|
|
|
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысы (ҚР Үкіметінің 16.04.02 ж. N 434; 07.07.02 ж. N 794; 30.08.03 ж. N 833; 02.10.03 ж. N 1018; 04.03.04 ж. N 269; 11.08.04 ж. N 842 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 13 тамыздағы N 860 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкалары бекiтiлсiн. 2. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 127 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Мемлекеттiк органдар бiр ай мерзiмде бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. ҚР Үкіметінің 16.04.02 ж. N 434 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалар үшін және 2002 жылғы 31 қаңтардан бастап жеке тұлғалар үшін күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкалары ҚР Үкіметінің 16.04.02 ж. N 434; 17.07.02 ж. N 794; 30.08.03 ж. N 833; 02.10.03 ж. N 1018; 04.03.04 ж. N 269; 11.08.04 ж. N 842 қаулыларымен қосымша өзгертілді
* Банк операцияларына байланысты қызметтi лицензиялау үшiн лицензиялық алым ставкалары: - екiншi деңгейдегi банктер үшiн - 80 айлық есептiк көрсеткiш; - банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн - 40 айлық есептiк көрсеткiш.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |