|
|
|
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 30 маусымдағы N 253 Заңы (ҚР 22.12.98 ж. N 327-1; 16.11.99 ж. N 479-1; 29.03.00 ж. N 42-II; 05.05.00 ж. N 48-II; 09.08.02 ж. N 346-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР 2003 ж. 5 мамырдағы N 409-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1-тарау. Негiзгi ережелер (статьи 1 - 5) 2-тарау. Атқарушылық әрекеттердi жасаудың (статьи 6 - 32) жалпы жағдайлары 3-тарау. Ақша сомаларын және өзге мүлiктi (статьи 33 - 68) өндiрiп алу тәртiбi 4-тарау. Өндiрiп алынған ақша сомаларын бөлу (статьи 69 - 76) 5-тарау. Атқарушылық санкция, атқару құжаттарын (статьи 77 - 78) орындамағаны үшiн жауапкершiлiк 6-тарау. Шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар және (статьи 79 - 80) шетелдiк заңды тұлғалар жөнiнде атқарушылық әрекеттер жасау. Шет мемлекеттердiң сот және өзге құжаттарын орындау 7-тарау. Сот орындаушыларының құқықтық жағдайы (статьи 81 - 88) құрылымдық бөлiмшелер құрылады. Осы Заң атқарушылық iс жүргiзудiң құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, сондай-ақ сот орындаушыларының құқықтық мәртебесiн айқындайды. 1-тарау. Негiзгi ережелер 1-бап. Атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi Атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтық және шаруашылық iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер жөнiндегi үкiмдер мен қаулыларды мiндеттi түрде және уақтылы орындау, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешiмдерi мен қаулыларын орындау болып табылады. 2-бап. Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдар Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 3-бап. Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдардың қолданылу тәртiбi 1. Атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. 2. Бюджетке төленетiн салық төлемдерi мен өзге де мiндеттi төлемдердiң берешегiн, айыппұлдар төлеудi кешiктiргенi үшiн өсiмдердi, бюджетке төленетiн салық төлемдерi мен өзге де мiндеттi төлемдер туралы заңдарды бұзғаны үшiн өзге де санкцияларды өндiрiп алу жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзу осы Заңда белгiленген тәртiппен және салық пен кеден заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 3. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң атқарушылық құжаттары жөнiнде атқарушылық iс жүргiзу, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан өзгеше туындамаса, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. 4-бап. Атқарушылық iс жүргiзу органдары 1. Қазақстан Республикасының соттары мен басқа органдарының осы Заңның 7-бабында аталған қаулыларын орындау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынан басқа барлық соттардың жанында болатын аумақтық органдарының сот орындаушыларына жүктеледi. 2. Заңдарда көзделген жағдайларда соттар мен басқа да органдардың қаулыларын орындау сот приставының жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады. 3. Соттар мен басқа да органдардың ақшалай сомаларды өндiрiп алу жөнiндегi қаулыларын орындауды сондай-ақ салық органдары, банктер және өзге де банктiк емес қаржы мекемелерi жүзеге асырады. Өзге де органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар атқарушылық әрекеттердi заңның ол жөнiндегi тiкелей нұсқауына қарай не сот атқарушысының талабы бойынша жүзеге асырады. ҚР 29.03.00 ж. N 42-II; 09.08.02 N 346-II Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Атқарушылық құжаттардың тiзбесi 1. Мыналар: 1) сот қаулылары негiзiнде берiлетiн атқару парақтары және бұйрықтары; 1-1) азаматтық iс жүргiзу заңдарына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары; 2) алынып тасталды 3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) шығарған қаулылар; 4) халықаралық және шетелдiк соттар мен төрелiктердiң шешiмдерi негiзiнде берiлетiн атқару парақтары; 4-1) прокурордың өз талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы қаулысы; 5) алынып тасталды 6) заңдарда көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары атқару құжаттары болып табылады. 2. Атқару құжаты жоғалған жағдайда қаулы шығарған орган заңда көзделген тәртiппен беретiн оның көшiрмесi өндiрiп алу үшiн негiз болып табылады. 2-тарау. Атқарушылық әрекеттердi жасаудың жалпы жағдайлары ҚР 29.03.00 ж. N 42-II Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану негiздерi Соттың немесе өзге де органның қаулысын және сот бұйрығын өз еркiмен орындамау, сондай-ақ атқарушылық құжаттың болуы мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға негiз болып табылады. ҚР 29.03.00 ж. N 42-II; 09.08.02 N 346-II Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Атқару құжаттарын орындауға беру мерзiмдерi 1. Атқару құжаттары мына мерзiмдерде: 1) жалпы юрисдикция соттары шешiмдерiнiң негiзiнде берiлетiн бұйрықтар мен атқару парақтары - үш жыл iшiнде; 2) алынып тасталды 3) өзге соттар шешiмдерiнiң негiзiнде берiлетiн атқару парақтары - алты ай iшiнде; 4) еңбек даулары бойынша сот беретiн куәлiктер - үш ай iшiнде; 5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары - үш ай iшiнде; 6) прокурордың қаулылары - үш ай iшiнде мәжбүрлеп орындатуға берiлуi мүмкiн. 2. Аталған мерзiмдер: 1) мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде соттардың шешiмдерi мен үкiмдер негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде үкiмнiң не шешiмнiң заңды күшiне енген немесе шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту кезiнде белгiленген мерзiм аяқталған күннiң ертеңiнен бастап, ал шешiм дереу орындауға тиiс болған жағдайларда - оны шығарғаннан кейiнгi күннен бастап; 2) өзге соттар шешiмдерiнiң негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде - осы соттар мәжбүрлеп орындату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн келесi күннен бастап; 3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi қаулыларды орындау кезiнде - қаулы шығарылған күннен бастап; 4) қалған атқару құжаттарының барлығы бойынша - олар берiлгеннен кейiнгi күннен бастап есептеледi. 3. Мерзiмдi төлемдер өндiрiп алу туралы шешiмдер (алимент өндiрiп алу туралы, мертiктiрумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен келтiрiлген зиянды өтеу туралы және басқа iстер бойынша) атқару құжаттары төлем жасауға берiлген барлық уақытта күшiн сақтайды. Мұндай жағдайларда мерзiм әрбiр төлем үшiн жеке есептеледi. 8-бап. Атқару құжатын беру кезiндегi мерзiмiнiң үзiлуi 1. Атқару құжатын орындауға беруге арналған мерзiм: 1) атқару құжатын орындауға беру; 2) атқару құжатын борышкердiң iшiнара орындауы арқылы үзiледi. 2. Үзiлiстен соң мерзiмiнiң өтуi қайтадан басталады, бұл орайда үзiлiске дейiнгi өткен уақыт жаңа мерзiмге есептелмейдi. 3. Үзiлiстен кейiнгi жаңа мерзiм атқару құжаты бойынша өндiрiп алу толық не iшiнара жүргiзiлмеген, өндiрiп алушыға қайтарылмаған күннен бастап есептеледi. ҚР 29.03.00 ж. N 42-II Заңымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Атқару құжатын орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру 1. Атқару парағын орындауға ұсыну мерзiмiн өткiзiп алған өндiрiп алушы - шешiм шығарған сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасауға хақылы. 2. Атқару парағын орындауға берiлген мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн сот дәлелдi деп таныған жағдайда мерзiм қалпына келтiрiлуi мүмкiн. 3. Қалған атқару құжаттары бойынша өтiп кеткен мерзiм қалпына келтiруге жатпайды. ҚР 29.03.00 ж. N 42-II Заңымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Атқару құжатын iс жүргiзуге қабылдау 1. Сот орындаушысы атқару құжаты келiп түскеннен кейiн атқарушылық iс жүргiзудi қозғап, бұл туралы қаулы шығарады. 2. Сот орындаушысы дереу, бiрақ үш тәулiктен кешiктiрмей, дереу орындалуға тиiстi атқару құжаттарын қоспағанда бес күн мерзiм бере отырып, атқару құжатын өз еркiмен орындау туралы борышкерге ұсыныс жасайды. Сот орындаушысы сонымен бiр мезетте борышкердiң мүлкiне тыйым салып, мүлкiн хаттайды, бұл жөнiнде осы Заңның талаптарын сақтай отырып, акт жасайды. Бұл орайда борышкердiң банктегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа да мүлкіне сот орындаушысы прокурордың санкциясымен ғана тыйым салады. 3. Орындауға беру мерзiмi өткiзiлiп алынған атқару құжаты бойынша атқарушылық iс жүргiзу қозғалмайды, сот орындаушысы бұл туралы қаулы шығарады және өндiрiп алушыға өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы сотқа арызбен жүгiну құқығын түсiндiрiледi. 11-бап. Атқару құжатын қайтару 1. Құжат заңда белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сот орындаушысы үш күн мерзiмде қайтару туралы қаулы шығарып, оны берген органға жiбередi, бұл жөнiнде өндiрiп алушыға хабарлайды. 2. Сот орындаушысына кемшiлiктерi жойылғаннан кейiн немесе белгiленген мерзiмнен кешiрек келiп түскен атқару құжатының берiлген күнi болып оның қайтадан келiп түскен күнi саналады. 3. Қайтару туралы қаулыда аталған кемшiлiктер жойылмай келiп түскен атқару құжаты орындалуға тиiс емес және ол жiберген органға қайтарылады. 12-бап. Атқарушылық әрекеттер жасау мерзiмдерi Атқару құжаттары бойынша орындау атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi ай мерзiмде аяқталуға тиiс, бұған мерзiмдi өндiрiп алу туралы атқару құжаттары, сондай-ақ заңдарда өзге де орындау мерзiмдерi белгiленген жағдайлар қосылмайды. 13-бап. Мерзiмдi кейiнге қалдыру, ұзарту, орындау тәсiлi мен тәртiбiн өзгерту, берiлген сомаларды индекстеу Атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн болдырмайтын мән-жайлар болған ретте сот орындаушысы, өндiрiп алушы немесе борышкер iстi қараған сот алдына немесе орындалатын жердегi сот алдына орындау мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе ұзарту туралы, орындау тәсiлi мен тәртiбiн өзгерту туралы, сондай-ақ ұйғарылған сомаларды индекстеу туралы мәселе қоюға хақылы. 14-бап. Атқарушылық әрекеттердi кейiнге қалдыру Атқарушылық әрекеттер жасауға кедергi келтiретiн жағдаяттар болған ретте сот орындаушысы оларды өз бастамасы бойынша немесе тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша кейiнге қалдыра алады, бұл жөнiнде тиiстi қаулы шығарылады, оны аға сот орындаушысы немесе сот орындаушылары органының басшысы бекiтедi. Атқарушылық әрекеттердi кейiнге қалдыру туралы сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзуге қатысатын адамдарға хабарлауға мiндеттi. 15-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мiндетi Атқарушылық iс жүргiзу: 1) егер сот белгiлеген құқық қатынасы құқықтық мұрагерлiкке жол берсе борышкер қайтыс болған, ол қайтыс болды деп хабарланған немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылған; 2) борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған немесе оның таратылуы туралы заңда белгiленген тәртiппен шешiм қабылданған немесе дәрменсiздiгi (банкроттығы) туралы iс қозғалған; 3) борышкердiң немесе өндiрiп алушы әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған; 4) борышкер атқару құжатын сот тәртiбiмен даулаған; 5) әкiмшiлiк жаза қолданған органдардың (лауазымды, адамдардың) әрекеттерiне сотқа шағым берiлген; 6) сот немесе атқару құжатын бергенде негiзге алынған шешiмнiң орындалуын тоқтата тұру құқығы заңмен берiлген лауазымды адам қаулы шығарған; 7) сотқа атқару құжаты бойынша өндiрiп алынатын мүлiктi хатталудан шығару туралы (пайдалануға тыйым салудан босату) талап қойылған; 8) борышкер немесе өндiрiп алушы борышкер мүлкiн бағалау нәтижелерiне дау шығарған жағдайларда тоқтатыла тұруға тиiс. 16-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру құқығы Атқарушылық iс жүргiзу сол сияқты: 1) сот орындаушысы орындалуға тиiс қаулыны түсiндiру туралы тиiстi сотқа немесе өзге органға өтiнiш жасаған; 2) борышкер ұзақ уақыт бойы қызмет бабындағы iссапарда болған; 3) борышкер емдеу мекемесiнде болған; 4) сот орындаушысының iс-қимылына шағым берiлген; 5) борышкерге iздеу салынған; 6) өндiрiп алушы өтiнiш жасаған; 7) борышкер не өндiрiп алушы елдi мекен шегiнен тыс жерде жүрген жағдайларда да тоқтатыла тұруы мүмкiн. 17-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мерзiмдерi Атқарушылық iс жүргiзу: 1) осы Заңның 15-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - борышкердiң құқықтық мұрагерi айқындалғанға, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi борышкерге қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғанға, заңды тұлғаны тарату, заңды тұлғаны немесе жеке кәсiпкердi (борышкердi) банкрот деп жариялау туралы шешiм белгiленген тәртiппен қабылданғанға дейiн; 2) осы Заңның 16-бабының 2), 3), 5), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - борышкер не өндiрiп алушы қызмет бабындағы iссапардан қайтқанда, демалыстан қайтқанда, емдеу мекемесiнен шыққанға немесе борышкерге iздеу салынғанға дейiн; 3) осы Заңның 15-бабының 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында және 16-бабының 1), 4-тармақшаларында көзделген жағдайларда талапты немесе шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот қаулысы заңды күшiне енгенге дейiн; 4) осы Заңның 16-бабының 6)-тармақшасында көзделген жағдайда өндiрiп алушыдан өтiнiш түскенге дейiн; 5) осы Заңның 15-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда қадағалау тәртiбiмен iс жүргiзу аяқталғанға немесе сот не өзге де органның шешiмiн тоқтата тұрудың күшiн жою туралы тиiстi лауазымды адамның өкiмiне дейiн; 6) осы Заңның 16-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайда орындалуға жататын қаулының түсiндiрмесi келiп түскенге дейiн тоқтатыла тұруы мүмкiн. 18-бап. Борышкерге iздеу салу 1. Алимент өндiрiп алу, мертiктiру немесе денсаулығын өзгедей зақымдау арқылы келтiрiлген зиянды өтеу, асыраушысының қайтыс болуы жөнiндегi iстер бойынша, сондай-ақ борышкердiң жүрген жерi белгiсiз болған өзге де жағдайларда сот орындаушысы сотқа iшкi iстер органдары арқылы iздеу салу туралы ұсыныс жасайды. 2. Борышкердi iздеу жөнiндегi шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатады және сот арқылы борышкерден жергiлiктi бюджетке өндiрiп алынуға тиiс. 19-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi жаңғырту Атқарушылық iс жүргiзу өндiрiп алушының өтiнiшi бойынша не сот орындаушысының бастамасы бойынша оның тоқтатыла тұруын туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейiн жаңғыртылады. 20-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi мен салдары 1. Атқарушылық iс жүргiзу, егер: 1) өндiрiп алушы өндiрiп алудан бас тартса; 2) өндiрiп алушы мен борышкер бiтiсу келiсiмiн жасаса және оны сот бекiтсе; 3) шешiмiмен белгiленген талаптар немесе мiндеттер өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейiн өлген адамның құқықтық мұрагерiне көше алмаса; 4) атқару құжатының орындауға беру мерзiмi бiтсе; 5) тиiстi органның атқару құжатын бергенде негiзге алынған шешiмiнiң күшi жойылса, тоқтатылады. 2. Атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылған жағдайларда атқару құжаты тиiстi белгi соғылып, сотқа немесе құжатты берген басқа органға жiберiледi. Сонымен бiр мезетте орындауды қамтамасыз ету шараларының күшi жойылуы тиiс. Тоқтатылған атқарушылық iс жүргiзудi қайта бастауға болмайды. 21-бап. Атқару құжаттарын өндiрiп алушыға қайтару 1. Өндiрiп алу жүргiзiлмеген немесе толық көлемде жүргiзiлмеген атқару құжаты сот орындаушысының қаулысы бойынша мына жағдайларда: 1) өндiрiп алушының арызы бойынша; 2) егер борышкердiң өндiрiп алынуы мүмкiн мүлкi, ақша сомасы, бағалы қағаздары немесе табыстары жоқ болса; 3) егер өндiрiп алушы шешiмiнiң орындалуы кезiнде борышкердiң сатылмаған мүлкiн алудан немесе соттың шешiмiнде аталған белгiлi бiр заттарды борышкерден алудан бас тартса; 4) егер борышкер өндiрiп алушы көрсеткен мекен-жайда тұрмайтын немесе жұмыс iстемейтiн болса не сол жерде оның мүлкi жоқ болса, сот ұйғарымы бойынша борышкерге iздеу салу жағдайларын қоспағанда, өндiрiп алушыға қайтарылады. 2. Атқару құжатын өндiрiп алушыға қайтару заңда белгiленген атқарудың ескiруi мерзiмiнiң шегiнде осы құжатты орындауға қайталап ұсынуға кедергi болмайды. 22-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату, атқару құжатын өндiрiп алушыға қайтару немесе оны тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi қарау 1. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқару құжатын қайтару немесе оны тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi сот орындаушысы қарайды. Бұл жөнiнде атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдарға хабарланады, алайда олардың келмей қалуы аталған мәселелердi шешуге кедергi болмайды. 2. Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқару құжатын қайтару немесе оны тарату комиссиясына жiберу туралы қаулы шығарады, оны аға сот орындаушысы бекiтуге тиiс. 3. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқару құжатын қайтару немесе оны тарату комиссиясына жiберу туралы қаулысына өндiрiп алушы сотқа шағымдана алады. 23-бап. Орындалуға тиiстi атқару құжатын түсiндiру Атқару құжаты түсiнiксiз болған жағдайда оны орындауға алған сот орындаушысы атқару құжатын бергенде негiзге алынған шешiмдi немесе қаулыны түсiндiру үшiн сотқа немесе атқару құжатын берген органға жүгiнуге хақылы. 24-бап. Атқарушылық әрекеттер жасалатын жер 1. Атқарушылық әрекеттердi борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша немесе жұмыс орны бойынша не оның мүлкi тұрған жер бойынша сот орындаушысы жүргiзедi. Егер заңды тұлға борышкер болса, орындау оның органы немесе мүлкi орналасқан жерде жүргiзiледi. 2. Борышкерге белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн атқару құжаттарын орындауды осындай әрекеттер жасалатын жердегi сот орындаушысы жүргiзедi. 3. Егер атқару құжатын орындау процесiнде борышкер басқа жерге кетiп қалса және борышкердiң бұрынғы тұрған жерiнде өндiрiп алынатын мүлiк қалмаса, сот орындаушысы бұл жөнiнде дереу акт жасайды және атқару құжатын борышкердiң жаңа тұрғылықты жерi бойынша сот орындаушысына үш күннен кешiктiрмей жiберiп, бұл жөнiнде өндiрiп алушыға хабарлайды. 25-бап. Атқарушылық әрекеттер жасалатын уақыт 1. Атқарушылық әрекеттер жұмыс күндерiнде 6.00 сағаттан 22.00 сағатқа дейiн жасалады. Атқарушылық әрекеттердi осы шекте жасаудың нақты уақытын сот орындаушысы белгiлейдi. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы тараптар атқарушылық әрекеттер жасаудың өздерiне қолайлы уақытын ұсынуға хақылы. 2. Демалыс және мереке күндерiнде, сондай-ақ түнгi уақытта атқарушылық әрекеттерге сот рұқсатымен және кейiнге қалдыруға болмайтын немесе оларды борышкердiң кiнәсiнен басқа күндерде және осы Заңда белгiленген уақытта жасау мүмкiн болмаған жағдайларда ғана жол берiледi. 26-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдар 1. Тараптар және олардың өкiлдерi атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдар деп танылады. Өкiлдiң өкiлеттiгi заңдарда көзделген талаптарға сәйкес ресiмделедi. 2. Қажет болған жағдайларда соттар мен басқа да органдардың қаулыларын бұлжытпай орындауды қамтамасыз ету үшiн сот приставы тартылады. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн немесе бөлiмшелерiн тарту заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. 27-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегi тараптар 1. Өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы тараптар болып табылады. 2. Өз пайдасына немесе мүдделерiне атқару құжаты берiлген жеке немесе заңды тұлға өндiрiп алушы болып табылады. 3. Атқару құжатында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға борышкер болып табылады. 4. Атқарушылық iс жүргiзуге бiрнеше өндiрiп алушы немесе борышкер қатыса алады. Басқа тарапқа қатысты олардың әрқайсысы атқарушылық iс жүрiзуге дербес қатысады немесе қатысушылардың бiрiне атқарушылық әрекеттерге қатысуды тапсыра алады, бұған атқару құжаты бойынша борышкерге оның өзi ғана жасай алатын мiндеттер (жеке мiндеттер) жүктеген жағдайлар қосылмайды. 28-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдардың құқықтары мен мiндеттерi 1. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдардың атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартуын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне немесе шешiмдерiне шағым жасауға хақылы. 2. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдар өздерiне берiлген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдардың талаптарын орындауға мiндеттi. 29-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге тiлмаштың қатысуы 1. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдар атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде өз бастамасы бойынша немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша тiлмаш шақыруы мүмкiн. Кәмелетке толған, әрекетке қабiлеттi, iске мүдделi емес, атқару әрекеттерiн жүргiзу үшiн қажеттi дәрежеде тiл меңгерген кез-келген адам тiлмаш бола алады. 2. Тiлмаштың өз еңбегi үшiн сыйақы алуға құқығы бар. Оған төленген сыйақы атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатқызылады. 30-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге айғақ адамдардың қатысуы 1. Атқарушылық әрекеттер кемiнде екi айғақ адамның қатысуымен жасалуы мүмкiн. 2. Мынадай жағдайларда: 1) өндiрiп алушының немесе борышкердiң талабы бойынша; 2) үйге орналастыру және үйден шығару туралы шешiмдердi, борышкердiң мүлкiн пайдалануға тыйым салуға, алып қоюға және беруге, оның тұрғын үйiн, үй-жайлары мен қоймаларын ашуға, тексеру жүргiзуге байланысты әрекеттердi орындау кезiнде, сондай-ақ заңдарда көзделген өзге де жағдайларда айғақ адамдардың қатысуы мiндеттi. Өзге жағдайларда айғақ адамдар сот орындаушысының бастамасы бойынша қатысуы мүмкiн. 3. Кәмелетке толған, әрекетке қабiлеттi, атқарушылық әрекеттердiң нәтижесiне мүдделi емес кез келген азаматтар айғақ адамдар ретiнде шақырылуы мүмкiн. 4. Айғақ адамдар қатысатын атқарушылық әрекеттер басталар алдында сот орындаушысы айғақ адамның атқарушылық әрекеттерге қатысу тәртiбiн түсiндiредi. 5. Айғақ адам өзiнiң қандай атқарушылық әрекеттер жүргiзу үшiн шақырылып отырғанын, олар қандай атқару құжаты негiзiнде жасалатынын бiлуге хақылы. Айғақ адам жүргiзiлген әрекеттер жөнiнде ескертпелер жасауға хақылы. Айғақ адамның ескертпелерi тиiстi атқарушылық әрекет актiсiне енгiзiлуге тиiс. 6. Айғақ адам жүргiзiлуiне өзi қатысқан iс кезiндегi атқарушылық әрекеттердiң фактiсiн, мазмұны мен нәтижелерiн куәландырады. 7. Айғақ адам ретiнде атқарушылық әрекет жасауға қатысқан адамдардың шығарған шығыстарына өтемақы алуға құқығы бар. 8. Айғақ адамдарға төленетiн ақша сомасы атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатқызылады. 31-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге маманның қатысуы 1. Атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде туындаған, арнаулы бiлiмдi талап ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн сот орындаушысы атқарушылық iске қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша немесе өз бастамасы бойынша маман тағайындауы мүмкiн. Қажет болған жағдайда бiрнеше маман тағайындалуы мүмкiн. Сот орындаушысы бұл жөнiнде қаулы шығарады. 2. Қорытынды беру үшiн қажет арнаулы бiлiмi бар кез-келген адам маман ретiнде тағайындалуы мүмкiн. 3. Мамандардың атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты жүргiзiлетiн жұмысты орындағаны үшiн сыйақы алуға құқығы бар. Бұл сыйақы және мамандар тартуға жұмсалған басқа да шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатқызылады. 32-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегi шет қалдыру 1. Егер сот орындаушысы, тiлмаш, маман, атқарушылық iс жүргiзудiң нәтижесiне жеке өзi тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса немесе өзге де мән-жайлар, атап айтқанда, тараптармен, олардың өкiлдерiмен әдiл қарайтынына күмән туғызатын туыстық қатынаста болса, олардың атқарушылық iс жүргiзуге қатысуына болмайды және олар шет қалдыруға тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |