|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 ж. 9 сәуiрдегі N 306 қаулысы (ҚР Үкiметiнiң 29.06.02 ж. N 710; 20.03.04 ж. N 364 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2005 ж. 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. N 710; 20.03.04 ж. N 364 қаулыларымен 1 тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясымен ("Мир" МТРК) жұмысты үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. N 710; 20.03.04 ж. N 364 қаулыларымен 2 тармақ өзгертілді 2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1997 жылғы 5 қыркүйектегі Жарғысына сәйкес "Мир" МТРК Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасының Ақпарат бірінші вице-министрі Олег Григорьевич Рябченко енгiзiлсiн. ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. N 710; 20.03.04 ж. N 364 қаулыларымен 3 тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Ақпарат вице-министрі Ардақ Дүкенбайұлы Досжан Қазақстан Республикасының "Мир" МТРК Жалпы жиналысындағы өкiлеттi өкiлi болып бекiтiлсiн. ҚР Үкiметiнiң 20.03.04 ж. N 364 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды 4. Е.Қ. Бекқожин "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасындағы Ұлттық филиалының директоры болып бекiтiлсiн. ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. N 710; 20.03.04 ж. N 364 қаулыларымен 5 тармақ өзгертілді 5. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмнiң жобасын әзiрлеу тапсырылсын. ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. N 710; 20.03.04 ж. N 364 қаулыларымен 6 тармақ өзгертілді 6. "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмдi жасасу жөнiндегi өкiлеттiктер және осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне жүктелсiн. 7. "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 533 қаулысының 4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |