Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру туралы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 Бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру туралы ереже бекітілсін. 2. Орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 4. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары (департаменттері) аталған бұйрықты білім беру ұйымдарының барлық аудандық, қалалық бөлімдеріне жеткізсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым бірінші вице-министрі Г.Н.Гамарникке жүктелсін.
Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 923 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген. 2. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі Қамқоршылық кеңес) - білім беру ұйымын алқалы басқару нысаны болып табылатын сайланбалы орган. 3. Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Ережелерді, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады. 4. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар, студенттер (оқушылар) комитеттерімен, жергілікті өкілдікті және атқарушы органдармен, мүдделі ведомствалармен және басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|