|
|
|
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы N 136-1 Заңы (ҚР 22.12.98 ж. N 328-1; 05.04.99 ж. N 364-1; 16.11.99 ж. N 482-1; 16.07.01 ж. N 244-II; 10.10.01 ж. N 247-II; 04.01.02 ж. N 278-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР 2002 ж. 29 желтоқсандағы N 369-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды I Бөлім Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi (1 - 6 баптар) 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар) II Бөлім Орталықтан зейнетақымен (7 - 21 баптар) қамсыздандыру 2-тарау. Орталықтан зейнетақы (7 - 10 баптар) төлемдерiн алу құқығы 3-тарау. Орталықтан зейнетақы тағайындауға (11 - 12 баптар) арналған еңбек стажы 4-тарау. Орталықтан төленетiн зейнетақы (13 - 14 баптар) төлемдерiн есептеу 5-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн (15 - 17 баптар) тағайындау 6-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу (18 - 21 баптар) және олардан ұстап алу тәртiбi III Бөлім Жинақтаушы зейнетақы қорларынан (22 - 59 баптар) зейнетақымен қамсыздандыру 7-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен (22 - 31 баптар) қамсыздандыруды ұйымдастыру 8-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын (32 - 45 баптар) ұйымдастыру 9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының (46 - 48 баптар) өз капиталы 10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi (49 - 50 баптар) мен есеп берiп отыруы, жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы 11-тарау. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының (51 - 59 баптар) зейнетақы активтерiн басқару IV Бөлім Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (60 - 66 баптар) және Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің әскери қызметшілерін, қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері 12-тарау. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн (60 - 66 баптар) зейнетақы төлемдерiн алу құқығы V Бөлім Қорытынды ережелер (67 - 69 баптар) Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi. I Бөлім Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi 1-тарау. Жалпы ережелер ҚР 22.12.98 ж. N 328-1 Заңымен 1-бап өзгертілді; ҚР 05.04.99 ж. N 364-1 Заңымен 1-бап өзгертілді және толықтырылды 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: осы тұлғаның аффилиирленген тұлғасы (аффилиирленген тұлға) шешім белгілеуге және (немесе) осы тұлға қабылдайтын шешімге, соның ішінде шарт күшіне, ауызша шартты немесе өзге мәмілені қоса алғанда, ықпал етуге тікелей және (немесе) жанама құқығы бар жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде осы тұлғаның қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ осы тұлғаға қатысты осындай құқыққа ие болған кез келген жеке немесе заңды тұлға. Акционерлік қоғамының лауазымды адамы, оның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін (ашық халықтық акционерлік қоғамдар үшін - бес және одан да көп процентін) иеленуші акционері міндетті түрде оны аффилиирленген тұлғалары деп танылады; банк-кастодиан - клиенттердiң сенiп тапсырған бағалы қағаздары мен ақша жауапкершiлiкпен сақтау және есепке алу жөнiнде қызмет көрсететiн банк; жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы (бұдан әрi - салымшы) зейнетақы төлемiн алушының пайдасына зейнетақы жарналарын төлеудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; жинақтаушы зейнетақы қоры - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинап, алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды тұлға; Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық) көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін республикалық бюджеттен зейнетақыларды төлеуге бөлінетін қаржы есебінен, осы Заңның шарттары бойынша зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлеуді жүзеге асыратын, міндетті зейнетақы жарналарын есепке алатын және оларды төлеушілерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын, сондай-ақ азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар тағайындайтын заңды тұлға; диверсификация - зейнетақы активтерiнiң жоғалып кету қатерiн азайту мақсатымен оларды орналастыру туралы бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлейтiн мiндеттi талаптар; ерiктi зейнетақы жарналары - мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына алушының пайдасына заңдарда және зейнетақы шартында белгiленетiн тәртiп пен мөлшерде салымшылардың өз бастамасымен енгiзетiн ақша; "алтын акция" - мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылар енгiзетiн, жарғылық қорды құрауға қатыспайтын және дивидендтер алуға құқық бермейтiн акциясы. "Алтын акция" иесiнiң жарғыда белгiленген мәселелер бойынша жалпы жиналыстың, басқарманың және байқаушы кеңестiң шешiмдерiне вето қою құқығы болады. инвестициялық кiрiс - бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған ақша; жеке зейнетақы шоты - алушының жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке атаулы шоты, салымшылардың зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiс соған түседi және есептеледі және жеке зейнетақы шотының иесiне зейнетақы төлемдерi содан төленедi; кастодиандық шарт - банк-кастодиан мен оның клиентi жасасатын бағалы қағаздар мен ақша жауапкершiлiкпен сақтау және есепке алу туралы шарт; жинақтаушы зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания - мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының зейнетақы заңдарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты заңдарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға; жинақтаушы зейнетақы қорлары - мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары; мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардың мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын, заңдарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты жинауды және алушыларға зейнетақы төлеудi, сондай-ақ зейнетақы активтерiн қалыптастыру жөнiндегi қызметтi және осы заңда белгiленген тәртiппен оларды зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания арқылы инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға; міндетті зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес төлемшілер мен салымшылар заңдарда белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақша; Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар; ресми трансферттер - бюджетке өтеусiз және қайтарылмайтын түсiмдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар; зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы; зейнетақы активтерi - жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеудi қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған қаражат; зейнетақы төлемдерi: Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгiленген тәртiппен еңбек стажына пропорциялы түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу; жинақтаушы зейнетақы қорларынан - алушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын ақша төлеу; жинақталған зейнетақы қаражаты - жинақтаушы зейнетақы қорларына енгiзiлген мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметiнен құралатын инвестициялық кiрiстi қоса алғанда, зейнетақы төлемдерiн алушының дербес зейнетақы шоттарында көрсетiлген ақша; зейнетақы шарты - зейнетақы жарналары мен жинақталған қаражатқа байланысты құқық қатынастарын орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы, бiр жағынан, жинақтаушы зейнетақы қорлары және, екiншi жағынан, салымшы немесе алушы арасында жасалатын шарт (келiсiм); зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналары төленетiн және зейнетақы төлемдерi жүзеге асырылатын және (немесе) Орталықтан зейнетақы төлемдерi тағайындалған жеке адам; пруденциалдық норматив - уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлейтiн, олар үшiн зейнетақы активтерiн басқару процесiнде сақталуы мiндеттi нормативтер; жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттiк статистикасының уәкiлеттi органы есептеп шығаратын тұтыну бағалары индексiне үйлестiрiлген нақты құны; кастодиандық шот режимi - заңдарда және кастодиандық шартта көрсетiлген, осы режим мiндеттi түрде сақталатын шарттар; зейнетақы жарналарының ставкасы - зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістен жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың міндетті зейнетақы жарнасының проценттік қатынаспен алынған мөлшері; уәкiлеттi орган - өз өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi мемлекеттiк орган. әлеуметтік жеке код - жеке зейнетақы шоттарын енгізу мен оған бақылау жасау және азаматтарды бірегейлендіру бойынша басқа да әлеуметтік рәсімдер мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін осы заңның 2-бабына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар әрбір азаматқа тағайындалатын тұрақты жеке код; бөлектеп есеп жүргізу - заңды тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу. ҚР 05.04.99 ж. N 364-1 Заңымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы 1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы. 2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. 3-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар 1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. ҚР 22.12.98 ж. N 328-1 Заңымен 1-бап өзгертілді; ҚР 05.04.99 ж. N 364-1 Заңымен 1-бап өзгертілді және толықтырылды 4-бап. Мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу және олардың түсуiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбi 1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді зейнетақы жарнасының ставкасы бойынша зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістің он проценті мөлшерінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке тұлғалар жүзеге асырады, бірақ ол заң актісінде белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің он процентінен кем болмауы керек. Осы Заңның 9 және 60-баптарына сәйкес зейнет жасына жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады. 2. Ерiктi зейнетақы жарналарын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы шартына сәйкес төлейдi. 3. Нақты төленіп, кіріс келтірілген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорларына уақтылы төленбеген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті жинақтаушы қорларға кешіктірілген әр күн үшін (төленген күнін қоса алғанда) сол сомалар төленген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,2 еселенген ставкасы мөлшерінде өсім есептей отырып, өндіріліп алынуға тиіс. 4. Міндетті зейнетақы жарналарының жинақтаушы зейнетақы қорларына толық және уақтылы аударылуын бақылауды салық заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады. ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 16.11.99 ж. N 482-1 Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер 1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 1 сәуірге дейін зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейінгі кезеңдерде зейнетақы төлемдері осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады. 2. Зейнеткерлiк жасына жеткен және осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес өзi зейнеткерлiк жасқа жеткенге дейiн 1998 жылғы 1-қаңтардан кейiн қалған мерзiмнiң кемiнде төрттен үшiне тең кезең iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеген азаматтарға, егер зейнетақы мөлшерi заң актiлерiмен белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен төмен болса, тиiстi қосымша төлемдер түрiнде мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы берiледi. 3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі. 4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және/немесе оны төлеудi жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 13-бабының 4-тармағының ережелерi қолданылады. ҚР 05.04.99 ж. N 364-1 Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар 1. Мемлекеттiк жинақтау қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепiлдiк бередi. 2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуы: 1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау; 2) зейнеткерлiк активтердi басқару жөнiндегi компанияның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау; 2-1) екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау; 3) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар үшiн қызметтiң пруденциалдық нормативтерiн белгiлеу; 3-1) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу; 4) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу; 5) қорлардың ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерін басқару компанияларымен (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа) аффилиирленбеген кастодиан-банкте ғана сақтау талабын белгілеу; 6) зейнетақы активтерін бір-біріне және кастодиан-банкке қатысы жағынан аффилиирленбеген тұлға болып табылмайтын банктерге депозиттерге орналастыру; 7) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату; 8) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi мiндеттерiн зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларға беру; 9) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларға диверсификация және зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде тәуекелдi азайту жөнiнде талаптар белгiлеуi; 10) жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгiзу; 11) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргiзудiң мiндеттiлiгi; 12) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың тиiстi мемлекеттiк органдар алдында заңдарда белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық және статистикалық есеп берiп отыруы; 13) алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорының екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен аспауы керек; 14) жинақталған зейнетақы қаражат алушының таңдауы бойынша толық көлемiнде немесе iшiнара сақтандыру арқылы қамтамасыз етiледi. II Бөлім Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру 2-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы ҚР 04.01.02 ж. N 278-II Заңымен 7-бап толықтырылды 7-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы Азаматтарға осы Заңда белгiленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығына кепiлдiк берiлген. Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сіңірген жылдары үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы беріледі. 8-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар азаматтар санаттары 1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына: 1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарына; 2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлiк жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар адамдарға еңбек стажына пропорционалды мөлшерде төленедi. 2. Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем Орталықтан он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi. 9-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау 1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi: 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда; 1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда; 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда; 2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда; 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады. 2. Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы. 3. Ауылдық жерде тұратын, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шiлдеден бастап жыл сайын 6 айға өсiп отырады, бiрақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиiс. 4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына: 1) еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда; 2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады. 5. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған азаматтар санаттарына олардың 1997 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады. 6. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына пропорциялы үлес ретiнде есептеледi. 10-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу кезеңi Орталықтан зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және төленiп отырады. 3-тарау. Орталықтан зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажы 11-бап. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу 1. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу кезiнде мыналар есепке алынады: 1) еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс; 2) әскери қызмет; 3) құқық қорғау органдарындағы қызмет; 6) I топтағы мүгедекке, II топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және өзгенiң жәрдем көрсетуiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт; 7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт; 8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт; 9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiн ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты; 10) еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде өздерi басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың /жасына қарамастан/ сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса; 11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты; 12) бұрынғы кеңес мекемелерiнiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi әйелдерiнiң (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңi, бiрақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиiс; 13) офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер әйелдердiң мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс; 14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқу; 15) әскерилендiрiлген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлiмдерiнде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан; 16) әлеуметтiк сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс. 2. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады: 1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмiн есеп үшiн белгiленген тәртiппен;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |