Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын
бақылайтын есеп комитетi мен Ресей Федерациясы Есеп палатасының
арасындағы Ынтымақтастық туралы
келісiм
(Москва қ., 2004 жыл 2 желтоқсан)
Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Ресей Федерациясының Есеп палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісіммен (Баку қ. 2017 жылы 5 қыркүйек) күші жойылды
Келісімге қол қою туралы ҚР Үкіметінің 30.11.04 ж. № 1243 қаулысын қара
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитеті мен Ресей Федерациясының Есеп палатасы,
Жоғары қаржы бақылау органдары халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ) мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Жоғары қаржы бақылау органдарының басшылары кеңесiнiң сессияларында қол жеткiзiлген уағдаластықтардың iске асырылуына маңызды мән бере отырып,
өзара құрмет, сенiмділiк, тең құқықтық пен өзара тиiмдi ынтымақтастық қағидаттарын негізге ала отырып,
мемлекеттік қаржы бақылаудың тиімділігін арттыруға өзара ұмтылуды бiлдiре отырып,
мына төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар өз құзыретінің шегінде мынадай негізгi бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады:
а) мемлекеттік қаржы бақылауды жүзеге асырудың әдiснамасы мен тәртібі саласында тәжірибе алмасу;
б) кадрларды кәсіби оқыту және олардың біліктiлігін арттыру саласында өзара iс-қимыл жасау;
в) бiрлескен зерттеулер, семинарлар, конференциялар және жұмыс бабындағы кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
г) мемлекеттік қаржы бақылауды жүзеге асыру мәселелерiне жататын ұлттық заңнама кесiмдерiмен, кәсiби ақпаратпен және әдiстемелермен алмасу.
Тараптар өз құзыретiнiң шегінде өзара мүдденi бiлдiретiн басқада бағыттарда ынтымақтастық дамытады.
2-бап