|
|
|
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-ІІ Заңы Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi жою және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi; 2) кемтар бала (балалар) - белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар); 3) "қатер" тобындағы бала (балалар) - ерте қолға алынбағандықтан, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетiлмегендiктен, дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейiнгi бала (балалар); 4) дене кемiстiгi - ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң ұзақ уақыт бойы әлеуметтiк, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететіндей созылмалы бұзылуы; 5) психикалық кемiстiк - адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң уақытша немесе тұрақты кемiстiгi, соның iшiнде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоциялық-еркi жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның iшiнде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуi және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзiндік қиындықтар; 6) күрделi кемiстiк - психикалық және дене кемiстiгiнiң кез келген ұштасуы; 7) ауыр кемiстiк - мемлекеттiк (оның iшiнде арнаулы) бiлiм беру стандарттарына сәйкес бiлiм беру қолжетiмдi болмайтын және оқыту мүмкiндiктерi өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым бiлiмдердi және қарапайым еңбек дағдыларын, немесе аясы тар кәсiби даярлықты меңгерумен шектелетiн дәрежедегi психикалық және (немесе) дене кемiстiгi; 8) ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық-дене бұзылыстары скринингiн, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеудi, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейiнгi) балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау; 9) әлеуметтiк бейiмдеу - нысаналы әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесiнде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын игеруi мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтiк орта жағдайларына белсендi түрде икемделуi; 10) әлеуметтiк жұмыс - жекелеген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтiк жұмыс істеуіне кедергі келтiретiн бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтiк құқықтары мен кепiлдiктерiн iске асыруда көмек көрсету жөнiндегi қызмет; 11) скрининг - "қатер" тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру; 12) медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика - әр түрлi кемiстiктердi анықтау мен емдеудiң, оқыту мен тәрбиелеудiң сайма-сай жағдайларын белгiлеу үшiн балалардың психикалық-дене дамуын кешендi салааралық бағалау; 13) медициналық оңалту - организмнiң бұзылған немесе семiп қалған функцияларын емдеуге, қалпына келтiруге бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi; 14) арнаулы бiлiм беру бағдарламалары - кемтар балаларды оқытуға арналған бағдарламалар; 15) арнаулы бiлiм беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып бiлiм беру; 16) арнаулы бiлiм беру жағдайлары - техникалық және өзге де көмекшi құралдарды, сондай-ақ медициналық, әлеуметтiк және кемтар балалардың бiлiм беру бағдарламаларын игеруi онсыз мүмкiн болмайтын өзге де қызметтердi қоса алғанда, арнаулы бiлiм алу үшiн жасалатын жағдайлар; 17) арнаулы бiлiм беру ұйымдары - кемтар балалардың диагностикасы және консультациялар алуы, оларды оқыту мен тәрбиелеу үшiн құрылған ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi, балалар бақшалары, мектептер жанындағы логопедтiк пункттер және басқа да ұйымдар; 18) арнаулы түзеу ұйымдары - дамуында кемтар болып қалған: есту қабiлетi бұзылған (естiмейтiн, нашар еститiн, кейiннен саңырау болып қалған); көру қабiлетi бұзылған (көзi көрмейтiн, нашар көретiн, кейiннен соқыр болып қалған); жүрiп-түру мүшелерiнiң функциялары бұзылған; сөйлеу қабiлетi бұзылған; ақыл-ойы кенжелеп қалған; психикалық дамуы тежелген; эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған; күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балаларға арналған ұйымдар; 19) психологиялық тексеру - кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшелiктерi мен психикалық дамуындағы әлеуеттiк мүмкіндіктерін анықтау; 20) әлеуметтiк тексеру - тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере отырып, дене кiрiптарлығына, жинақылығы, әдеттегi қызметпен айналысу қабiлетi, экономикалық дербестiгi мен қоғамға кiрiгу қабiлетi шектелуiне байланысты болуы мүмкiн әлеуметтiк кемiстiктер дәрежесiн анықтау; 21) медициналық тексеру - балалардың тiршiлiк-әрекетiнiң шектелуiне себеп болатын жекелеген ағза немесе организм функциясының (функцияларының) бұзылу (болмау) түрiн, ауырлығын анықтау; 22) педагогикалық тексеру - тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшелiктерiн және олардың ойын ойнауға, бiлiм алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау; 23) кәсiби диагностика - бойындағы психикалық және (немесе) дене кемiстiгiн ескере отырып балалардың еңбек қызметiнiң немесе кәсiптiң дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау; 24) кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламасы - баланың соматикалық жай-күйi деңгейiнiң болжамын, психикалық-дене төзiмдiлiгiн, отбасының әлеуметтiк мәртебесi мен әлеуметтiк инфрақұрылым мүмкiндiктерiн ecкepe отырып, оның қажеттiлiктерiнiң құрылымына, ден қоятын мәселелерiнiң шеңберiне, құштарлықтарының деңгейiне сәйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық, кәсiби қызметке қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтiк iс-шаралар тiзбесi; 25) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органдар. 2-бап. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық жағынан түзеу арқылы қолдау туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3. Жетiм балаларды, психикалық аурулары бар балаларды, күнкөрiсi төмен отбасыларын және мемлекеттiң қолдауын қажет ететiн адамдардың өзге де санаттарын мемлекеттiк қолдауға байланысты қатынастар кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауға байланысты бөлiгiнде ғана осы Заңмен реттеледi. 3-бап. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, мiндеттерi мен принциптерi 1. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау баланың туғанынан басталып, ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн, жаппай кешендi медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтiк тексеру мен кәсiби диагностика жүргiзу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтiк қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргiзiледi. 2. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары: 1) туа бiткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқушылықтарды ерте бастан (туған кезден) анықтау; 2) балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектiктiң ауыр түрлерiнен сақтандыру; 3) балалар мүгедектiгiнiң деңгейiн төмендету; 4) кемтар балалардың дене, психика және өзге де қабiлеттерiнiң орнын толтыру немесе оларды қалпына келтiру, олардың әлеуметтiк құқықтарын iске асыру, неғұрлым толық әлеуметтiк бейiмделуiне жәрдемдесу болып табылады. 3. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мiндеттерi: 1) кемтар балаларды анықтау мен оларды есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру; 2) арнаулы бiлiм берудi және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi жүзуге асыратын ұйымдар желiсiн дамыту; 3) кемтар балаларды әлеуметтiк бейiмдеу; 4) кемтар балалары бар отбасыларын әлеуметтiк қолдау; 5) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды жүзеге асыратын ұйымдарды кадр, ғылыми және ұйымдастыру-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету; 6) халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру ұйымдарының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерi жөнiндегi қызметiн сабақтастыру болып табылады. 4. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мынадай принциптерге: 1) кемтар балалар мен олардың отбасыларына әлеуметтiк қолдау және оңалту көмегiн көрсету кепiлдiгiне; 2) кемтар баласы бар отбасы мен әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын ұйымдар мамандарының ынтымақтастығына; 3) балалардың қабiлеттерiнiң шектелу дәрежесiне, жасына, әлеуметтiк мәртебесiне қарамастан, ерте қолдау мен бiлiм алуға қол жеткiзуiне және тең құқықтылығына; 4) әрбiр балаға жеке тұрғыдан келiп, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетудi саралауға негiзделедi. 2-тарау. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерін мемлекеттік реттеу 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Қазақстан Республикасының Yкiметi: 1) кемтар балаларды әлеуметтiк қолдау бағдарламаларын бекiтедi; 2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы әлеуметтiк қызмет көрсету мен әлеуметтiк қамсыздандырудың мемлекеттiк стандарттарын айқындайды; 3) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы медициналық көмектiң тегiн кепiлдiк берiлген көлемiн бекiтедi; 4) кемтар балаларға арналған мектепке дейiнгi арнаулы және жалпы арнаулы бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын әзiрлеу, бекiту тәртiбiн белгiлейдi. 5-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орган: 1) бала тууға көмектесетiн мекемелерде, балалар емханаларында, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерiнде "қатер" тобындағы балаларды барынша ертерек анықтау үшiн скрининг ұйымдастыру және анықталған "қатер" тобындағы және кемтар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберу тәртiбiн белгiлейдi; 2) дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар балалар патологияларының диагностикасын, әр алуан түрлерiн емдеудi ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi; 3) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, "қатер" тобындағы балаларды ерте анықтау мәселелерi бойынша жалпы практика дәрiгерлерiн, балалар дәрiгерлерiн және орта буындағы медицина қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз етедi; 4) кемтар балалардың диагностикасы және оларды емдеу жөнiндегi халықаралық тәжiрибенi пайдалануға жәрдемдеседi. 6-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган: 1) арнаулы мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм берудiң мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарын белгiлейдi; 2) барлық бiлiм бepy ұйымдары үшiн арнаулы бiлiм беру шарттарының бiрыңғай принциптерi мен нормативтерiн айқындайды; 3) кемтар балалар оқитын арнаулы сыныптардың (топтардың) шектi толымдылығын айқындайды; 4) арнаулы бiлiм беру ұйымдарының типтерi мен түрлерiнiң тiзбесiн белгiлейдi; арнаулы бiлiм алуға мұқтаж адамдар үшiн бiлiм беру ұйымдарында қажеттi орын санын айқындайды; 5) кемтар балаларды оқытуды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдiстемелiк жарақтандырылуы мен қамтамасыз етiлуiне қойылатын ең төменгi мiндеттi талаптарды белгiлейдi; 6) оқушыларды аттестаттау әдiстемесiн айқындайды; 7) азаматтардың денсаулығын сақтау, оларды әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, кемтар балаларды оқытуға арналған техникалық құралдарға қойылатын нормативтiк талаптарды әзiрлейдi және бекiтедi; 8) әр түрлi ведомстволық бағыныстағы бiлiм бepy ұйымдарын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң үйлестiрiлуiн жүзеге асырады; 9) арнаулы бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк-құқықтық актiлердiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; 10) басқа мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесіп, кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау бағдарламаларын ғылыми негiздемелеудi ұйымдастырады; 11) үйде оқыту бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. 7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган: 1) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерiнде уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiредi; 2) кемтар балаларды әлеуметтiк қолдаудың бағдарламасын әзiрлейдi; 3) әлеуметтiк қызметкерлер қызметiнiң функциялары мен сипатын айқындайды, мамандықтардың тiзбесi мен оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi, әлеуметтiк қызметкерлерге әдiстемелiк көмек көрсетедi; 4) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң әлеуметтiк нормативтерiн, түрлерi мен нысандарын әзiрлейдi; 5) мемлекеттiк статистикалық есептiлiк негiзiнде денсаулық сақтау және бiлiм беру органдарымен бiрлесiп, кемтар балаларды әлеуметтiк, және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың республикалық, жергiлiктi бағдарламаларының мониторингiн ұйымдастырады; 6) әр түрлi ведомстволық бағыныстағы әлеуметтiк қызметтердi ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң үйлестiрiлуiн жүзеге асырады; 7) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарын, тегiн әлеуметтiк қызмет көрсетудiң тәртiбiн әзiрлейдi; 8) әлеуметтiк қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады. 8-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi 1. Жергiлiктi өкілді органдар: 1) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiтедi; 2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөнiндегi бағдарламалардың орындалуынa бақылау жасауды жүзуге асырады. 2. Жергiлiктi атқарушы органдар: 1) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi және мәслихаттардың бекiтуiне ұсынады; 2) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерiмен айналысатын бiлiм беру ұйымдарын, мемлекеттiк медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады; 3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерiнде, балалар емханаларында, әйелдердi босандыру мекемелерiнде скрининг ұйымдастырады; 4) скрининг нәтижесiнде анықталған "қатер" тобындағы балаларды ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келiсiмiмен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберудi қамтамасыз етедi; 5) кемтар балаларды арнаулы бiлiм беру ұйымдарында оқытуды ұйымдастырады және оларды басқа бiлiм беру ұйымдарында оқыту үшiн жағдай жасайды; 6) арнаулы бiлiм беру сапасына бақылау жасауды жүзеге асырады; 7) арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен психикалық және (немесе) дене кемiстiктерiн анықтау, есепке алу мен түзеу салаларында жұмыс iстейтiн кадрларды қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды жоспарлайды және ұйымдастырады; 8) ауыр кемiстiктерi бар балаларға күтiм жасау жөнiндегi әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру мен көрсету жөнiндегi қызметтi үйлестiредi; 9) жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтай отырып, кепiлдiктi медициналық қызмет көрсетiлу және тегiн бiлiм алу құқықтарын iске асыруды, сондай-ақ әлеуметтiк көмек алуды және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiлудi қамтамасыз етедi; 10) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларының құқықтарын қорғауды және оларға консультациялық көмек берудi қамтамасыз етедi; 11) кемтар балалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседi. 3. Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдерiнiң шешiмдерiмен кезең-кезеңiмен, үш жыл iшiнде алпыс мың балаға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда - оңалту орталықтары, аудан орталықтарында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi құрылады. 3-тарау. Кемтар балаларға әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету жөніндегі қызмет 9-бап. Кемтар балаларға медициналық, арнаулы бiлiм беру және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн ұйымдар 1. Медициналық қызметтердi: ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ана мен баланы қорғау ұйымдары, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн ұйымдар, консультациялық-диагностикалық поликлиникалар, медициналық оңалту орталықтары жүзеге асырады. 2. Медициналық қызметтерге: 1) "қатер" (скрининг) тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жас сәби балаларды жаппай стандартты тексеру; 2) туа бiткен, тұқым қуалаған және жүре пайда болған патологияның тереңдетiлген диагностикасы; 3) психика-дене дамуында ауытқулары бар балаларды медициналық түзеу және оңалту; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетiлетiн өзге де қызметтер жатады. 3. Кемтар балаларға арналған арнаулы бiлiм беру қызметтерiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi, оңалту орталықтары, логопедтiк пункттер, балалар бақшалары және басқа да арнаулы түзеу ұйымдары көрсетедi. 4. Арнаулы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге: 1) балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшелiктерiн анықтау және оқыту мен тәрбие берудiң түрi мен нысанын таңдау үшiн олардың мүмкiндiктерiн айқындау мақсатымен оларды тереңдетiлген және кешенді тексеру; 2) кемтар сәби, мектепке дейiнгi жастағы және мектеп жасындағы балаларды психологиялық-педагогикалық жағынан түзеу, оқыту мен тәрбиелеу; 3) еңбекке баулу, кәсiби диагностика; 4) кәсiби бiлiм беру; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызметтер көрсету жатады. 5. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн ұйымдар: халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерi, протез-ортопедия бұйымдарын шығаратын, техникалық және көмекшi құралдарды дайындайтын ұйымдар. 6. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге: 1) Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек көрсету; 2) протездеу және протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсету; 3) арнаулы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету; 4) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына консультациялық көмек көрсету; 5) әлеуметтiк қызметкерлердiң қызметтер көрсетуi жатады. Әлеуметтiк қызметкерлердiң құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi. 10-бап. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар 1. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды, айғақтамаларын анықтауды, оларға білiм берудiң түрi мен нысандарын айқындауды, оларды оңалтудың жеке бағдарламасын жасау мақсатында диагностика және психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер болып табылады. 2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар кемтар балаларды арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн ата-аналарының және өзге де заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен ғана жiбередi. 11-бап. Кемтар балаларға бiлiм берудi ұйымдастыру 1. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына және оқытудың жеке жоспарына сәйкес кемтар балалар мектепке дейiнгi бiлiмдi - үш жастан бастап, бастауыш және негiзгi жалпы бiлiмдi жетi - он жастан бастап алуына болады. Бұл ретте мемлекеттiк бiлiм беру бағдарламаларына сәйкес бастауыш және негiзгi жалпы бiлiм берудiң ұзақтығы он жылдан кем болмауға тиiс. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысы бойынша айғақтамалары болған кезде кемтар балаларды тәрбиелеу мен оқыту үйде жүзеге асырылуы мүмкiн. 2. Кемтар балалардың Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарында белгiленген тәртiппен бiлiм алуға құқығы бар. Мемлекет кемтар балаларды кәсiби даярлауға жәрдемдеседi. 12-бап. Мемлекеттiк статистикалық есептiлiк Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөнiндегi мемлекеттiк статистикалық есептiлiктi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес статистика жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi. 13-бап. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау iсiн қаржыландыру Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау iсiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады. 14-бап. Кемтар балаларды еңбекке даярлау және оларға кәсiби бiлiм беру 1. Кемтар балалар Қазақстан Республикасының бiлiм беру туралы заң актiлерiне сәйкес кәсiби бiлiм ала алады. 2. Кемтар балаларды еңбекке даярлау отбасында, арнаулы бiлiм беру ұйымдарында жүргiзiледi. Кемтар балалардың болашақ кәсiби қызметiнiң мүмкiндiктерi мен сипатын айқындау үшiн кәсiби-консультациялық орталықтарда, арнаулы бiлiм беру ұйымдарында кәсiби диагностика жүргiзiледi. 3. Кемтар балаларға бастауыш кәсiби бiлiм беру арнаулы бiлiм беру ұйымдарында, бастауыш кәсiптiк бiлiм беру iсiнiң түзеу ұйымдарында, кәсiптiк бiлiм бepy ұйымдарында және өзге де ұйымдарда жүзеге асырылады. 4-тарау. Кемтар балалардың құқықтары, олардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері 15-бап. Keмтap балалардың құқықтары 1. Кемтар балалардың: 1) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепiлдiктi түрде тегiн алуға; 2) мемлекеттiк медициналық ұйымдарда, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тегiн тексерiлуге және тегін медициналық көмек aлуға;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |