|
|
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнің мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысы (ҚР Үкіметінің 31.01.03 ж. N 114 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 30 қыркүйектегі N 1004 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Салық комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттерi - мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттерi - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде: 1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн; 2) Комитеттің қызметiн ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегi қажет ету шараларды қабылдасын. 4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 қазандағы N 1070 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 37, 338-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1301 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 403-құжат). 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi туралы ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 31.01.03 ж. N 114 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi - Комитет) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз етуге уәкiлеттi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсiмiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады. Комитеттiң: аймақаралық салық комитеттерi, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттерi кiретiн заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi және мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылығы органдарында бюджеттiк шоттары және банктерде шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет шығаратын кесiмнің нысаны Комитет басшысының бұйрығы болып табылады. 5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 6. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi" мемлекеттiк мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитет кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге құқысыз. Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi құқық берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттiң негізгі міндеттерi, функциялары және құқықтары 10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсу толықтығын, мiндетті зейнетақы жарналарын аударудың толықтығы мен уақытылығын қамтамасыз ету; салық төлеушінің салық мiндеттемелерiн орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру; өз құзыретi шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздігін қамтамасыз ету; алкоголь өнiмнің өндiрiсi мен айналымына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету; өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. 11. Комитеттің негiзгi функциялары мыналар болып табылады: салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер түсуiнің толықтығын көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау; нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгiленген құзыретi шегiнде салыққа жатпайтын төлемдердің түсуiн бақылау (мемлекеттік кәсiпорындар пайдасының үлесiнен, мемлекеттiк меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтерден, "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн жалгерлiк төлемнен, республикалық мемлекеттiк мүлiктi жалға беруден және сатудан, мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден, капиталмен жасалған операциялардан алынатын түсiмдерден басқа); өз құзыретi шегiнде салық саясатын қалыптастыруға қатысу; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының фискальдық саясатын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу; заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында лотереяларды ұйымдастыруға және өткiзуге байланысты қызметтi лицензиялау; салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi әкiмшiлендiру әдiснамасын әзiрлеу, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың көмегiмен функционалды рәсiмдердің жүзеге асырылуын басқару мен бақылау әдiстерiн жетiлдiру; салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекеттiк есептiлiктi жинаудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру; заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы салық төлеушілерiнің мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргізу; салық төлеушілердi, салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектiлердi есепке алудың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу және жүргiзу; бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ағымдағы болжауға қатысу; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік бюджетке төленетін мiндетті төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды қамтамасыз етуге уәкiлетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзу; трансферттік бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бюджетке бөлінетiн мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметiн бақылауды жүзеге асыру; салық салу саласындағы заңнаманың қолданылу практикасын талдау және қорытындылау, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу; салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасау; қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес таңбалауға жататын акцизделетін өнiмдер бойынша акциздiк алым маркiлерінің сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркілерінiң жасалуын, сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын бақылауды жүзеге асыру; өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер түсiмдерiнің мәселелерi бойынша, сондай-ақ акцизделетiн өнiмнің өндiрiсi мен айналымы саласында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау және ынтымақтасу; салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру; "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген тәртіппен салықтардың, өсiмақы мен айыптар есептелген сомасы бөлiгінде, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды тұлғаларының әрекетi (әрекетсiздігі) бөлiгiнде салықтық тексерулердiң актілерi бойынша хабарламаларға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау; салық мiндеттемелерiнің туындау, орындалу және тоқтатылу мәселелерiн жеке және заңды тұлғаларға түсiндiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру; ынтымақтастықтың экономикалық аспектiлерi бар халықаралық шарттар мен келiсiмдердің жобаларын дайындауға қатысу; өз құзыретi шегiнде салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн орындау; заңнамада көзделген өзге де функциялар. 12. Комитет өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезiнде мыналарға құқығы: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген тәртіппен салықтық бақылауды жүзеге асыруға; Комитеттің негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшін қажеттi ақпарат пен құжаттарды заңнамада белгiленген тәртіппен сұратуға және алуға; Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып, салық мiндеттемелерiн орындауға байланысты салық төлеушiнiң ақша құжаттарын, бухгалтерлік кiтаптарын, есептерiн, сметаларын, ақшасының бар-жоғын, бағалы қағаздарын, есептемелерiн, декларацияларын және өзге де құжаттарын тексерудi жүргізуге; салық төлеушіден белгiленген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу және төлеу (ұстап қалу және аудару) жөнiндегi құжаттарды, оларды толтыру бойынша түсiндiрмелердi, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудің (ұстап қалудың және аударудың) дұрыстығы мен төлеудің уақытылығын растайтын құжаттарды беруiн талап етуге; салықтық тексерудi жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде айқындалған тәртіппен салық төлеушiден салықтық құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы куәландыратын құжаттарды алуды жүргiзуге; олардың орналасқан жерiне қарамастан, кiрiстер алу үшiн пайдаланылатын кез келген салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектiлердi тексеруге, салық төлеушiнiң мүлкiн (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеудi жүргiзуге; қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес таңбалауға жататын акцизделетiн өнiмдер бойынша акциздiк алым маркiлерінің сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркiлерiнiң жасалуын, сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын бақылауды жүзеге асыруға; акцизделетiн өнiмнің өндiрiсi мен айналымынан акциздер түсiмiнің толықтығы мен уақытылығы бөлiгінде акцизделетiн өнiмдi сақтау мен сатуды, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексерудi жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша салық төлеушiден заңнамада белгiленген тәртiппен электрондық құжаттар түрiнде ақпарат алуға; тексерiлетiн салық төлеуші - заңды тұлғаға және жеке кәсiпкерге салық салуға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан оның банктiк шоттарына бар-жоғы және нөмiрлерi, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәлiметтердi алуға; "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) көзделген жағдайларда салық төлеушінің салық мiндеттемелерiн жанама тәсiлмен анықтауға; өз құзыретi шегiнде бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудің дұрыстығы, алудың толықтығы және аударудың уақытылығы мәселелерi бойынша уәкiлеттi органдарға тексеру жүргiзуге; өз құзыреті шегiнде Комитеттiң аумақтық органдарына, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдарға, заңды және жеке тұлғаларға орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге; өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту жөнiндегi мәселелердi қарауға; "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) көзделген тәртіппен салық декларациясын тапсыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдауға; Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдануға; сотқа салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi бар тұлғаны банкрот деп тану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес акциялардың мәжбүрлi қосымша эмиссиясы туралы талап қоюға; кадрлардың бiлiктiлігiн көтеру жөнiнде iс-шаралар өткiзуге; Қазақстан Республикасының заңнамасымен Комитетке берiлген басқа да құқықтар. 3. Комитеттің мүлкi 13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен құралады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитетi теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады. 14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитеттің өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Қызметiн ұйымдастыру 16. Комитет және оның аумақтық органдары салық қызметi органдарының бiрыңғай құрылымын құрайды. 17. Комитетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасына Қаржы министрi қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын төрт орынбасары болады. 18. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердің орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап бередi. ҚР Үкіметінің 31.01.03 ж. N 114 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді 19. Төраға осы мақсатта: өз орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды; Қазақстан Республикасының Қаржы министрiмен келiсiм бойынша аймақаралық салық комитеттерінің, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiнің төрағаларын, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық комитеттерiнің төрағаларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; Қазақстан Республикасының Қаржы министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде Комитеттің құрылымы мен штат кестесiн бекітеді; Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен көтермелейдi, сондай-ақ тәртіптiк жазалар қолданады; Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |