|
|
|
Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 Қаулысымен күші жойылды
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық түсiндіру жұмысының нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиiмдiлiгін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Жергілiктi атқарушы органдар құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегі өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлесiн. 3. "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 13 мамырдағы № 591 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 21, 182-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі жыл сайын, жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын. 5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегі бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшінe енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1382 қаулысымен бекітілген Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама 1. Бағдарламаның паспорты 2. Кірiспе 3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны iске асыру тетiгi 6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер 8. Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары Бағдарламаның атауы Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама Бағдарламаны әзірлеу Қазақстан Республикасы үшiн негiздеме Президентінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 14-622 к тапсырмасы Негізгі әзірлеушi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі. Мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетi деңгейiн арттыру. Мiндеттерi Қазақстан заңнамасын түсiндiру, онда анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жұмыстар жүргiзу; жаңа тұрпатты мемлекеттік қызметшiлердiң құқықтық даярлық деңгейiн арттыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау, құқықтық түсiндiру жұмысына дүниежүзiлiк "Интернет" желiсін қоса алғанда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану; Құқықтық мәдениеттi, құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулердi жандандыру. Қажетті ресурстар және Бағдарламаны iске асыру оларды қаржыландыру көздерi республикалық бюджет қаражатынан 198 млн. теңге сомасында қаржыландыруды талап етедi. Республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемi (млн. теңге), соның iшiнде жылдар бойынша: 2005 жыл - 65 млн. теңге; 2006 жыл - 66,5 млн. теңге; 2007 жыл - 66,5 млн. теңге. Көзделетiн сомалар жыл сайын тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады. Күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру тiзбесi олардың басымдықтарын негiзге ала отырып әзiрленген нақты iс-шаралардың негiзiнде жүзеге асырылады. Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуы: электронды БАҚ-та құқықтық тақырыпқа арналған хабарлар көлемiн арттыруға; республикалық мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы құқықтық тақырып бойынша арнайы айдарлардың санын ұлғайтуға; республикалық радиода және орталық мемлекеттік телеарналарда құқықтық тақырып бойынша телевизиялық бағдарламалар мен радиохабарлардың санын ұлғайтуға; құқықтық тақырып бойынша оқу-әдiстемелiк, ғылыми және басқа да әдебиеттердi шығару көлемiн арттыруға; Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетi деңгейiн елеулi түрде көтеруге, құқықтық тәртiп пен заңды құрметтеудiң нақты жағдайын орнатуға; құқықтық түсiндiру жұмысын, азаматтарды құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиелеудi қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бiрлестiктер мен үкiметтiк емес ұйымдардың күш-жiгерiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi. Iске асыру мерзiмдерi 2005-2007 жылдар Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк жылдарында тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде қалыптасудың маңызды жолдарынан өттi. Республикада жүргiзiлiп жатқан құқықтық реформалармен қатар құқықтық мемлекет құру - сипатты белгiлерiнiң бiрi халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiнiң биiк деңгейi болып табылатын толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыруды талап етедi. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн дамытудың оңтайлы процесi қоғам мен мемлекет өмiріндегі барынша маңызды әлеуметтiк аспектiлердiң бiрi болып табылады, өйткенi ол азаматтық қоғамның барлық мүшелерiнiң құқық пен заң құндылықтарын толық қабылдауын қамтамасыз ете отырып, қоғамда азаматтық келісім мен құқықтық тәртiптiң нығаюына және олардың одан әрi бiрiгуiне ықпал етедi. Мұндай қоғамды ойдағыдай құру үшiн, ең алдымен, жеке құқықтық сананы дамыту және құқықтың нормативтiк-реттеушiлiк ролiн ұғыну, сондай-ақ ел азаматтарына өз құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын шешiмдердi қабылдау мен iске асыруда өздерiнiң тiкелей қатысуына нақты мүмкiндiк беру қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 қаулысында мынадай бағыттар бөлiнiп көрсетiлген: халықтың құқықтық мәдениетi мен құқықтық хабардарлығын арттыру, экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгін көтеру және заңдылықты, құқықтық тәртiптi, реттіліктi нығайту. Бiрақ көрсетiлген бағыттардың барлығы бiрдей толық көлемде орындалған жоқ. Халықтың құқықтық мәдениет деңгейi жеткiлiксiз деңгейде қалып келедi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 мамырдағы № 591 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға арналған жалпыға бiрдей құқықтық оқудың кешендi бағдарламасының қолданылуы аяқталған кезден бастап, Республиканың мемлекеттік органдары құқықтық түсiндiру жұмысы саласындағы жүйелi тәсiл мен мақсатты бағыттылықты қамтамасыз ететiн бiрде-бiр құжат қабылдаған жоқ, бұл құндық-құқықтық бос кеңiстiктiң туындауына әкеп соқтырды. Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 14-622 к тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегi № 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес әзiрлендi. Бағдарламаны iске асыру мынадай негiзгi қағидаттарды: кешенділік және нәтижелілік; iске асырушылық (орындаушылық); сабақтастық; жүйелiлiк; атаулы бағыттылықты сақтай отырып, ауқымды ұйымдастырушылық шаралар кешенiн орындауды көздейдi. 3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбие мәселелерi өзара байланысты және өзара келісілген болып табылады, қоғамның өмiр-тiршiлiгiнiң барлық жақтарына қатысты болады. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау көзқарасты өзгерту, жаңа үрдiстердi, әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды ескеру, азаматтарды құқықтық қатынастардың жаңа түрлерiне бейiмдеуге ықпал ету қажеттiгiн көрсетедi. Құқықтық түсiндiру жұмысында, әсiресе құқықтық білім беру мектептерiнде тыңдаушылардың құрамын айқындауда олардың білім деңгейiн, айналысатын кәсiбiнiң түрiн, салалық бағыттылығын ескере отырып, саралауға қол жеткізуiмiз керек. Ақпараттар ағынының ұдайы ұлғаюы, оның жүйесiз сипаты мән-мағынасының бiркелкiленуiне, халықтың қабылдамауына әкеп соқтырады. Бұқаралық ақпарат құралдарының қарқынды дамуымен, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының орналасуымен, мәдениет мекемелерi санының көптiгiмен байланысты қала халқы жағдайының қолайлы екендiгi баршаға мәлiм. Сондықтан неғұрлым маңызды, түйiнді проблемаларды бөлiп алып, бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрi БАҚ) мүмкiндiгiн пайдалана отырып, оларды дәйектi түрде жариялауға, түсiндiруге қол жеткiзген орынды. Алайда мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланған және эфирге шыққан телевизия және радио бағдарламаларын талдау құқықтық тақырыпты ашудың әлi де жеткiлiксiз жүзеге асырылып отырғанын көрсетедi. Мемлекеттік органдардың, әрбiр мемлекеттік қызметшiнiң, кәсiби заңгердiң, әсiресе құқықтық түсiндiру жұмыстарына қатысатын құқық қорғау жүйесi субъектiлерiнiң, сондай-ақ ғылыми мекемелердiң, ғылыми-педагогикалық кадрлардың рөлiн көтеру қажет. Өз кезегiнде оқу орындары, ғылыми мекемелер мемлекеттік органдардың қатысуымен осы проблемаларға зерттеулер жүргiзу мен оның теориялық базасын жандандыруды қамтамасыз етуi тиiс. Осы саладағы перспективалы ғылыми әзiрленiмдер жүргiзетiн жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында гранттар беру жүйесiн дамыту, азаматтардың құқықтық мәдениетi мен құқықтық тәрбиесiнiң проблемалары бойынша ғылыми зерттеулермен айналысу үшiн жағдай жасау қажет. Алда құқықтық түсiндiру жұмысы саласындағы мемлекеттік органдардың iс-әрекеттеріндегі бытыраңқылықты еңсеру мiндетi тұр. Әдiлет органдарының деректерi бойынша республикада 156 мыңнан астам тыңдаушы қатысатын 3800-ден астам құқықтық білім беру мектептерi жұмыс iстейдi. Алайда, талдау республиканың облыстары мен қалаларында осы проблеманы шешудiң әртүрлi тәсiлi бар екендiгiн көрсетедi. Кейбiр өңiрлерде сан "қуушылық" байқалады... . Демек, бiрыңғай талаптар, ортақ әдiснама әзірлеу қажет, жаңа ақпараттық технологиялардың жетiстiктерiн ескере отырып, құқықтық түсiндiру жұмыстарының iс-шараларын өткізудiң нысандары мен әдiстерiн өзгерту талап етiледi. Құқықтық түсiндiру жұмысының негiзгi нысандарының бiрi ретiндегі дәрiстiк насихаттың рөлi әлсiреген. Осыған еңбегiне лайықты дәрежеде ақы төленуге тиiс біліктi дәрiскерлердi, құқық қорғау, сот органдарының барынша тәжiрибелi маман-практиктерiн белсендi түрде тарту қажет. Дәрiстiк насихат, құқықтық жұмыстың басқа да нысандары мен әдiстерi мәселелерiмен айналыса алатын ұйым құру туралы мәселенi шешетiн уақыт жеттi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |