|
|
|
Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі зейнетақы шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 21 сәуірдегі N 138 қаулысы Осы редакция ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды ретеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 113 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Мыналар бекітілсін: 1) Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі зейнетақы шарты (1-қосымша); 2) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы шарты (2-қосымша); 3) Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы шарты (3-қосымша). 2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және кастодиан банктерге жіберсін. 3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 4-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін. 5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарды бекіту туралы" қаулысына 1-қосымша Міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы Үлгі зейнетақы шарты _______________ қаласы "____" ____________ 200___жыл Жинақтаушы зейнетақы қоры _________________________________________________________________ (Жарғыға сәйкес толық және қысқартылған атауы, нақты мекен-жайы) бұдан әрі "Қор" деп аталады, Жарғы және зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға және _____ жылғы "____" ______ N___ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға (уәкілетті органның атауы) берген лицензия негізінде іс-әрекет жасайтын __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (лауазымы, фамилиясы, аты (әкесінің аты болғанда), туған күні, мекен-жайы) арқылы бір жағынан және Азамат ___________________________________ __________________________________________________________________ (лауазымы, фамилиясы, аты (әкесінің аты болғанда) __________________________________________________________________ туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат (сериясы, номері) "_____"___________жылы____________________________________ берген, (кім және қашан) әлеуметтік жеке код N _____________________________________, салық төлеушінің тіркеу номері___________________________ бар, бұдан әрі "Салымшы/Алушы" деп аталады, екінші жағынан, мына төмендегілер жөнінде міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасады: 1. Шарттың мәні 1. Осы Шартқа сәйкес Салымшы/Алушы міндетті зейнетақы жарнасын уақтылы енгізуге міндеттенеді, ал Қор оларды қабылдауға, жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңдарына және Шарт талаптарына сәйкес жинақталған инвестициялық кірісті ескере отырып зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 2. Қор: 1) міндетті зейнетақы жарналарын қабылдауға; 2) Салымшыға/Алушыға жеке зейнетақы шот N ________________ ашуға; 3) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін тек қана уәкілетті кастодиан банкте сақтауға; 4) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының және оның жүргізген төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға; 5) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатына инвестициялық кіріс есептеуге; 6) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге; 7) жинақталған зейнетақы қаражатын аудару немесе төлеу сәтінде нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарына қатысты жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражаты сомасы азайған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда инфляция деңгейін ескере отырып, жинақталған зейнетақы қаражатының жоғалуын Салымшының/Алушының енгізген міндетті зейнетақы жарналары мөлшеріне дейін инфляция деңгейін ескере отырып өтеуге; 8) Салымшыға/Алушыға жылына бір рет жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға; 9) Салымшының/Алушының талабы бойынша осы қызметті көрсетуге арналған нақты шығыннан аспайтындай ақыға жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы қосымша ақпарат ұсынуға; 10) Шарт жасау кезінде Салымшыға/Алушыға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, кастодиан банк туралы Қазақстан Республикасының заңдарында анықталатын көлемде мәліметтерді ұсынуға; 11) Салымшыға/Алушыға Салымшының/Алушының мүдделерін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, оның ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және кастодиан банктің ауысуы туралы мәліметтерді ұсынуға; 12) уәкілетті органның қайта ұйымдастырылуға рұқсатын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде және таратуға рұқсат алған күннен бастап - он күнтізбелік күн ішінде Салымшыны/Алушыны алдағы уақытта қайта ұйымдастырылатыны және таратылатыны туралы екі баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге; 13) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге; 14) Салымшының/Алушының өтініші бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасын соңғы күнгі есептелген инвестициялық кірісімен басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде аударуға; 15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлар басталғанда Салымшыға/Алушыға зейнетақы төлемдерін жүргізуге; 16) Салымшы/Алушы қайтыс болған жағдайда оның жеке зейнетақы шотындағы барлық сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Салымшының/Алушының мұрагеріне (мұрагерлеріне) төлеуге; 17) Салымшы/Алушы Қазақстан Республикасының шегінен тысқа тұрақты тұруға көшіп кеткен жағдайда, жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға міндеттенеді. 3. Қордың: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға; 2) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша оның жазбаша өтініші бойынша Салымшының/Алушының мүддесін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сот органдарында білдіруге; 3) және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Салымшының/Алушының құқығын шектемейтін және нашарлатпайтын өзге де құқықтары бар. 4. Салымшы/Алушы: 1) Қазақстан Республикасының заңдарына және Шарт талаптарына сәйкес тек бір ғана Қорда жинақталған зейнетақы қаражаты болуына; 2) Шартқа қол қойған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде Салымшы/Алушы өзінің міндетті зейнетақы жарнасын төлеу жөніндегі агентіне Шартқа қол қойылған күнді, әлеуметтік жеке кодының номерін және Қордың деректемелерін хабарлауға, сондай-ақ оған Шарттың үшінші данасын беруге; 3) міндетті зейнетақы жарналарын Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде енгізуге; 4) Қордың міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ Шартты бұзу ниеті туралы олар басталған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қорға хабарлауға. 5. Салымшының/Алушының: 1) Қордың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және кастодиан банктің құрылтайшылары (акционерлері) туралы ақпаратты кез келген күні сұратылатын көлемде осындай ақпаратты беру кезінде Қордың шеккен нақты шығындарынан аспайтын ақыға алуға; 2) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты алуға; 3) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына бір күнтізбелік жылда екі рет аударуға, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда Қордан сақтандыру ұйымына аударуға; 4) Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қордан зейнетақы төлемдерін алуға; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыруға; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жинақталған зейнетақы қаражатын алуға; 7) Қор қызметіне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар. 3. Зейнетақы жарналары мен төлемдерін енгізу тәртібі мен шарттары 6. Салымшы/Алушы Шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын бір мезгілде кіріс төлей отырып оларды міндетті зейнетақы жарналары жөніндегі агенттің ұстап қалуы арқылы, сондай-ақ Қордың Шартта көрсетілген банктік шотына аудару арқылы дербес енгізеді. 7. Міндетті зейнетақы жарналары Салымшының/Алушының зейнетақы жарналарын есептеу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қабылданатын ай сайынғы кірісінің он проценті, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінің он процентінен төмен емес мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. 8. Зейнетақы төлемдерін алу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгіленеді. 4. Қордың Салымшыларды/Алушыларды хабардар ету тәртібі 9. Салымшыға/Алушыға оның жинақтаған зейнетақы қаражаты туралы Қор беретін жыл сайынғы ақпаратқа ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы кіреді, оның ішінде: 1) зейнетақы шарты жасалған күннен бастап және өткен жылы келіп түскен зейнетақы жарналарының және (немесе) аударымдарының айлар бойынша бөліп көрсетілген сомасы; 2) зейнетақы шарты жасалған күннен бастап және өткен жылы есептелген инвестициялық кірістің айлар бойынша бөліп көрсетілген сомасы; 3) қор ұстап қалған комиссиялық сыйақылардың сомасы; 4) өткен жылы жүргізілген зейнетақы төлемдерінің және (немесе) аударымдарының ұсталған табыс салығының сомасы көрсетіліп, айлар бойынша бөліп көрсетілген сомасы. 10. Салымшыны/Алушыны жыл сайын хабардар ету күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін екі ай ішінде меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі. 5. Тараптардың міндеттемелерін орындамаған жағдайдағы жауапкершіліктері 11. Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапкершілік көтереді. 12. Қор жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға байланысты жапқан Салымшының/Алушының жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналары есептелген жағдайда Қор міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агентке ол аударған соманы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде қайтаруға міндетті. 13. Қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды кешіктірген жағдайда, ол әрбір мерзімі өткен күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есесі мөлшерінде Алушының пайдасына өсімпұл төлеуге міндетті. Өсімпұл төлеу Қорды нақты зейнетақы төлеуді (жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды) жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін орындаудан босатпайды. 14. Форс-мажор жағдайы деп танылған соғыс, табиғат апаты, жаппай ереуілдер, белгіленген тәртіппен жарияланған және тараптар шарт бойынша міндеттемелерін орындайтын жерде бар немесе пайда болуы мүмкін, оларды орындауға кедергі жасайтын және тараптардың еркінен тыс төтенше жағдайлар мен ахуалдар болған кезде Тараптар жауапкершіліктен босатылады. 15. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес реттеледі. 6. Зейнетақы төлемдерін кесте бойынша жүзеге асыру тәртібі 16. Салымшының/Алушының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайлар басталған кезде кесте бойынша Қордан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. 17. Қордан кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алу төлемдер түрінде жүзеге асырылады. Оның мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен анықталады. Зейнетақы төлемдерін кесте бойынша жүзеге асырудың кезеңділігі Шартта белгіленеді (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) және қосымша келісімдермен ресімделеді. 18. Қор Салымшыдан/Алушыдан тиісті құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімді әзірлейді және Алушының қарауына ұсынады. 7. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі мен талаптары 19. Шарт тараптардың өзара келісуі бойынша жазбаша түрде, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей айқындалмаған және енгізілген толықтыру Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ережелер бойынша ғана өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. 20. Салымшы/Алушы Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген зейнетақы жарналарын енгізу тәртібін бұзған жағдайда, сондай-ақ Салымшы/Алушы зейнетақы жарналарын енгізуді тоқтатқан немесе тоқтата тұрған жағдайда Қор Шартқа өзгерістер енгізуді талап етуге құқылы. 21. Шарт тараптардың өзара келісуі бойынша, сондай-ақ заңды күшіне енген сот шешімі негізінде, тараптар қабылдаған міндеттемелерін орындамаған жағдайда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. Шарт бір жақты тәртіппен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы қорынан басқасына аударуға, Салымшының/Алушының Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұрғылықты жерге көшіп кетуіне байланысты Салымшының/Алушының өз бастамасы бойынша, сондай-ақ Салымшының/Алушының корпоративтік Қордың құрылтайшысы немесе акционері - ұйыммен жасаған еңбек келісімі бұзылған жағдайда корпоративтік Қордың бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін. 8. Шарттың қолданылу мерзімі 22. Шарт оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 23. Шарт тараптар зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады. 24. Шарттың күші Салымшыға/Алушыға, оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасы төленгеннен кейін немесе Қор Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударған кезде жойылады. 9. Дауларды шешу тәртібі 25. Тараптардың шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының соттары олардың құзыретіне сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде қарайды. 26. Шарт мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде әрқайсысының заң күшi бiрдей үш дана етiп жасалады. Тараптардың әрқайсысында бір данадан, үшінші данасы зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агентте болады. 10. Тараптардың деректемелері және қолдары ҚОР САЛЫМШЫ/АЛУШЫ ______________________________ ____________________________ Қордың атауы, банктік деректемелері, Алушының фамилиясы, аты (бар болса - әкесінің аты) ______________________________ ____________________________ Қордың (оның филиалының, өкілдігінің) тұрғылықты жері, телефоны ______________________________ нақты тұрған жері, телефоны ______________________________ ____________________________ (Қор өкілінің қолы) (Салымшының/Алушының қолы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарды бекіту туралы" қаулысына 2-қосымша Ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы Үлгі зейнетақы шарты (жеке тұлға болып табылатын Салымшы үшін) _______________қаласы "____" ____________ 200___жыл Жинақтаушы зейнетақы қоры _________________________________________________________________ (Жарғыға сәйкес толық және қысқартылған атауы, нақты мекен-жайы) бұдан әрі "Қор" деп аталады, Жарғы және зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға және _____ жылғы "____" ______ N___ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға (уәкілетті органның атауы) берген лицензия негізінде іс-әрекет жасайтын __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (лауазымы, фамилиясы, аты (әкесінің аты болғанда) арқылы бір жағынан және жеке тұлға________________________________ жеке тұлға үшін - фамилиясы, аты __________________________________________________________________ (әкесінің аты болғанда), туған күні, тұрғылықты жері, __________________________________________________________________ жеке басын куәландыратын құжат (сериясы, номері) _________________________________________________________ берген, (кім және қашан) әлеуметтік жеке код N _____________________, салық төлеушінің тіркеу номері______________________________ бар, бұдан әрі "Салымшы/Алушы" деп аталады, екінші жағынан, мына төмендегілер жөнінде ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасады: 1. Шарттың мәні 1. Осы Шартқа сәйкес Салымшы/Алушы ерікті зейнетақы жарнасын енгізуге құқылы, ал Қор оларды қабылдауға, жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңдарына және Шарт талаптарына сәйкес жинақталған инвестициялық кірісті ескере отырып зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 2. Қор: 1) ерікті зейнетақы жарналарын қабылдауға; 2) Салымшыға/Алушыға жеке зейнетақы шот N____________ ашуға; 3) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін тек қана уәкілетті кастодиан банкте сақтауға; 4) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының және оның жүргізген төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға; 5) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатына инвестициялық кіріс есептеуге; 6) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге; 7) Салымшыға/Алушыға жылына бір рет жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға; 8) Салымшының/Алушының талабы бойынша осы қызметті көрсетуге арналған нақты шығыннан аспайтындай ақыға жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы қосымша ақпарат ұсынуға; 9) Шарт жасау кезінде Салымшыға/Алушыға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, кастодиан банк туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген көлемде мәліметтерді ұсынуға; 10) Салымшыға/Алушыға Салымшының/Алушының мүдделерін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, оның ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және кастодиан банктің ауысуы туралы мәліметтерді ұсынуға; 11) уәкілетті органның қайта ұйымдастырылуға рұқсатын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде және таратуға рұқсат алған күннен бастап - он күнтізбелік күн ішінде Салымшыны/Алушыны алдағы уақытта қайта ұйымдастырылатыны және таратылатыны туралы екі баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге; 12) Салымшының/Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге; 13) Салымшының/Алушының өтініші бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының барлық сомасын соңғы күнгі есептелген инвестициялық кірісімен басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде аударуға; 14) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлар басталғанда Салымшыға/Алушыға зейнетақы төлемдерін жүргізуге; 15) Салымшы/Алушы қайтыс болған жағдайда оның жеке зейнетақы шотындағы барлық сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Салымшының/Алушының мұрагеріне (мұрагерлеріне) төлеуге; 16) Салымшы/Алушы Қазақстан Республикасының шегінен тысқа тұрақты тұруға көшіп кеткен жағдайда, жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға міндетті. 3. Қордың: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға; 2) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша оның жазбаша өтініші бойынша Салымшының/Алушының мүддесін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сот органдарында білдіруге;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |