|
|
|
Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігі анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 18 наурыздағы N 262 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 31 тамыздағы N 912 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігі анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесi бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 262 қаулысымен бекiтiлген Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігі анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесі Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған) мүгедектiгi анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрi Заң) 14-бабына сәйкес әзiрлендi. 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Әскери қызметшiге әскери мiндеттiге немесе оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақыны (бұдан әрі - өтемақы) төлеу мынадай жағдайларда жүргiзiледi: 1) әскери қызметшi немесе әскери мiндеттi қызмет (жиын) кезеңiнде не қызметiн (жиынды) өткеру кезеңiнде алған жарақат (контузия), сырқат салдарынан қызметтен босатылғаннан (жиын аяқталғаннан) кейiн қаза тапқанда (қайтыс болғанда); 2) әскери қызметшiнің (әскери мiндеттiнiң) ол әскери қызметiн (жиын) өткерiп жүрген кезеңде немесе әскери қызметтен босатылған (жиын аяқталған) күннен бастап бiр жыл өткенге дейін әскери қызметтi (жиынды) өткерумен байланысты контузияның, жарақаттың, сырқаттың нәтижесiнде болған мүгедектiгi анықталғанда; 3) әскери қызметшi, жиындарға шақырылған әскери мiндеттi әскери қызметте (әскери жиындарда) мiндеттерiн орындау кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр жарақат (жаралану, жарақат, контузия) не жеңiл жарақат алғанда. 2. Егер қайтыс болу себебi өз-өзіне қол жұмсауға жеткiзген жағдайды қоспағанда, өз-өзiне қол жұмсау болғаны заңнамада белгіленген тәртіппен дәлелденген болса, сондай-ақ егер қаза табу (қайтыс болу), жаралану, жарақат, зақым алу адамның заңға қайшы әрекет жасауы кезiнде немесе алкогольден, есiрткіден, уытқұмарлықтан мас болу себебiнен немесе өзiне қандай да бір зақым келтiру салдарынан немесе өтемақы алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өзiнiң денсаулығына өзге де зақым келтiрсе, тиiстi құжаттар ресiмделмейдi және өтемақы төленбейдi. 2-тарау. Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi 3. Әскери қызметшi немесе әскери мiндеттi қызмет (жиын) кезеңiнде не қызметтi (жиынды) өткеру кезеңiнде алған жарақат (контузия), сырқат салдарынан қызметтен (жиыннан) босатылғаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдардың тұрғылықты жерi бойынша аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар мынадай құжаттарды ұсыну қажеттiгi туралы соңғыларын жазбаша түрде хабардар етедi: 1) өтемақы алуға өтiнiш (1-қосымша); 2) қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң нотариалдық тәртiппен расталған көшiрмесi; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен берiлген мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк; 4) өтемақы алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжат көшiрмесi. 4. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар: 1) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери қызмет (жиын) өткеру кезеңiн көрсете отырып, өтемақы алуға құқық беретiн оқиға сәтiндегi ақшалай үлестiң мөлшерi туралы анықтаманы (2-қосымша) , сондай-ақ әскери қызметшiнi бөлiмше тiзімiнен шығару туралы әскери бөлiм командирiнiң бұйрығынан үзіндіні; 2) әскери қызметшiнiң (әскери мiндеттiнiң) қаза табуының (қайтыс болуының) себептерi мен жағдаяттарын тергеу материалдарын; 3) қызметтен (жиыннан) босатылғаннан кейiн қайтыс болған адамдарға қатысты - қайтыс болу себебi әскери қызметтi (жиынды) өткеру кезеңiнде алған жаралану, контузия, жарақат немесе сырқат болып табылатынын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысын (қаулысын) сұратады. 3-тарау. Әскери қызметшiнiң (әскери мiндеттiнiң) мүгедектігі анықталған жағдайда өтемақы алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi 5. Әскери қызметшiнiң (әскери мiндеттiнiң) ол әскери қызметті (жиынды) өткерiп жүрген кезеңде мүгедектiгi анықталған жағдайда қызмет (жиын өту) орны бойынша мынадай құжаттар тапсырылады: 1) белгiленген нысандағы өтiнiш (1-қосымша); 2) мүгедектiк тобы анықталғаны туралы халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi қорытындысының нотариалдық тәртіппен расталған көшiрмесi; 3) нәтижесiнде мүгедектiгi басталған контузияны, жарақатты, сырқатты қызмет (жиын) өткеру кезеңiнде алғанын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының (қаулысының) көшiрмесi; 4) өтемақы алуға құқығы бар адамның әскери қызмет (жиын) өткеру кезеңiн көрсетiп, өтемақы алуға құқық беретiн оқиға сәтiндегi ақшалай үлестiң мөлшерi туралы әскери бөлiмнiң анықтамасы (2-қосымша). 6. Әскери қызметшiнiң (әскери мiндеттiнiң) әскери қызметтi (жиынды) өткеруiне байланысты оның контузиясы, жарақаты, сырқаттануы нәтижесiнде болған мүгедектігі анықталған жағдайда, әскери қызметтен босатылғаннан (жиын аяқталғаннан) кейiн бip жыл өткенге дейiн аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға мыналар ұсынылады: 1) осы Ереженiң 5-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар; 2) әскери қызметшiлер - олардың әскери қызмет өткеру кезеңiн көрсетiп, босату күнiндегi ақшалай үлесiнiң мөлшерi туралы әскери бөлiмнiң анықтамасы (2-қосымша), сондай-ақ әскери бөлiм командирiнiң оны әскери бөлiмнiң тiзiмдерiнен шығару туралы бұйрығының үзiндiсi; 3) әскери мiндеттілер - олардың әскери жиындарды өткеру кезеңi туралы аудандық (қалалық) әскери комиссариаттың анықтамасы. 4-тарау. Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр жарақат (жаралану, жарақаттану, контузия) немесе жеңiл жарақат алған жағдайда өтемақы алу үшiн құжаттардың тiзбесi 7. Әскери қызметшiнiң, жиындарға шақырылған әскери мiндеттiнiң әскери қызмет мiндеттерiн (әскери жиындарда) атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр жарақат (жаралану, жарақаттану, контузия) немесе жеңiл жарақат алған жағдайда, оларды әскери бөлiм командирi немесе тiкелей бастықтары қызмет орны бойынша немесе аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға мыналарды: 1) осы Ереженiң 5-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды; 2) алған жарақаттың (жаралануының, жарақаттануының, контузиясының) ауырлық (ауыр немесе жеңiл) дәрежесi туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның анықтамасын (3-қосымша); 3) әскери қызмет мiндеттерiн (жиындар өткеру) атқару кезiнде жарақат алу фактісiн растайтын тексеру материалдарын ұсыну қажеттiгi туралы хабардар етедi. 5-тарау. Өтемақыны төлеу тәртiбi 8. Осы Ереженiң 4, 5, 6, 7-тармақтарында көрсетiлген құжаттар қоса берілген өтемақыны алушының өтінiшiн мыналар: 1) аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар барлық қажеттi құжаттарды алған күннен бастап он күн мерзiмде облыстық әскери комиссариаттарға; 2) әскери бөлiмдердiң командирлерi тiкелей өтемақы төлеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға (бұдан әрi - мемлекеттiк орган) ұсынады. 9. Облыстық әскери комиссариаттар өтемақы төлеуге құжаттар түскен кезде оларды тіркеуді жүргізеді және түскен күнiнен бастап бес күн мерзiмде оларды тиiстi мемлекеттiк органға жiбередi. 10. Мемлекеттiк орган өтемақы төлеуге құжаттарды алған күннен бастап eкі ай iшiнде оны мынадай мөлшерде әскери қызметшiлерге (әскери мiндеттiлерге), не оны алуға құқығы бар адамдарға төлеудi жүргiзедi: 1) әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе ол әскери қызмет (жиындар) кезеңiнде жарақат алған жағдайда, соңғы атқарған лауазымы бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) күнгi Заңның 14-бабында белгiленген олардың ақшалай үлесiнiң мөлшерiнде; 2) әскери қызметшi әскери қызметтен босатылғаннан кейiн немесе әскери мiндеттi жиындар аяқталғаннан кейiн қызмет өткеру (жиындар) кезеңiнде алған жарасы (контузиясы) сырқаты салдарынан қайтыс болған жағдайда, босатылған сәтiнен бастап соңғы атқарған лауазымы бойынша қайтыс болған күнгi ақшалай үлесiнiң өзгерiстерiн ескере отырып, Заңның 14-бабында белгіленген олардың ақшалай үлесi мөлшерiнде; 3) әскери қызметшiнiң немесе әскери мiндеттiнiң әскери қызметтi (жиынды) ескеруге байланысты контузиясы, жарақаттануы, сырқаттануы нәтижесiнде болған мүгедектігi анықталған жағдайда, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн босатылған сәттен бастап соңғы атқарған лауазымы бойынша мүгедектiгi анықталған күнгi ақшалай үлесiнiң өзгерiстерiн ecкepe отырып, Заңның 14-бабында белгіленген мөлшерде; 4) мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне, стипендия алатын әскери оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) Ереженiң осы тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе жарақат алған күнгі айлық есептiк көрсеткiшiнiң өзгерiстерiн ескере отырып, Заңның 14-бабында белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң мөлшерiнде. 11. Мемлекеттік орган өтемақы төлеуге құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда жетiспеген құжаттарға тиiстi сұрау салулар жүргізеді. 12. Заңда көзделген, олар бойынша өтемақы төленбейтiн жағдайларда мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi өтiнiш берушiлерге өтемақы төлеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жiбередi. 13. Өтемақы төлеу мемлекеттiк органның шотына түскен ақшаның көзделген лимиттерi шегiнде жүргiзiледi. 14. Алушылардың тұрғылықты жерi бойынша банк мекемелерiнде ашылған дербес шоттарға немесе карт шоттарға өтемақыны аудару қазынашылық басқармалары арқылы жүзеге асырылады. Өтемақы төлеу республикалық және жергiлiктi бюджеттерде мемлекеттік органдардың осы мақсаттарға көзделген қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 15. Кәмелетке толмаған алушыға өтемақы төлеу оны тұрғылықты жерi бойынша екiншi деңгейдегi банкте ашылған алушының дербес шотына аудару жолымен, бұл туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарын, сондай-ақ оның заңды өкiлдерiн бiр уақытта хабардар етумен құжаттар түскен сәттен бастап екi ай iшiнде жүргiзiледi. 16. Алушыға өтемақыны аударғаннан кейiн бiржолғы өтемақыны төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналында (4-қосымша) өтемақының күнi, сомасы және төлем құжатының нөмiрi көрсетiлiп, тиiсті жазба жазылады. Ережеге 1-қосымша Кімге: ________________________________________ (біржолғы өтемақы төлеуді жүзеге ________________________________________ асыратын мемлекеттік органның басшысына) ________________________________________ өтініш берушінің (Т.А.Ә) тұратын жері ___________________________ ________________________________________ тел: ___________________________________ Біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге өтініш Сізден ______________________________________________________ (оқиғаның сипаты көрсетіледі) байланысты маған өтемақы төлеуіңізді өтінемін. Бұрын _______________________________________________________ (оқиғаның сипаты көрсетіледі) байланысты біржолғы ақшалай өтемақыны алдым ____________ (ия, жоқ) Тиісті өтемақы төлемін ______________________________________ (облысы, аудан, қала, алушының тұрғылықты жерінің мекен-жайы) аударуды өтінемін: Банк мекемесінің N ________________________________________________ Филиалдың N _______________________________________________________ Дербес шоты немесе карт шоты ______________________________________ _____________________________________________________________ атына (Т.А.Ә) Алушының СТН N ____________________________________________________ Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін: 1. ________________________________________________________________ 2. ________________________________________________________________ 3. ________________________________________________________________ 4. ________________________________________________________________ 5. ________________________________________________________________ 6. ________________________________________________________________ ______ ж. "____"___________ Өтініш беруші ______ ______________ (жылы) (күні) (айы) (қолы) (Т.А.Ә) М.О. Әскери комиссар ___________ _________________________ (қолы) (Т.А.Ә.) Ережеге 2-қосымша "Әскери бөлімнің бұрыштама мөртаңбасы" АНЫҚТАМА ____________________________________________________ берілді, (атағы, тегі, әкесінің аты) ___________________________________________________________________ (ведомствоның атауы және өтемақы төлемдерін алуға құқық беретін ___________________________________________________________________ оқиға күнгі атқарған лауазымы) ол расында қызмет етеді (қызмет етті). _______ ж. "___"__________ бастап ______ ж. "___"____________ дейін (күні) (күні) 200__ ж. "____" ______________________________ ақшалай үлесі: (біржолғы өтемақы алуға құқық беретін оқиға күні) ___________________________________________________________ құрады. (сомасы жазумен) соның ішінде: лауазымдық жалақысы _______________________________________________ әскери атағы бойынша жалақысы _____________________________________ Босату себебі (егер босатылған болса): ____________________________ ___________________________________________________________________ Анықтама әскери қызметші қаза тапқан (қайтыс болған), жарақат алған жағдайда біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін берілді. Командир (бастық) __________ ____________________ (қолы) (Т.А.Ә.) М.О. Қаржы қызметінің __________ ___________________ бастығы (бухгалтер) (қолы) (Т.А.Ә.) Ережеге 3-қосымша "Әскери бөлімнің бұрыштама мөртаңбасы" АНЫҚТАМА _____________________________________________________________ (атағы, тегі, әкесінің аты) ________________________________________________________ берілді. ол іс жүзінде әскери қызмет міндеттерін (әскери жиындарда) атқару кезінде ___________________________________________________________ (жарақат алу жағдайы көрсетіледі) ___________________________________________________________________ _________________ _______________________________________________ (жылы, күні, айы) (ауырлығы немесе жеңілдігі жазбаша көрсетіледі) ___________________________________________________________________ (жараның, контузияның, жарақаттың немесе зақымның сипаты және оларды аластату көрсетіледі) жара, контузия, жарақат немесе зақым алды, _________________________________ (керек емесі сызылып тасталсын) осыған байланысты 200__ ж. __________ 200__ ж. "___"_________ дейін ___________________________________________________________________ (әскери-емдеу мекемесінің атауы көрсетіледі) ___________________________________________________________________ емдеуде болды. Анықтама әскери қызметші жарақат алған жағдайда біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін берілді. М.О. Әскери-дәрігерлік __________ ________________ комиссияның төрағасы (қолы) (Т.А.Ә.) Ережеге 4-қосымша Біржолғы өтемақы төлеуге өтінімдерді тіркеу журналы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |