттерiн сақтау; су жинау алабында және жер асты сулары жиналатын жерлерде олардың жинақталуының алдын алу мақсатында өндiрiстік және тұрмыстық қалдықтарды қоймаға қою және орналастыру кезіндегі экологиялық талаптарды қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн, функциялары мыналар: қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық және жергілiкті атқарушы органдардың қызметiн үйлестіру; қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы сақтау мәселелерi жөніндегі қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау; бақылау-қадағалау және құқық қолдану қызметiнiң нәтижелерiн бағалауды қамтамасыз ету; бiрыңғай ғылыми-әдiстемелiк негізде қоршаған ортаны қорғау саласындағы талдау зертханаларының жұмысын жүзеге асыру. 11. Комитет өз құзыретi шегiнде: 1) министрлiктерден, ведомстволардан және өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару мәселелерi бойынша, сондай-ақ олардың табиғат қорғау заңнамасы талаптарын сақтау мәселелерi бойынша қажеттi ақпаратты алуға; 2) өз құзыреті шегiнде табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларды әкiмшiлік жауапкершілiкке тарту жөнiндегі шараларды қабылдауға, әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға; 3) сот органдарына кәсіпорындардың, құрылыстар мен объектілердiң жұмысын шектеу мен тоқтата тұру, оларды пайдалануға беруге тыйым салу, экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу немесе тоқтата тұру туралы өтiнiштер енгізуге не осы қызметтi тоқтату туралы ұсыныстар шығаруға; 4) табиғат қорғау заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы iстер бойынша сот тергеулерiнде қуыну талаптарын қоюға және талапкер болуға; 5) жануарлар мен өсiмдiктер әлемiн пайдаланушылардың экологиялық талаптар мен заңнаманың нормалары бұзылатын немесе жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнің сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген объектілердiң жойылуына әрi санының қысқаруына, олардың мекен ету және өсу ортасының, палеобиологиялық қалдықтар орналасқан жерлердiң бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкiн қызметiн тоқтата тұруға немесе қызметіне тыйым салу туралы ұсыныс енгізуге; 6) табиғи ресурстарды пайдалануға арналған лицензияларда белгіленген шарттардың сақталуын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiнiң жүзеге асырылуын, табиғат пайдалануға арналған шарттардың (келісім-шарттардың) және рұқсаттардың орындалуын тексеруге, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгізуге; 7) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында меншік және бағыныстылық нысанына қарамастан, ұйымдар мен басқа да объектілерге (оның iшiнде белгіленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектiлеріне) кедергісiз кiруге (қызметтiк куәлiктердi көрсеткен кезде); 8) тиiстi қаржы-кредит ұйымдарына экологиялық талаптарды бұза отырып немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылатын объектілердi салуды және пайдалануды, шаруашылық және өзге қызметтi қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқамаларды енгізуге; 9) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласындағы нормативтік-құқықтық және нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу мен жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды енгізуге; 10) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары мен болжамдарының жобаларын iске асыру жөніндегі ұсыныстарды енгізуге; 11) өз құзыреті шегiнде халықаралық экологиялық ұйымдармен, шетелдiк заңды тұлғалармен өзара iс-қимылды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасы қабылдаған келісімдер мен конвенцияларды, экологиялық бағдарламалар мен жобаларды орындау жөніндегі мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысуға құқылы. 12. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бiр уақытта Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып табылатын төраға басқарады. Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын Комитет төрағасының орынбасарлары болады. Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 13. Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасауды жүзеге асырады әрi Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын оның жүзеге асыруына дербес жауап бередi. 14. Комитет төрағасы осы мақсатта: 1) өз орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершілiгін айқындайды; 2) Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады, сондай-ақ аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары басшыларының келісімi бойынша бiр уақытта экологиялық инспекциялардың басшылары - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бас мемлекеттік инспекторлары болып табылатын аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары бастықтарының орынбасарларын қызметтерге тағайындау және қызметтерден босату туралы Қоршаған ортаны қорғау министрiне ұсыныс енгiзедi, заңнамада белгiленген тәртiппен оларға тәртiптік жаза қолданады; 3) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары құрамындағы экологиялық инспекциялар туралы ережелердi және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 4) өз құзыретi шегiнде Комитетті қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдiредi; 5) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрiне құрылымдық бөлiмшелердi құру және тарату туралы ұсыныстар енгiзедi; 6) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрығымен ресiмделедi. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 15. Комитеттің төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасарларының бірі атқарады. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 16. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртiппен жүргізіледi. ҚР Үкіметінің 2006.22.06. № 571 қаулысымен құрылым жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1126 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің құрылымы
Басшылық Қоршаған ортаның жай-күйін бақылау басқармасы Бақылау қызметін бағалау және жоспарлау басқармасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |