|
|
|
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 1 наурыздағы N 311 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 21 қарашадағы N 1235 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: Комиссия туралы ереже; Комиссия құрамы бекiтiлсiн. 3. Жергiлiктi атқарушы органдар ескерткiштер мен монументтер орнату туралы шешімдерді Комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылдайды деп белгіленсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Комиссияның негiзгі функциялары мен өкілеттіктерi 3. Комиссия жергіліктi атқарушы органдардың ұсыныстарын қарайды және: 1) ескерткiштiң немесе монументтiң ең таңдаулы жобасына конкурстар өткiзу; 2) конкурсқа ұсынылған ескерткiштер мен монументтер жобаларының конкурс шарттарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру; 3) ең үздiк жобаларға сыйлықтар және көтермелеудің басқа да түрлерiн беру; 4) конкурс қорытындылары негiзiнде жобалық құжаттарды одан әрi әзiрлеу; 5) ескерткiш немесе монументтiң эскиздiк жобасын, мүсiннiң жұмыс моделiн, тұғырдың сызбаларын, жұмсақ материалда жасалған құрылыс мөлшерiндегi мүсiн моделiн, құрылыс материалында (қола, гранит және т.б.) жасалған мүсiндi, жасалған және төңiрегiндегi аумақтың көркейтiлуi аяқтала отырып орнатылған ескерткiш немесе монумент құрылысын қабылдау жөнiнде ұсынымдар бередi. 4. Комиссия белгiленген тәртiппен және өз құзыретiне енетiн мәселелер бойынша: 1) республикада ескерткiштер мен монументтер орнату мәселелерiн реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге; 2) Комиссия құрамына өзгерiс туралы ұсыныстар енгiзуге; 3) ескерткiштердi немесе монументтердi жобалау және құрылысы процесiнде авторлармен консультативтiк жұмыс жүргiзуге; 4) ескерткiштер мен монументтер жобаларын дайындау және iске асыру жөнiнде уақытша және тұрақты жұмыс істейтiн сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгiзуге; 5) ескерткiштер мен монументтер жобаларын бағалау, басым жобаларды таңдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының мамандарын және консультанттарды тартуға; 6) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға; 7) Комиссия мүшелерінің мәжiлiстерiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының жауапты өкiлдерiн, сараптама және жұмыс топтары жетекшiлерiн тыңдауға; 8) ескерткiш және монумент құрылысына арналған гранттар мен техникалық көмек түрінде қаржыландыру тарту туралы ұсыныстар енгiзуге; 9) Комиссия мүшелерiн ескерткіштер мен монументтер жобаланатын және орнатылатын жерлерге iссапарға жiберу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру 5. Комиссияның мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы деп саналады. 6. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшілігi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiрге құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы тиiс. Комиссия мәжілістерінің нәтижелерi бойынша, оған қатысушы мүшелер қол қойған хаттама жасалады. Оған осы мәжiлiсте қаралған ескерткiш немесе монумент жобасының сол сатыдағы фотосуреттерi қосымша берiледi. 7. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия құрамы Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен. Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының Иманғали Нұрғалиұлы Премьер-Министрi, төраға Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрі, комиссия төрағасының орынбасары Тiлеухан - Қазақстан Республикасының Бекболат Қанайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң төрағасы, комиссияның хатшысы Алдажұманов - Қазақстан Республикасы Бiлiм Қайдар Сейсенбайұлы және ғылым министрлiгiнiң Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының мiндетiн атқарушы Есдәулет - Қазақстан Республикасы Ұлықбек Оразбайұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi Әбiшев Бақытжан Әлiмбайұлы - мүсiншi, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (келiсiм бойынша) Ақышев Кемел Ақышұлы - Л. Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң кафедра меңгерушiсi, тарих ғылымдарының докторы (келiсiм бойынша) Байпақов Карл Молдахметұлы - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Барманқұлова Баян Кәрiбайқызы - өнертанушы (келiсiм бойынша) Кацев Владимир Зеликович - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген сәулетшiсi (келiсiм бойынша) Ли Камилла Витальевна - өнертанушы (келiсiм бойынша) Мергенов Еркiн Тiлекұлы - мүсiншi, Қазақстан Суретшiлер одағы басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша) Нысанбаев Әбдiмәлiк Нысанбайұлы - Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Философия институтының директоры, "Қазақ энциклопедиясының" бас редакторы Рүстембеков Ақмырза Исаұлы - Қазақстан Сәулетшiлер одағының президентi (келiсiм бойынша) Сергебаев Ескен Аманжолұлы - мүсiншi, Қазақстанның еңбек сiңiрген өнер қайраткерi (келiсiм бойынша) Өмiрбеков Байтұрсын Есжанұлы - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттiк өнер мұражайының директоры (келiсiм бойынша)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |