|
|
|
Автомобиль жолдары туралы 2001 ж. 17 шілдедегі N 245-II Қазақстан Республикасының Заңы Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) автомобиль жолы - автомобильдердің және басқа да көлік құралдарының белгіленген жылдамдықпен, жүктемелермен, көлемдермен үздіксіз, қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ететін, автомобильдер жүрісіне арналған инженерлік құрылыстар кешені, сондай-ақ осы кешенді орналастыру үшін берілген жер учаскелері (көлік жерлері) және олардың үстіндегі белгіленген көлем шегіндегі әуе кеңістігі; 2) жол қызметі - автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау және жөндеу, сондай-ақ оларды күтіп ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет; 3) жол органдары - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар; 4) концессионер - келісім негізінде концессия алған жеке немесе заңды тұлға; 5) ірі көлемді көлік құралы - көлемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген көлем мөлшерінен асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы; 6) ақылы автомобиль жолдары - жоғары, қауіпсіз жылдамдықты қамтамасыз ететін, пайдаланылғаны үшін ақы алынатын жоғары сапалы автомобиль жолдары, бұл ретте сапасы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай келетін тегін жүретін басқа балама жол міндетті түрде болуға тиіс; 7) жолға бөлінген белдеу - автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиісті құрастырмалы элементтері мен инженерлік құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдік ағаштарын отырғызу және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлік жерлері; 8) автомобиль жолдарын пайдаланушылар - жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 9) жол бойындағы белдеу - көлік қозғалысының және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шекарасында жер пайдаланудың ерекше шарттары белгіленетін, автомобиль жолдарына бөлінген белдеуге жалғасып жатқан жер учаскелері; 10) автомобиль жолының ұзындығы - километрлік белгілер бойынша нақты (жергілікті жерде) көрсетілген, объектілердің немесе елді мекендердің арасындағы жолдың нақты ұзындығы; 11) ауыр салмақты көлік құралы - толық массасы немесе жүктеменің оның осі бойынша бөлінуі осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшін рұқсат етілген шекті жүктеме мөлшерінен асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы; 12) көше (көшенің көлік жүретін бөлігі) - қалалар немесе өзге де елді мекендер шекарасының шегіндегі автомобиль жолы; 13) жол қызметін басқару - жолдардағы жүрісті ұйымдастыруға және қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін арттыруға, оларды қорғау тәртібін қамтамасыз етуге, нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік стандарттар мен озық технологияларды енгізу негізінде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, реконструкциялауды, жөндеуді, күтіп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені; 14) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе автомобиль жолдарын шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. 2-бап. Автомобиль жолдары туралы заңдар 1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының жол қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады. 3-бап. Автомобиль жолдарының жіктелімі 1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің көшелері болып бөлінеді. 2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар болып бөлінеді: 1) халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады; 2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың ірі әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары, сондай-ақ көршілес мемлекеттер арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары және қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады; 3) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың әкімшілік орталықтарын аудандардың әкімшілік орталықтарымен, ауылдық елді мекендермен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады. 3. Шаруашылық автомобиль жолдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік-шаруашылық тасымалдарына қызмет көрсететін, солардың аумағындағы автомобиль жолдары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарынан оларға кірме жолдар, ауыл шаруашылық ұйымдарының шаруашылық ішіндегі жолдары, қызметтік, патрульдік және жеке меншік автомобиль жолдары жатады. 4. Қалалар мен елді мекендердің көшелеріне, осы баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі автомобиль жолдары жатады. 5. Геометриялық параметрлеріне, сондай-ақ жол жүрісінің жиілігіне қарай автомобиль жолдары нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік стандарттарға сәйкес жіктеледі. 6. Автомобиль жолдарын жіктеудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 7. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбелерін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, жергілікті атқарушы органдар бекітеді. 8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, қалалар мен елді мекендердің көшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға тиіс. Есеп мәліметтері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшін пайдаланылады. 4-бап. Автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар 1. Автомобиль жолдары мемлекеттік меншікте және жеке меншікте болуы мүмкін. 2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары республикадағы негізгі қатынас жолдары болып табылады, мемлекет меншігінде болады және жекешелендіруге жатпайды. 3. Шаруашылық автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар осы жолдар қарамағында болатын заңды тұлғалардың меншік нысанымен анықталады. 4. Жеке меншік автомобиль жолдары жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылады. 5. Қалалардың және елді мекендердің көшелері тиісті жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болады және коммуналдық меншік болып табылады. 6. Шаруашылық автомобиль жолдарын жекешелендіру Қазақстан Республикасының жекешелендіру туралы заңдарына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 5-бап. Ақылы автомобиль жолдары 1. Қазақстан Республикасында осы Заңда және басқа да заң актілерінде белгіленген тәртіппен ақылы автомобиль жолдары (көпірлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарын салу мен пайдалануды бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 2. Ақылы автомобиль жолдары мынадай шарттардың орындалуы: сапасы нормативтік актілермен белгіленген мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай келетін баламалы тегін жол жүрудің болуы, көліктің жоғары, қауіпсіз жүру жылдамдығын қамтамасыз ете отырып, ақылы жүрудің сапасын арттыру және бүкіл жол бойында жоғары сервистік қызмет көрсету ескеріліп салынады. 3. Ақылы автомобиль жолдары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен немесе концессиялық келісімдер негізінде салынуы мүмкін, бұл орайда автомобиль жолы ақылы жүруді ұйымдастыру үшін заңдарда белгіленетін тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға берілуі мүмкін. 4. Концессионер шетел инвесторларын мүмкіндігінше тарта отырып, түрлі меншік нысанындағы бірқатар құрылыс, жобалау, қаржы, инвестициялық және басқа компанияларды біріктіру мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарының құрылысы үшін концессионер Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін пайдаланады. 5. Жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын, қолданылуы заң актілерінде көзделмеген және жүктердің тасымалдануы мен жолаушылардың еркін жүріп-тұруын тікелей немесе жанама түрде шектейтін салықтар, алымдар және төлемдер белгілеуіне тыйым салынады. 6-бап. Автомобиль жолдарының атауы және оларды индекстеу. Автомобиль жолдарындағы ара қашықтықты есептеу 1. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын барлық автомобиль жолдарының атауы мен индексі болуға тиіс. Автомобиль жолдарының атауына - бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді. Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады. 2. Автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері автомобиль жолдарының карталары мен атластарында, сондай-ақ арнаулы белгілер және таңбалар қою арқылы автомобиль жолында көрсетілуге тиіс. Республикалық және жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері халықаралық келісімдермен белгіленеді. 3. Республикалық және жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қашықтығы бастапқы және соңғы елді мекендер аралығымен есептеледі. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының километрін есептеу. Қазақстан Республикасының астанасынан шығатын автомобиль жолдары үшін - Қазақстан Республикасы Парламентінің үйінен; басқа елді мекендерден шығатын автомобиль жолдары үшін - жергілікті атқарушы органдар үйлерінен, ал олар болмаған жағдайда елді мекендердің шекараларынан бастап жүргізіледі. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығына: елді мекендерді жалғастырып жатқан автомобиль жолдары үшін - тиісті елді мекендер шекаралары арасындағы қашықтық; жалпыға ортақ пайдаланылатын басқа автомобиль жолдарын өзара жалғастырып жатқан және оларға қосылатын автомобиль жолдары үшін түйісетін автомобиль жолдары осьтерінің қиылысу аралығы алынады. Қалалар мен өзге елді мекендер көшелерінің ұзындығына тиісті қалалар мен елді мекендер шекарасы шегіндегі қашықтық алынады. 2-тарау. Автомобиль жолдарының жері 7-бап. Автомобиль жолдарын орналастыру үшін жер беру 1. Жер пайдаланушыларға мемлекеттік жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстау үшін жол санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгіленген нормалардың негізінде жолға бөлінген белдеу үшін жер беріледі. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажетіне арналған жер жол органдарына тұрақты немесе уақытша пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бөлінеді. 2. Жобаланатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің мөлшері жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жер бөлу стандарттары мен нормаларына сәйкес оның санатына байланысты белгіленеді, атап айтқанда: I техникалық санаттағы жолдар үшін - жолдардың осінен 35 метрден, II техникалық санаттағы жолдар үшін - 20 метрден, III техникалық санаттағы жолдар үшін - 15 метрден, IV техникалық санаттағы жолдар үшін - 13 метрден, V техникалық санаттағы жолдар үшін - 12 метрден болып белгіленеді. 3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына арналған жерлер тиісті атқарушы органның шешімімен беріледі және оны жергілікті жерде жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар бөледі. 4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер мемлекеттік меншікке жатады, бөлінбейді және жеке меншікке берілмеуге тиіс. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерінде, осы жерлерді пайдаланудың белгіленген келісу тәртібін бұза отырып салынған кез келген құрылыстар заңсыз деп танылады және заңдарда белгіленген тәртіппен оларды өз еркімен құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға бұзады не соның есебінен бұзылуға тиіс. 5. Шаруашылық және жеке меншік автомобиль жолдары үшін жерлер Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарында белгіленген тәртіппен беріледі. 8-бап. Жол бойындағы белдеулер 1. Жол бойындағы белдеулер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды, жол инфрақұрылымдарының объектілерін орналастыруды жүзеге асыру мүмкіншілігін ескере отырып, автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшін белгіленеді. 2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары үшін жол бойындағы белдеудің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде әрбір жағынан 50 метрден кем болмауға тиіс. 3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдарының бойындағы белдеулерге жол қызметі объектілерінен және жол сервисі объектілерінен басқа күрделі құрылыстар салуға тыйым салынады. 4. Жол сервисі объектілерін жол бойындағы белдеулерге немесе объектілерді олардың шегінен тыс жерлерде, егер оған кіру үшін кірме жолдар қажет болса, орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешімдерді тиісті атқарушы орган жол органдарымен келісе отырып, белгіленген тәртіппен қабылдайды. 5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдарының бойындағы белдеулерде орналасқан кірме жолдарды (құлама жолдарды, қосылған жолдарды) және басқа объектілерді жайғастыру, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шығыстарды осы объектілердің иелері көтереді. 9-бап. Автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерді пайдалану тәртібі 1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеу жері жол органдарының иелігінде және пайдалануында болады әрі тек автомобиль жолдарын дамытуға, көркейтуге және жол сервисі объектілерін орналастыруға арналады. 2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде тиісті жол органдарының рұқсатынсыз жұмыстар жүргізуге немесе қандай да болмасын құрылыс орналастыруға тыйым салынады. 3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің жол органдары пайдаланбайтын жер учаскелері жолдың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермей, көлік құралдары жүрісінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтаған жағдайда, жеке және заңды тұлғаларға сервис объектілері мен жарнаманы орналастыру үшін, заңдарда белгіленген тәртіппен шарттық негізде уақытша қысқа мерзімді жер пайдалануға берілуі мүмкін. 10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойына сауда, қоғамдық тамақтану объектілерін және басқа да сервис объектілері мен жарнаманы орналастыру 1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудегі сауда, қоғамдық тамақтану және басқа да сервис объектілері, сондай-ақ олардың жарнамалары тиісті мемлекеттік органдардың алдын ала келісімімен, жол органдары белгіленген жерлерге орналастырылуы мүмкін. 2. Жолға бөлінген белдеудің шекарасына қойылатын сыртқы жарнама, өзге де ақпараттық белгілер мен көрсеткіштер нормалар мен стандарттарға сәйкес орындалуға және қойылуға тиіс. 3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сервис объектілері мен жарнаманы орналастыру және бөлінген белдеуді пайдаланғаны үшін төлемақы тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 3-тарау. Автомобиль жолдарын мемлекеттік реттеу және басқару 11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы өкілеттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына: 1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүргізу; 2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы қызметіне жалпы басшылық ету, олардың Қазақстан Республикасы заң актілерінің автомобиль жолдарына қатысты бөлігіндегі талаптардың орындалуын бақылау; 3) автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану ережелерін, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары желісінің тізбесін, автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым төлеу тәртібі мен оның ставкаларын бекіту; 4) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру көздері мен мөлшерін анықтау, автомобиль жолдары желісінің және жол қызметінің болашақ даму бағдарламаларын бекіту; 5) ақылы автомобиль жолдарының, ақылы көпір өткелдерінің тізбесін, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ жүріп өту үшін алым ставкаларын бекіту; 6) автомобиль жолдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады. 12-бап. Автомобиль жолдарын мемлекеттік басқару органының өкілеттігі 1. Жол қызметін мемлекеттік басқаруды автомобиль жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеуді және күтіп ұстауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 2. Уәкілетті мемлекеттік органның қарауына: 1) автомобиль жолдарын және жол қызметін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу; 2) автомобиль жолдары мен жол қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу; 4) жол саласын қаржыландыру көздері мен мөлшерін анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 5) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлау; 6) автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу; 7) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін анықтайтын заң актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі мемлекеттік нормалар мен стандарттардың жобаларын әзірлеу; 8) автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарға жұмсалатын шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін әзірлеу; 9) балансында жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқару, оларды қаржыландыру жөніндегі жоспарлардың жобаларын әзірлеу, бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету; 10) жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру; 11) жол саласында инвестициялық және әлеуметтік саясатты іске асыру; 12) жол қызметі саласында кадрларды оқыту мен даярлауды ұйымдастыру; 13) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу; 14) республикалық бюджет қаражаты есебiнен жол жұмыстарын орындауға және тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алуға конкурстар өткiзудi ұйымдастыру және шарттар жасасу; 15) жобалау саласында қабылданған заңдарды iске асыру, сондай-ақ нормалар мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаны қамтамасыз ету; 16) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) ақылы учаскелерiн құру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, оларды пайдалану тәртiбi мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн ставкалардың мөлшерiн белгілеу; 17) белгiленген нормалар мен ережелердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жүктер мен жолаушылардың жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойымен еркiн жүрiсiн қамтамасыз ету; 18) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жол қызметiн жүзеге асыруға арналған құқықтарының теңдiгiн қамтамасыз ету; 19) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол жүрiсi қауiпсiздiгi мен өрт қауiпсiздiгi талаптарын қамтамасыз ету; 20) жалпыға ортақ пайдаланылатын қолданыстағы автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды бекітілген нормативтерге сәйкес басымдықпен қаржыландыру; 21) автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтiп ұстау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |