|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 ж. 9 шiлдедегi N 651 қаулысы (ҚР Үкіметінің 23.12.98 ж. N 1322; 29.01.99 ж. N 68; 12.03.99 ж. N 234; 17.03.99 ж. N 251; 29.04.99 ж. N 494; 29.04.99 ж. N 498; 17.08.01 ж. N 1075; 19.08.02 ж. N 918; 28.04.03 ж. N 407 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған: Мемлекеттiк органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң тәртiбi; Мемлекеттiк органдардың қызмет көрсетулерi үшiн ақы белгiлеу мен оның мөлшерiн айқындаудың тәртiбi; Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң Мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудiң тәртiбi; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 1) "Қазақ ССР Көлемi шағын кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1984 жылғы 1 қазандағы N 404 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1984 ж., N 20, 68-құжат); 2) "Қазақ ССР Көлемi шағын кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы туралы ережеге өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 14 желтоқсандағы N 558 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1988 ж., N 5, 27-құжат); 3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су заңдары мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 мамырдағы N 473 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су заңдары мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 21, 210-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң ТӘРТIБI 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тәртiп "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес мемлекеттiк органдардың қызмет көрсетуiн алатын кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалар мен азаматтардың (бұдан әрi - тұтынушылар) мүдделерi мен құқықтарын қорғау, жеке және заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiнiң кепiлдiктерiн нығайту мақсатында әзiрлендi. Осы Тәртiп тұтынушылар мен ақылы қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органдардың арасындағы қатынастарды реттейдi. ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. N 1075 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтер бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) жүргiзетiн Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге тиiс. 2. Қызмет көрсетулердi ұсынудың тәртiбi ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. N 1075 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Мемлекеттiк органдардың тұтынушыларға ақылы қызметтер көрсететiн орындарда көрнектi ұсынылған мынадай ақпараттары: 1) толық көлемде (қысқартусыз) жазылған осы Тәртiп; 2) өтiнiштердi қараудың мерзiмдерiн көрсете отырып, аталған мемлекеттiк орган көрсететiн ақылы қызметтердiң тiзбесi; 3) ұсынылатын қызметтердiң монополияға қарсы органдар бекiткен, тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарымен келiсiлген бағалары; 4) тұтынушыларға қызмет көрсетулердi алу үшiн ұсынылатын құжаттардың түпкiлiктi тiзбесi; 5) тұтынушыға мемлекеттiк органға ұсыну үшiн қажет құжаттардың толтырылған үлгiлерi; 6) қызмет көрсетудiң тәртiбi мен шарттары (мемлекеттiк органның жұмыс режимi, деректемелерi, қызмет көрсету жөнiндегi жеңiлдiктер, өтiнiштi қараудың тәртiбi) болуы тиiс. 4. Мемлекеттiк органдар тұтынушының ауызша немесе жазбаша өтiнiмiнiң негiзiнде ақылы қызметтер көрсетедi. Мемлекеттiк органдарға өтiнiмдер: 1) журналдағы жазбамен; 2) тiркелген нөмiрi, қабылданған күнi және өтiнiштi қараудың мерзiмi көрсетiлген құжат берумен көрсетiледi. 5. Көрсетiлетiн ақылы қызметтерге арналған өтiнiштердi қараудың мерзiмдерi қызмет көрсетулер түрлерiнiң әрқайсысы бойынша жұмыстардың нормативтiк еңбектi қажет етуiне сәйкес болуы тиiс және жетi күннен аспауы қажет. Өтiнiштердi қараудың мерзiмi тұтынушы ақысын төлегендiгiн растайтын және қолданылып жүрген прейскурантта көрсетiлген өзге де құжаттарды ұсынған сәттен бастап есептеледi. 6. Прейскурантта көзделмеген ақы алуға тыйым салынады. 7. Мемлекеттiк органдардың тұтынушыға заңдарда көзделмеген негiздерде ақылы қызметтер көрсетуден бас тартуға құқығы жоқ. 8. Мемлекеттiк органдарға тұтынушылардан осы тәртiпте көзделген қандай да болмасын шарттарды орындауды талап етуге тыйым салынады. 3. Мемлекеттiк органдардың, тұтынушылардың ақылы қызметтер көрсетуi (алуы) кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi 9. Мемлекеттiк органдар: 1) тұтынушыларға көрнекi және қол жетiмдi нысанда қажеттi және дұрыс ақпарат ұсынуға; 2) тұтынушыларға ақылы қызметтердi сапалы көрсету үшiн жағдай жасауға; 3) тұтынушыларға көрсетiлетiн ақылы қызметке жататын мәселелер бойынша жан-жақты тегiн консультациялар беруге; 4) қызмет көрсетулерге алдын ала ақы төлеудi талап етуге; 5) прейскурантта көзделген баға мен мерзiмдер бойынша толық көлемде қызметтер ұсынуға мiндеттi. 10. Тұтынушылар: 1) мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтер үшiн ақы төлеуге; 2) заңды тұлғалар - өзiнiң деректемелерiн: ұйымның атауын, мекен-жайын, төлем деректемелерiн, СТН және басқалары; жеке тұлғалар - тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнi мен жерiн, үйiнiң мекен-жайын, СТН мемлекеттiк органға хабарлауға; 3) қызметтер көрсету үшiн қажеттi құжаттарын толық көлемде ұсынуға мiндеттi. 11. Тұтынушы мемлекеттiк органның бүкiл жұмыс күнiнiң iшiнде қызметтер көрсету туралы өтiнiшпен өтiнiм жасауға құқылы. 12. Тұтынушы ақылы қызмет көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген кезде, заңдарда белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органның қызметiне шағымдануға құқылы. 13. Өтiнiштердi қараудың нәтижелерi туралы тұтынушыларға жазбаша хабарланады. 14. Өтiнiштi қараудың нәтижелерiмен келiспеген немесе жетi күндiк мерзiм iшiнде жауап алмаған жағдайда, тұтынушы жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы. 15. Осы Тәртiпте белгiленген ақылы қызметтер көрсетудiң тәртiбi бұзылған кезде мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары, оны бұзуға кiнәлiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың қызмет көрсетулерi үшiн ақы белгiлеу мен оның мөлшерiн айқындаудың тәртiбi ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. N 1075 қаулысымен мәтiндегi сөздер өзгертілді 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтерге, жұмыстарға (бұдан әрi - қызмет көрсетулер) арналған бағаларды ұсынудың, қараудың және бекiтудiң бiрыңғай тәртiбiн орнықтыру мақсатында әзiрлендi. ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. N 1075 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтер бағаларын бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе оның тапсыруы бойынша, оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) бекiтедi және тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және жергіліктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарымен келiсiледi. ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. N 1075 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтер монополияға қарсы органдар жүргізетiн, Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге тиiс. 2. Бағалардың (прейскуранттардың) жобалардың бекiтуге ұсынудың тәртiбi мен мерзiмдерi 4. Ақылы қызметтер көрсетуге арналған бағаларды бекiту немесе оларды өзгерту тоқсанына бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi, бекiтiлген бағалар тоқсанның 1-күнiнен енгiзiледi. Бағаларды бекiту мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: 1) ақылы қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органдар тоқсан басталғанға немесе бұрын бекiтiлген прейскуранттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 45 күн бұрын бағалардың жобасын уәкiлеттi органдарға ұсынады; 2) монополияға қарсы орган бағаларды бекiту үшiн қажеттi барлық материалдарды алған күннен бастап 20 күндiк мерзiмде ұсынылған жобаларды қарайды және тиiстi шешiм қабылдайды; 3) жаңа бағалар туралы шешiмдi мемлекеттiк органдар оларды енгiзгенге дейiн 10 күн бұрын баспасөзде ресми жариялайды. 5. Бағалардың жобалары Үкiмет белгiлеген Мемлекеттiк органдардың ақылы қызметтер көрсетуi тәртiбiнiң талаптары ескерiле отырып прейскуранттардың жобалары нысанында ұсынылады. 6. Прейскуранттардың жобаларына: 1) бағаларды бекiтудiң немесе қайта қараудың қажеттiлiгi көрсетiлетiн қызметтер үшiн ақы алудың негiздемесiне негiзделетiн түсiндiрме жазба; 2) қызметтер көрсету жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама; 3) қызмет көрсетулердiң әрбiр түрi бойынша шығындарды таратып көрсету қоса берiледi. 7. Ұсынылатын материалдардағы есептiк деректер бухгалтерлiк стандарттардың тиiстi нысандары көрсеткiштерiнiң негiзiнде толтырылады. 8. Монополияға қарсы органдар бағалардың жобаларына өзгерiстер енгiзген жағдайда ол туралы үш күндiк мерзiм iшiнде өзiнiң қарсылығын ұсынуға құқылы мемлекеттiк органға хабарлайды. Қарсылықтарды қараудың нәтижелерi бойынша түпкiлiктi шешiм қабылданады. 9. Ақылы қызмет көрсетулерге арналған прейскурант: титульдық парақты, "Жалпы нұсқаулар" тарауын, тұтынушы қызметтер көрсету үшiн мемлекеттiк органға ұсынатын құжаттардың тiзбесiн, тұтынушылардың өтiнiштерiн қараудың мерзiмдерiн, қызмет көрсетулердiң атауын және олардың құнын қамтуы тиiс. 10. Монополияға қарсы органдар прейскурант қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде 15 күн бұрын бағалардың жобаларын ұсынған мемлекеттiк органдарға қабылданған шешiм туралы хабарлайды. 3. Прейскуранттардың жобаларын қараудың тәртiбi 11. Прейскуранттарды қарау кезiнде материалдардың шығындары, амортизациялық аударымдар, жалпы, әкiмшiлiк және басқа да шығындар нормаларының қолданылып жүрген нормалар мен сараптық бағаларға сәйкестiгi тексерiледi. Нормаларды немесе сараптық бағаларды ақылы қызметтер көрсетушi мемлекеттiк орган айқындайды және егер заңдарда оларды бекiтудiң басқа тәртiбi көзделмесе оның жоғары тұрған органы бекiтедi. Монополияға қарсы органдар прейскуранттардың негiздемесiне ұсынылған нормалар мен сараптық бағалардың есептелуiнiң дұрыстығына сараптау жүргiзуге құқылы. Материалдық шығындардың құны қосылған құнға салықсыз, бағалардың калькуляциясында ескерiледi. ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. N 1075 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда 12. Ақылы қызметтер көрсету бағаларына енгiзілетiн еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды есептеу кезiнде қызметкерлердiң нақты, бiрақ нормативтен аспауға тиiс саны ескерiледi. Мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтерге қызметкерлердiң нормативтiк саны мен еңбек шығынының (уақыт, еңбек сыйымдылығы) нормативтерi, тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiмен және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен келiсiледi. 13. Бағаларды қалыптастыру кезiнде шығындардың құрамында ақылы қызметтер көрсетуге тiкелей байланысты емес шығыстар есептелмейдi. 14. Бағаларды бекiтетiн монополияға қарсы органдар бағалардың деңгейiн айқындау кезiнде ескерiлген iс жүзiндегi шығындарға талдау жүргiзедi, сондай-ақ бағаларды есептеу дұрыстығының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. 15. Монополияға қарсы органдар ақылы қызмет көрсетулер және олардың құнын есептеу бөлiктерiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы. Тексерулердiң нәтижелерi бойынша бағалардың негiздемесiне ұсынылған деректердiң iс жүзiндегiден айтарлықтай ауытқуы анықталған кезде монополияға қарсы органдардың өз шешiмiн тоқтатуға немесе прейскурантқа өзгерiс енгiзуге құқығы бар. 4. Осы тәртiптiң талаптарын орындамағаны үшiн жауаптылық 16. Бағаларды бекiту үшiн қажеттi материалдарды осы Тәртiптi бұза отырып ұсыну - уәкiлеттi органның прейскуранттардың жобаларын қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады. 17. Прейскуранттарды бекiтуге ұсынған мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары қасақана дұрыс емес немесе жалған мәлiметтер ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен жауаптылыққа тартылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк органдар қызмет көрсететiн ақылы қызметтердiң Мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудiң тәртiбi ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. N 1075 қаулысымен мәтiндегi сөздер өзгертілді 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тәртiп Мемлекеттiк тiркелiмдi қалыптастырудың, жүргiзудiң және оған өзгерiстер енгiзудiң тәртiбiн айқындайды. 2. Мемлекеттік органдар көрсететiн және алымдар, аударымдар және төлемдер түрiнде ақы төленетiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмi (бұдан әрi - Тiркелiм), - ол мемлекеттiк органдар, олар үшiн ақы алу арқылы көрсетуге құқылы, қызмет көрсетулердiң тiзбесi. 3. Мемлекеттiк органдарға ақылы қызметтер көрсету кезiнде Тiркелiмде көзделмеген алымдар, аударымдар және төлемдер алуға тыйым салынады. 2. Тiркелiмдi жасаудың, жүргiзудiң және оған өзгерiстер енгiзудiң тәртiбi ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. N 1075 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Тiркелiмдi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар), тиiсiнше, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарының келiсiмi бойынша қалыптастырады және бекiтедi. 5. Мемлекеттiк органдар Тiркелiмге ақылы қызмет көрсетулердi кiргiзу үшiн монополияға қарсы органдарға өтiнiмдер ұсынады. Өтiнiмдердiң нысаны мен оны ұсынудың тәртiбiн монополияға қарсы орган айқындайды. ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. N 1075 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда 6. Тiркелiм республикалық және жергiлiктi бөлiмдердi қамтиды. Тiркелiмнiң республикалық бөлiмi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен, Тiркелiмнiң жергiлiктi бөлiмдерi - оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бұйрықтарымен бекiтіледi. 7. Тiркелiм мынадай деректемелердi: 1) мемлекеттiк органның атауын; 2) алымның, аударымның немесе төлемнiң түрiн; 3) ақылы қызметтер көрсету үшiн негiздеменi қамтиды. 8. Тiркелiмнiң республикалық және жергiлiктi тарамдарын нақтылауды жылына кемiнде екi рет (жылдың және жарты жылдықтың қорытындысы бойынша) уәкiлеттi орган жүргiзедi. 9. Тiркелiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн негiздеме: 1) негiздеменi мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердi белгiлеу (алып тастау, өзгерту) бөлiгiнде өзгерту; 2) ақылы қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органдарды құру, қайта атау, қайта ұйымдастыру немесе тарату. 10. Тiркелiмдi монополияға қарсы орган "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылына кемiнде бiр рет, 1 сәуiрден кешiктiрмей ресми жариялайды. 11. Тiркелiмге енгiзiлетiн өзгерiстер мiндеттi жариялануға жатады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар ҚР Үкіметінің 29.01.99 ж. N 68 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды 1. ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж. N 498 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. 3. "Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 18 мамырдағы N 437 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 19, 317-құжат): 4-тармағындағы "толық шаруашылық есеппен өзiн-өзi қаржыландыру жағдайында жұмыс iстейтiн" деген сөздер алынып тасталсын. 4. "Сауда ережелерiн бұзғаны және тұтынушылардың құқықтарына қысым жасағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 ақпандағы N 152 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 5, 63-құжат): 1-тармағының үшiншi абзацындағы "және ассортиментi" деген сөздер алынып тасталсын. ҚР Үкіметінің 23.12.98 ж. N 1322 қаулысымен 5-тармақтың күшi жойылды ҚР Үкіметінің 19.08.02 ж. N 918 қаулысымен 6-тармақтың күшi жойылды 6. "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптау жүргiзудiң тәртiбi мен Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау департаментi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 шiлдедегi N 830 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 30, 346-құжат): көрсетiлген қаулыға 1-қосымшаның 5-тармағы алынып тасталсын. 7. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы Ереженi бекiту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 сәуiрдегi N 547 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 14, 166-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы Ережеде: III тарауда: отыз жетiншi абзац алынып тасталсын; отыз сегiзiншi абзацтағы "Бюджеттегi" деген сөз алынып тасталсын; IV тарауда: 2-тармақтың он төртiншi абзацындағы "шарттық негiзде" деген сөздер алынып тасталсын; 9-тармақта: сегiзiншi абзацындағы "шаруашылық есептегi" деген сөздер алынып тасталсын; оныншы абзацындағы "шарттық объектiлерде" деген сөздер алынып тасталсын; он екiншi, он үшiншi, он төртiншi абзацтар алынып тасталсын; он бесiншi абзацындағы "Бюджеттегi" деген сөз алынып тасталсын; он сегiзiншi абзацындағы "шарттық негiзде" деген сөздер алынып тасталсын. ҚР Үкіметінің 17.03.99 ж. N 251 қаулысымен 8-тармақтың күші жойылды 8. ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж. N 498 қаулысымен 9-тармақтың күші жойылды 9. ҚР Үкіметінің 28.04.03 ж. N 407 қаулысымен 10-тармақтың күші жойылды 10. "Мал дәрiгерлiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық және басқа актiлердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 қазандағы N 1205 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 40, 379-құжат): көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада: 2-тармағының үшiншi абзацындағы "өсiмдiк және мал майы", "маргарин" деген сөздер алынып тасталсын. ҚР Үкіметінің 12.03.99 ж. N 234 қаулысымен 11-тармақтың күші жойылды 11. 12. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1068 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 30, 275-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекция туралы ережеде: 4-тармағының жиырма бесiншi абзацындағы "шаруашылық қызметi субъектiлерiмен шарттардың негiзiнде" деген сөздер алынып тасталсын. ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж. N 494 қаулысымен 13-тармақтың күші жойылды 13.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |