|
|
|
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. N 417 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы 1. Бағдарлама паспорты бағдарламасыӘзiрлеу үшiннегiздеме дамытудың 2001-2005 жылдар кезеңiне арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1564 және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулыларыНегiзгiәзiрлеушіIске асырумерзiміБағдарламаныңмақсаты менміндеттерi инфрақұрылымға бәсекелi бiрiктірiлген телекоммуникациялық секторын әрi қарай дамытуға бағытталған тетiктердi қалыптастыру мен жағдайлар жасау болып табылады. Бағдарламаның көрсетiлген мақсатына сәйкес мынадай міндеттердi шешу көзделген: Әлеуметтiк-саяси мiндеттер: жеке және заңды тұлғалардың жер-жерде телекоммуникациялардың қызмет көрсетулерiне әмбебап қол жеткiзулерiн қамтамасыз ету; халықтың және дамып отырған экономиканың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, оның iшiнде қауіпсiздiктi, қорғанысты және құқық тәртiбiн қамтамасыз ететiн органдардың телекоммуникациялардың түрлi қызмет көрсетулерiне өсiп отырған қажеттілігін қанағаттандыру; тұтынушылардың ақпараттық технологиялардың соңғы жетістiктерi мен ғаламдық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу үшiн жағдайлар жасау; ұлттық ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз eту; Техникалық-технологиялық мiндеттер: бiрыңғай ұйымдастырушылық және техникалық идеология негiзінде жұмыс iстейтiн, жоғары сапалы ішкi және халықаралық ақпараттық алмасуды, телекоммуникациялық қызмет көрсетулердiң барлық түрлерiн дамыту үшiн қуатты базаны қамтамасыз ететiн, осы заманғы ұлттық телекоммуникациялық инфрақұрылымды жедел дамыту; стандарттаудың және сертификаттаудың әлемдiк деңгейге сәйкес келетiн салалық жүйесiн дамыту; ұлттық ресурстарды: радиожиiлiктi ресурстарды және нөмiрлеу ресурстарын орталықтандырылған басқаруы қамтамасыз eту; Экономикалық мiндеттер: телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану тиiмділігiн және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру; Қазақстанның транзиттiк әлеуетiнiң мүмкiндiктерiн барынша iске асыру; телекоммуникациялық қызмет көрсету рыногын дамытуға бағытталған мемлекеттiк реттеу және бақылау тетiктерiн жетiлдiру және телекоммуникациялар рыногының барлық субъектiлерінің орнықты және серпiндi дамуы, байланыс операторларының тиiмдi жұмысы үшiн жағдайлар жасау; байланыс қызметтерiн көрсету рыногында адал бәсекелестік ортаны дамыту және барлық байланыс операторлары үшiн тең құқықты қамтамасыз ету.Бағдарламаныңнегiзгiіс-шаралары Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын, мемлекеттік органдардың басқа да нормативтiк кесімдерін әзiрлеу, телекоммуникациялар саласында жаңа нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу. Саланы мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру. Радио қол жеткiзу жүйелерiн қоса алғанда, осы заманғы цифрлық жабдықтар базасында телекоммуникациялардың жергілiктi желілерiн жаңғырту және дамыту, желiнi және оны пайдалануды оңтайландыру. Әмбебап қол жеткiзудi қамтамасыз ету тетігін құру (телекоммуникациялардың көпшiлiк қол жеткiзетін қызмет көрсетулерiнің өлшемдерi мен көлемiн айқындау, елдi мекендердiң әмбебап қол жеткiзуiн қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру). Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға белсендi инвестицияларды ынталандыратын жағдайлар жасау. Телекоммуникациялар саласындағы тарифтiк реттеу тетiктерiн жетілдiру. Бәсекелестiкті дамытудың жоспарланған және кейінгі кезеңдердегі қажеттi шарты ретiнде телекоммуникациялар рыногын кезең-кезеңiмен ырықтандыру. Халықаралық талаптарға сәйкес келетiн 2001-2005 жылдарға арналған "Сапа" республикалық бағдарламасы шеңберiнде телекоммуникациялар ұйымдарында сапа жүйелерiн әзiрлеу және eнгізу.Қаржыландырукөздерi мен кредиттерi, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн қаражаттар (телекоммуникациялардың залалды қызметтерiн субсидиялаудың (дотациялаудың) мүмкiндіктi нұсқасы peтіндe), гранттар және басқа да заңнамада тыйым салынбаған қаржы қаражаттары. Шамамен алғанда бағдарламаны iске асыруға 40361,0 млн. теңге, оның iшiнде республикалық бюджет қаражатынан 55 0 млн. теңге қажет.Күтілетінсоңғы нәтиже ұйымдастырушылық идеология негiзiнде жұмыс iстейтiн және дамитын осы заманғы телекоммуникациялар желiсi - телекоммуникациялық қызмет көрсетулерiнің барлық түрлерiн алудағы қажеттілiгін толық қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгiнiң инфрақұрылымдық бөлігін құру. Орталық Азия аймағының телекоммуникациялық инфрақұрылымында Қазақстан Республикасының жетекшi ұстанымдарын қамтамасыз ету. Оңтүстiк Шығыс Азия - Еуропа және Орталық Азия - Ресей бағыттарында Қазақстанның маңызды ақпараттық ағындарды қамтамасыз ету жөнінде халықаралық транзиттік торап ретiнде қалыптасуы. Телекоммуникациялық қызметтер көрсетудiң бәсекелестiк рыногын қалыптастыру және дамыту. Телекоммуникациялар саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру. 2. Кiрiспе Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1564 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2001-2005 жылдар кезеңiне арналған тұжырымдамасының ережелерiн ескере отырып әзiрлендi. Бағдарламаның негізгi мақсатына қол жеткiзуге бағытталған саланы дамыту стратегиясы мемлекеттік саясаттың мынадай қағидаттарына сүйенедi: телекоммуникациялар саласын дамытудың тұтастай алғанда, ел экономикасының дамуымен өзара байланыстылығы; Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi, егемендiгi және қорғаныс қабiлеттiлігі мүдделерiн қамтамасыз ету; телекоммуникациялар рыногын дамытуға ықпал ететiн нормативтік база; тиiмдi мемлекеттiк саясат жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мемлекеттің стратегиялық салалардағы рөлiн күшейту; телекоммуникациялардың жалпыға бірдей қол жеткiзетiн қызметтерiне республика азаматтарының әмбебап қол жеткiзуiн қамтамасыз ету; телекоммуникациялар рыногының барлық қатысушылары үшiн еркiн және тең құқықты бәсекелестiктi ынталандыру және қамтамасыз ету; инвестицияларды ынталандыру және көтермелеу; жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру және көтермелеу; желiлерде бiрыңғай техникалық стандарттар қолдану және саланың субъектілері үшiн халықаралық сапа стандарттарын енгiзу. 3. Қазақстан Республикасы саласының осы заманғы жай-күйiн талдау, проблемалар Телекоммуникациялар, көрсетiлетiн қызмет көлемi тұрақты өсiп отыратын, экономиканың серпiндi дамушы саласы болып табылады. Қазақстан Республикасында телекоммуникациялар желiлерiнің ағымдағы жай-күйiн мынадай негiзгi цифрлармен сипаттауға болады: 2002 жылдың басында Қазақстанда орташа телефон тығыздығы елдiң 100 тұрғынына шаққанда 14,4-тi, оның iшiнде қалаларда - 21,7-нi, ауылдық жерлерде - 5,2 телефонды құрады. Негiзгi телефон аппараттарының тығыздығы 100 отбасына шаққанда 50,9-ды құрады, оның iшiнде қалаларда - 69,2-нi, ауылдық жерлерде - 21,8-дi құрады; телекоммуникациялардың жергіліктi желiсi 3000-нан аса станциялардан тұрады, олардың тек алтыдан бiр бөлiгi ғана қалаларда орналасқан. Тек "Қазақтелеком" ААҚ-та станциялардың жалпы құрастырылған сыйымдылығы 2,4 млн. нөмiрдi құрайды, iске қосылғаны - 2 млн нөмiр. Цифрландыру деңгейi 34 пайызды құрайды. Қалааралық арналардың ұзақтығы 246 599 221 арн.км, олардың ішінде таратудың цифрлық жүйелерiмен құрылған арналар ұзақтығы - 202 612 351 арн.км құрайды (телефон арналарының жалпы ұзақтығының 82%-ы), оның iшiнде оптикалық кабельдi қолдана отырып - 186 650 031 арн.км (телефон арналарының жалпы ұзақтығының 75,7-ы). Техникалық база. Жаңғырту процесi ұлттық телекоммуникациялар желiсiнiң барлық деңгейлерi мен құрамдас элементтерiн қамтыды. Соңғы үш жылда желiнi толық ауқымды жаңарту мен кеңейтудің негiзiн салған елеулi өзгерiстер болды: Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұзақтығы 1750 км Транс-Азия-Европалық талшықты-оптикалық байланыс желiсi (бұдан әpi TAE), ұзақтығы 137 км Петропавл - Кормиловка (Ресей) Солтүстік талшықты-оптикалық байланыс желiсi (бұдан әрi - ТОБЖ), Алматы - Астана Петропавл - Ресей радиалдық тармағы бойынша Ресейге цифрлық шығу қамтамасыз етiлген, Орталық Азия - Ресей транзит арналарын жаңа сапалы деңгейде ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн ұзақтығы 1140 км Алматы Қарағанды цифрлық радиорелелiк желiсi салынды; Астана - Өскемен - Алматы ұқсас радиорелелiк желiсi бойынша Алматы және Астана қалаларының цифрлық телефон станцияларын қосу үшiн, транзиттiк трафиктің цифрлық арналары бойынша өткiзу үшiн және GSМ стандартты ұялы байланыстың мұқтаждары үшiн 34 Мбит/с цифрлық ағыны ұйымдастырылды; Ұлттық ақпараттық супер магистральдың (бұдан әрі - ҰАСМ) Батыс тармағының құрылысы (ұзақтығы 864 км Қызылорда - Ақтөбе - Қандыағаш Атырау - Ганюшкино - Ресей шекарасы), ҰАСМ Шығыс тармағын (Петропавл Астана - Өскемен - Талдықорған) салуға арналған жобалау-іздестіру жұмыстары аяқталды, сондай-ақ Шығыс тармағын салу үшiн берушіні таңдауға арналған тендер өткiзiлдi. Шығыс ТОБЖ құрылысы басталды; Алматы қаласындағы "Орбита" спутниктiк станциясын қайта құру жүргiзiлдi, сондай-ақ Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында Интелсат халықаралық спутник жүйесінің станциясы орнатылды, олардың арасында спутниктік байланыстың магистралдық арналары ұйымдастырылды және Германияға, Ұлыбританияға, Швейцарияға, Ресейге, Бiрiккен Apaб Эмираттарына, Канадаға және басқа елдерге жаңа бағыттар ашылды; республиканың баруы қиын және халқы аз қоныстанған аудандарында байланысты қамтамасыз ететін ауылдық байланыстың спутниктік желiсiнiң құрылысы жүргiзiлуде. 2001 жылғы 31 желтоқсандағы деректер бойынша 1998 жылдан бастап 207 ДАМА (арналарды талап бойынша беру жүйесi) цифрлық спутниктiк станциялары, оның iшiнде осындай аудандардың елдi мекендерiнде 184, 2002 жылғы тоғыз айда - 29 станция пайдалануға берiлді; Алматы қаласы Халықаралық коммутациялар орталығының (бұдан әрі ХКО) және Орал, Тараз, Ақтөбе қалаларындағы автоматты қалааралық телефон станцияларының (бұдан әрі - АҚТС) жабдығын жаңғырту аяқталды, Астана қаласының АҚТС базасында екiншi XKO салынды. Қалааралық цифрлық телекоммуникациялар желiсiн құру аяқталды. Бүгiнгi күнге 100% АҚТС цифрлық, желiде 2 ХКО жұмыс iстейдi. Рынок құрылымы Республиканың телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногы жыл сайын аса серпінді әрi бәсекелес болып келедi. Байланыс операторларының саны едәуiр өсуде, жаңа технологиялар енгiзiлуде, ұсынылатын қызметтер спектрi ұлғаюда. Рынок сыйымдылығы 1998 жылғы 350 млн. АҚШ долларынан 2001 жылы 500 млн. долларға дейiн өстi, бұл ретте ұлттық байланыс операторының үлесi негiзiнен ұтқыр байланыс операторларының қарқынды өсу есебiнен 90%-дан 68%-ға дейiн қысқарды. Соңғы 4 жылда олардың рыноктағы үлесi 2,8%-дан 26,1%-ға дейiн артты. 2002 жылдың 1 мамырына Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiн ұсыну жөнiндегi кәсіпкерлік қызметпен - базалық қызмет көрсетулерден бастап ұялы байланыс пен зияткерлiк желiлер (аудиомәтін) қызмет көрсетулерімен айналысуға 770 лицензия бердi. Олардың 237 лицензиясы телекоммуникациялардың жергіліктi желiлерi және олармен байланысты қызмет көрсетулерге, 146 - жылжымалы радиобайланыс пен пейджинг қызмет көрсетулерiне, 125 - радиохабар мен теледидарға, 36 - бөлiнген спутниктiк байланыс желiлерiнiң қызмет көрсетулерiне және арналарды жалға алуға берiлдi. Деректер беру рыногы мен Интернет аса шапшаң дамушы болып табылады, қазiргi уақытта операторларға бұл қызмет түрiмен айналысуға 131 лицензия берiлдi. Рыноктың жартысын қалааралық, халықаралық байланыс қызмет көрсетулері алады, және де рыноктың 25%-ын қалааралық байланыс қызмет көрсетулерi қалыптастырады. ТМД елдерiне және алыс шет елдерге халықаралық телефондама қызмет көрсетулерін сату көлемiнiң үлес салмағы бiрдей. Ұялы байланыс телекоммуникациялық қызметтер көрсету рыногының төрттен бiрiнен астамын алады, мұның өзi тiптi қалааралық байланыс рыногы көлемiнен артық. Соңғы жылдары әлемде жылжымалы байланыс қызметін көрсетулер рыногында байқалатын өткір бәсекелестiктiң салдарынан, барлық негiзгi үш технологиялар эволюциясы, атап айтқанда: GSM, D-АМРS, CDMA мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады: қосымша қызмет көрсетулер санын арттыру, желi сыйымдылығын және асып түсу алаңын ұлғайту, радиоинтерфейстiң құнын кемiту және өткiзу жолағын кеңейту. Қазақстанда GSM және AMPS - D-AMPS стандарттарының ұялы байланыс қызмет көрсетулерiн 4 байланыс операторлары ұсынады, пайдаланушылар саны 800-мыңдық белгiге жақындап келедi. Жергiлiктi телефон байланысы қызмет көрсетулері бүкiл рыноктың 14%-ын қалыптастырады. Деректер беру және Интернет қызмет көрсетулерiнiң көлемi екі есе кем. Қазiр деректер беру қызмет көрсетулерi, Интернет, ұтқыр радиобайланыс, корпоративті клиенттер үшiн телекоммуникациялар қызмет көрсетулерi рыногында жоғары дәрежелi бәсекелестiк орын алып отыр. Жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсi (бұдан әрі - ЖПТЖ) үшiн тек халықаралық және қалааралық байланыс рыногы ресми түрде "Қазақтелеком" ААҚ-ның монополиясы болып табылады, алайда онда іс жүзінде АР-телефондама операторлары ретiнде халықаралық және қалааралық трафигін қолданыстағы нормативтiк кесiмдерде көзделгеннен басқа жолмен өткiзетiн операторлар жұмыс iстейдi. Сонымен бiр мезгiлде, ресми түрде толығымен ашық сектор болып табылатын жергiлiктi байланыс рыногында бәсекелестiктiң дамуы бiр жағынан жергiлiктi байланысқа мемлекет реттейтін төмен тарифтердiң болуымен, ал екiншi жағынан ЖПТЖ-ға бiрiгуi және қалааралық әрі халықаралық трафик транзитіне "Қазақтелеком" ААҚ ұлттық операторының жоғары тарифтерiмен шектеледі. Қаржылық жай-күйi. Байланыс операторларының 2000 жылғы жиынтық кiрiстерi 45,1 млрд. теңгенi, 2001 жылы - 63,44 млрд теңгенi, оның iшiнде ұлттық оператордiкi - тиiсiнше 38,3 млрд. теңге мен 45,8 млрд. теңгенi құрады. Рыноктың орташа рентабельдiлiгiн 15%-ға бағалауға болады. 2001 жылы телекоммуникациялар саласын инвестициялау көлемi 15,06 млрд. теңгенi құрады және де ұлттық оператор 11,03 млрд. теңге инвестициялады, 2002 жылы "Қазақтелеком" ААҚ 14,187 млрд. теңге сомасына жобаларды қаржыландыруды көздеп отыр. Проблемалар. Сонымен бiрге сыртқы да (тұтастай алғанда ел экономикасының дамуы), iшкi салалық та көптеген проблемалар шешiмiн таппай отыр. Солардың негiзгілерi мыналар болып табылады: Телекоммуникациялар саласындағы қоғамдық қатынастарды және теңгерiмдi техникалық саясатты реттейтiн нормативтiк базаның саланың даму қарқынынан қалып қоюы. Нашар ғылыми негізделген әдiснамалық негiз салдарынан жүйелi көзқарас жоқ. Байланыс саласындағы бүкiл арнайы ғылыми-техникалық және жобалық база iс жүзінде дәстүрлі түрде Ресейде орналасқан. Жобалауға, маркетингтік және ғылыми зерттеулерге, ғылыми-әдiстемелiк базаны әзiрлеуге мамандандырылған отандық ұйымдарды құру және оларға мемлекеттік қолдау көрсетудi қамтамасыз ету проблемасы өткiр тұр. Қолданылып жүрген заңнамада сала дамуының қазiргi кезеңiндегi қатынастарды реттеу үшiн қажетті және перспективада оның дамуын қамтамасыз ететiн көптеген нормалар жоқ. Байланыс операторларының, қызмет көрсету провайдерлерiнiң, рынок реттеушiсiнiң, тұтынушылардың арасындағы өзара қатынастарды реттейтiн нормативтiк кесiмдердi әзiрлеу және жетiлдiру талап етiледi. Проблеманы шешу үшiн бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және көбейту жоспарланып отыр. Экономиканың дамуы мен телефон тығыздығының өсуi арасындағы алшақтық. Елдегi байланыстың даму деңгейi тұтастай алғанда экономиканың даму деңгейiнен бiршама кейiн қалып отыр. Сонымен бiрге, Қазақстанның біртіндеп урбанизациялануы нәтижесiнде аймақтардың арасындағы да сол сияқты қала мен ауыл арасындағы да халық тығыздығының қайта бөлiнуi жүруде. Бір мезгiлде байланыс қызмет көрсетулерiне төлемге қабiлеттi сұраныс көлемi артуда. Мұндай жағдайда саланың кiрiсiн арттыру стратегиясы тек iске қосылған телефон желiлерi санының артуына ғана емес, сонымен бiрге ең алдымен экономикалық тұрғыдан алғанда ең перспективалы аудандардағы жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiн жаңғыртуға, трафиктiң табиғи өсуiне, қызмет көрсетудiң жаңа түрлерiн, оның iшiнде қосылған құны бар қызмет көрсетулердi енгiзуге сүйенуi тиiс. Осы факторды ескере отырып, бағдарламаны iске асыру процесiнде қолда бар желi сыйымдылығын және телефон тығыздығы деңгейiн кемiтудi болдырмау және тұтынушылардың төлемге қабiлетті сұранысын барынша қанағаттандыратын оның өсiмiн қамтамасыз ету мақсатына бағдарлану қажет. Жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiндегi монополия. ЖПТЖ-дағы монополия тарихи себептерге қарай туындады, ал оның қазiргi кезде сақталуына әлеуметтік маңызды қызмет көрсетулерге арналған дәстүрлi қалыптасқан тарифтердi реттеу практикасы бүгiнгi күнге дейiн салада қызмет көрсетулер арасында (шығынды қызмет көрсетулер жоғары кiрiстердің есебiнен ұсталады), сол сияқты пайдаланушылар санаттары арасында да (бiрдей қызмет көрсету түрлерiне пайдаланушының мәртебесiне байланысты бiрнеше тарифтер белгiленген) тоғыспалы субсидиялау тетiгiн пайдалану да үлкен ықпал етедi. Реттелетiн тарифтердiң көпшiлiгiнде аймақтарға (экономикасы дамыған, тоқыраған және т.с.с.) байланысты пайдалану шығындары деңгейінің айырмасы да көрсетiлмейдi. Мұндай тарифтер оларды өндiруге және ұсынуға жұмсаған байланыс операторларының негiзделген шығындарының орнын толтыра алмайды. 2001 жылы "Қазақтелеком" ААҚ "Андерсен Менеджмент Интернэшнл" (Дания)" консалтингтік фирмасымен бiрлесiп жергiлiктi телефон байланысы қызмет көрсетулерiнiң (жалпыға бiрдей қол жеткiзiлiмнiң бiреуiне) өзiндiк құнына алдын ала талдау жүргiзген болатын, оның нәтижелерi шығындарды жабу үшiн телекоммуникациялар саласына жыл сайын кем дегенде 2 млрд. теңге жұмсалуы қажет екендiгiн көрсетті. Алайда тарифтердi қажеттi қайта теңгерiмдеудi монополист көптеген параметрлер бойынша шығындарды бөлек есепке алуды енгiзгеннен кейiн ғана байыпты жүзеге асыру мүмкiн болады. Телекоммуникациялық рыноктағы жағдайды өзгерту үшiн тарифтiк реттеудi жетілдiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу, Телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерiмдеу жоспарын әзiрлеу және iске асыру жоспарлануда. Шығындарды бөлектеп есепке алу тетiгiнiң болмауы. Телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiнiң өзiндiк құны тек жекелеген қызмет көрсетулер үшiн ғана емес, сонымен бiрге елдiң түрлi аймақтары үшiн де әртүрлi. Желi элементтерi бойынша және жекелеген қызмет көрсетулер бойынша шығындарды бөлектеп есепке алу тетігінің болмауы экономикалық негiзделген тарифтердi есептеуге ықпал етпейдi, бұл өз кезегiнде кiрiстердi толық алмауға және соның салдарынан негiзгi қорлардың орны толмас тозуына әкеп соғады. Проблеманы шешу үшiн тиiстi Ереже мен әдiстеме әзiрленедi. Ескiрген техникалық база. Телекоммуникациялардың ұлттық желiсiн жаңғырту және дамыту үшiн негiзгi қаржыландыру көзi ұсынылатын қызмет көрсетулерден алынатын кiрiстер болып табылады. Тарифтердiң теңгерiмсiздігін ескерсек, жаңғырту қарқыны жеткiлiктi жоғары емес. Бүгiнгi уақытқа дейiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiнде табиғи және моральдық тозған жабдықтардың үлкен көлемi пайдаланылады. Әсiресе телекоммуникациялардың жергiлiктi желiлерiнiң қол жеткiзу желiлерiнде тозу пайызы жоғары. Жоғары пайдалану шығындары әрi тағы да телекоммуникациялардың жаңа қызмет көрсетулерiн ұсынудан түсетiн кiрiстердi толық алмау цифрландырудың жеткiлiксiз жоғары деңгейінің салдары болып болып табылады. 2005 жылдың соңына дейiн ЖПТЖ-ға арналған цифрлық жабдық деңгейiн жалпы сыйымдылықтың 50-60%-на дейiн жеткiзу талшық-оптикалық кабельдердi пайдалана отырып байланыс желiлерiнің құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр. Радиожиілік спектрінің жеткіліксіздігі. Қазақстанда жақын перспективада IМТ-2000 (W-CDМА, СDМА-2000) жылжымалы байланыстың үшiншi буыны стандарттарын таңдау және енгізу жөнiндегi жұмыс басталады, олар 5 МГц бiр арнада тарату жылдамдығы 8 кбит/с бастап 2 Мбит/с дейiнгi шектерде жатқан бiрнеше түрлi қызметтердi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, тек бiр терминалға сөздi және деректердi берудi талап ететiн нақты мультимедиялы ақпаратты бepу қамтамасыз ете отырып, пакеттер коммутациясы қызметтерiнен бiр ғана арнада белгiлер берiлуi мүмкiн. Қазiргi уақытта Халықаралық электр байланысы одағы (бұдан әрi - ХЭО) барлық елдер мүддесiнде бұл байланыс жүйелерiне қажеттi радиожиілік ресурсын бекiту мәселелерiн шешуде. Қазiрдiң өзiнде Қазақстанда 3-буынға өтпелi стандарттарды (2,5 стандарттаp деп аталатындар) енгiзу мүмкiндiгi қарастырылып отырғанына қарамастан, жиiлiктердiң қажетті өрiстерiн бөлу проблемалары өте баяу шешiлуде. Тiркелген байланыс желiлерiнде сымсыз жүйелердi пайдалану мәселесi бос радиожиіліктердiң болмауына байланысты өткiр күйiнде қалып отыр. Мұндай жағдай, әсiресе ЖПТЖ операторлары үшiн тиiмсiз, себебi ол ауылдық байланыстың дамуын және ауылдық елдi мекендерде соңғы мильдi (желi жабдығынан абоненттік құрылғыға дейінгі қол жеткiзУ желiсi) ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды арзандату процесiн тежейдi. Байланыс операторлары мен әлуеттiк ведомстволар пайдаланатын радиожиiлiктердi келiсу баяу және еңбектi көп жұмсау арқылы жүргiзiледi. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану жөнiндегi өкiлеттіктердi шектеулердiң, келiсу жүргiзудiң реттелген тәртiбiнiң болмауы көп жағдайда негiзсiз бас тартуларға әкеп соғады. Бұдан басқа, радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн өндiрiп алынатын ақы мөлшерiн белгiлеудiң экономикалық негізделген әдiстемесi жоқ. Радиожиiлiк спектрiн негiзгi пайдаланушылар көпшiлiк бөлігінде әлуеттiк ведомстволары болып табылатындықтан, ал спектрдi ауыстыру бағдарламасының болмауына байланысты жаңа технологияларды енгiзу тежелiп отыр. Бағдарламада көтерiлiп отырған проблемаларды шешуге бағытталған бiрқатар iс-шараларды орындау көзделіп отыр. Бiрқатар бағыттар бойынша жоғары бiлiктi мамандардың болмауы. Телекоммуникациялар саласы кадрларын оқыту процесi желiлердi жаңғырту және дамыту жоспарларымен келiсусiз жүргiзiледi, мамандарды қайта даярлау өз уақытында жүргiзiлмейдi, мұның өзi кадрлар даярлаудың саланың даму қарқынынан едәуiр артта қалуымен түсiндiрiледi. Өндiрiстiң радиоэлектроника және телекоммуникациялар бағыты бойынша жоғары бiлiктi инженерлер мен мамандар даярлауды жүргiзетiн жоғары оқу орындарымен (магистратура және аспирантура) байланысы нашар екендігін айта кету керек.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |