|
|
|
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттiк өтінімдi жасау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 ж. 30 сәуірдегі N 75 бұйрығы Осы редакция ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 ж. 2 қыркүйектегі N 145 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттiк өтiнiмдi жасау ережесi бекiтiлсiн. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. Министр Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2003 жылғы 30 сәуiрдегi N 75 бұйрығымен бекiтiлген Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдi жасау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобасын әзiрлеу кезiнде бюджеттiк бағдарламаны негіздеу және оны қаржыландыру сомасын анықтау үшiн алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнің бюджеттiк өтiнiмдердiң құрылымын, оларды жасау тәртiбiн анықтайды. 2. Бюджеттiк өтiнiмдерді жасаудың негізгi мақсаты бағдарламаны орындаудың қажетті ресурстары мен нәтижелерi туралы сандық және қаржылық ақпарат негiзiнде және қаржы ресурстарының шектеулілігi шартында болжамды кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларды таңдау, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігі мен нәтижелiлiгiн кейiннен бағалау болып табылады. 3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi (бұдан әрi бағдарламалардың әкiмшiсi) бюджеттiк өтiнiмдi ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының, тиiстi бюджет комиссиясы анықтаған инвестициялық жобалардың тiзбесi мен оларды тиiстi бюджеттен қаржыландыру көлемдерiнiң шегінде жасайды. 4. Бюджеттiк өтінiмнің деректерi осы бағдарламаның объективті сипатының негiзiнде жинаған бағдарлама туралы шынайы және толық ақпаратты қамтуы тиiс. 5. Бағдарламаның әкiмшiсi бiр ғана бюджеттiк өтiнiм жасайды. Бюджеттiк өтінім төрт бөлiмнен тұрады: бюджеттiк бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тiзбесi және олар бойынша шығындардың сомалары; әрбiр бюджетi бағдарламаға түсiндiрме жазба; бюджеттiк өтiнiмге енгiзiлген әрбiр бюджеттiк бағдарлама паспортының жобасы; бюджеттiк өтiнуге енгiзiлген әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша бюджеттiк шығындарды есептеу (бұдан әрi - шығындарды есептеу). 6. Жыл сайынғы бюджеттiк өтінім өткен жыл үшiн есептi деректер, ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер және алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштер туралы белгіленген нысан бойынша ақпаратты қамтуы тиiс. 7. Тиiстi бюджет комиссиясы бюджеттiк өтiнiмдi қарау кезінде ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда, сондай-ақ республикалық (жергiлiктi) бюджеттердің жобасы Парламентте (мәслихатта) өзгерген жағдайда осы өтiнiмдер қараудың әрбiр кезеңiнде нақтылауға жатады. 8. Бюджеттiк өтiнiм бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын және қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауға негiз болып табылады. 9. Бюджеттiк өтiнiмге бағдарламалар әкiмшiсiнің басшысы қол қояды. Бюджеттiк өтiнiмде мiндеттi түрде тиiстi бағдарламалар әкiмшiсiнiң жауапты атқарушысының аты-жөнi, тегi, қызметi, жұмыс телефоны көрсетiледi. Бюджеттiк өтiнiмнің сыртқы мұқабасы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделедi. Бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) тiзбесi және олар бойынша сомалар осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады. 10. Бюджеттiк бағдарлама паспортының жобасы (бұдан әрi - паспорттың жобасы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жасалады. 2. Бюджеттiк бағдарламаға түсiндiрме жазбаның мазмұны 11. Түсiндiрме жазбада мынадай тармақтар бойынша қысқаша және мазмұнды ақпарат айтылуы қажет: 1) осы проблема бойынша ағымдағы сәтте қалыптасқан ахуалға шолу, оның iшiнде бұл мәселе бойынша осы не басқа бағдарламаны iске асыру барысында қабылданған шаралар және оның нәтижелерi; 2) ұсынылып отырған бағдарламаның шеңберiнде қолдану (өткiзу) жоспарланып отырған одан арғы қажеттi шаралар (iс-шаралар, жұмыстар) және күтiлетiн нәтиже; 3) осы бюджеттiк бағдарламаның Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлесi; 4) сандық көрсеткiштер мен қаржы ресурстары бойынша осындай қажеттiлiктiң негiздемесiн және салыстырма (өтпелi) кестенi қоса бере отырып, қолданылып жүрген бағдарламаларды арттыру, жою, бiрiктiру не бөлшектеу жөнiңдегi ұсыныстар; 5) осы бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру тоқтатылған немесе қысқартылған жағдайда мүмкiн боларлық жағымсыз салдарлар; 6) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен қоғамдардың осы мәселе жөнiндегi бар көзқарастары; 7) осы бағдарламаны орындауды басқа мемлекеттiк органдардың ұқсас бағдарламаларымен, басқа ұйымдар, оның iшiнде шетелдерде әлемдегi бар стандарттар не рынок жағдайында қалыптасқан жұмыстардың, қызметтердiң осы түрлерiн орындауға қойылатын талаптар жөнiндегi iс-шараларымен салыстырып талдау; 8) әрбiр нұсқаның оң және терiс жақтарын сипаттай отырып, көрсетiлген мақсаттар мен мiндеттердi iске асырудың баламалы нұсқалары; 9) бағдарламаны бағалау өлшемдерi: ағымдағы жылдың аяқ шенiнде бағдарламаны бағалауға болатын көрсеткiштер (сандық, сапалық және басқалар) аталсын. 4-8-тармақтар бойынша ақпарат осындай ақпарат болған жағдайда көрсетiледi. 3. Шығындардың есептеулерiн жасау тәртiбi 12. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу үшiн мемлекеттiк мекемелер бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне 3-50-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша бюджет шығындарының есептеулерiн ұсынады. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша шығындар есептеулерiне бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің (мемлекеттiк мекеменің) басшысы және бас бухгалтер қаржы-экономикалық бөлiмнiң бастығы) қол қояды. 13. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша шығындар есептеулерiн жасау кезiнде мемлекеттiк мекемелер мыналарды: Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы шығыстарының экономикалық сыныптамасын; Қазақстан Республикасының бюджетi шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгінің құрылымын; Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарына, облыстың, (қаланың), аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың Әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарына сәйкес тиiстi кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн; Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленген қолданыстағы нормативтердi басшылыққа алады. 14. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша шығындарды есептеу мына нысандар бойынша жасалады: 1) 01-111 нысаны (3 қосымша), оларға тиiсiнше 12-111, 13-111 және 14-111 прокуратура органдарының, құқық қорғау органдарының, өртке қарсы мемлекеттiк қызмет, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi және кеден қызметi органдарының қызметшiлерiн, әскери қызметшiлердi қоспағанда, әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiнiң негiзгi жалақыларына арналған шығындарды есептеуге арналған. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiн және Мемлекеттiк әкімшілік лауазымдар санаттарының тiзбесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 318 және "Қызмет бабында пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлықтарын басшылыққа алған жөн. 14-бағанда әкімшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдар санатының және мамандығы бойынша жұмыс өтілінің жылдары бөлiнiсінде айына лауазымдық айлықақыларының сомасы анықталады. 02-111 нысаны (4 қосымша) саяси мемлекеттiк қызметшiлердің депутаттардың, судьялардың негiзгi жалақысына жұмсалатын шығындарды есептеуге арналған. 14-бағанда саяси мемлекеттiк қызметшiлердің, депутаттардың, судьялардың лауазымдар атауының және мамандығы бойынша жұмыс өтілінің жылдары бөлiнiсiнде айына лауазымдық айлықақыларының сомасы анықталады. Мемлекеттiк қызметшiлерге еңбек ақы төлеудің шарттары өзгеруiне байланысты 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап төленетiн жалақыдағы айырманы төлеуге арналған шығындарды есептеуде "Еңбек ақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 ақпандағы N 281 қаулысын басшылыққа алған жөн. Радиациялық қатер аумақтарында тұрғаны үшiн және экологиялық қасiрет аймақтарында тұрғаны үшiн қосымша төлем есептеуде "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы және "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңдарын тиiсiнше басшылыққа алған жөн. 03-111 нысаны (5 қосымша) төтенше және өкiлеттi елшiлердің, шет елдегi мекемелер қызметкерлерінің негiзгi жалақысына жұмсалатын шығындарды есептеуге арналған. 2-бағанда лауазымдардың атаулары мен бөлінісiнде 1 қызметкердің айлық лауазымдық айлықақысының сомасы көрсетiледi. Бұл ретте шетел валютасындағы сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша теңгемен есептеледi. 10-бағанда айлық негiзгi жалақының қорытынды сомасы анықталады, ол осы бағанда көрсетiлген формула бойынша айқындалады. 11-бағандa осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес жылдық негiзгi жалақының қорытынды сомасы анықталады. Мемлекеттiк қызметшiлерге еңбек ақы төлеудiң шарттары өзгеруiне байланысты 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап төленетiн жалақыдағы айырманы төлеуге арналған шығындарды есептеуде "Еңбек ақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 ақпандағы N 281 қаулысын басшылыққа алған жөн. Радиациялық қатер аумақтарында тұрғаны үшiн және экологиялық қасiрет аймақтарында тұрғаны үшiн қосымша төлем есептеуде "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы және "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңдарын тиiсiнше басшылыққа алған жөн. Мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiнің негiзгi жалақыларына арналған шығындар есептеулерiн жасау үшiн мына нысандар толтырылады: 04-111 нысаны (6 қосымша) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерінің негiзгi жалақыларына арналған шығындарды есептеу үшiн; 05-111 нысаны (7 қосымша) жоғары бiлiм беру және ғылым мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнiң негiзгi жалақыларына арналған шығындарды есептеу үшiн. Осы нысанды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнің, Iшкi iстер министрлiгiнің және Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің оқу орындарынан басқа жоғары бiлiм мекемелерi толтырады; 06-111 нысаны (8 қосымша) денсаулық сақтау мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерінің негiзгi жалақыларына арналған шығындарды есептеу үшiн; 07-111 нысаны (9 қосымша) әлеуметтiк қамсыздандыру мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің негiзгi жалақыларына арналған шығындарды eceптeу үшiн; 08-111 нысаны (10 қосымша) мәдениет және мұрағат iсi мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерінің негiзгi жалақыларына арналған шығындарды есептеу үшiн; 09-111 нысан (11 қосымша) дене шынықтыру және спорт мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнiң негiзгi жалақыларына арналған шығындарды есептеу үшiн; 10-111 нысан (12 қосымша) мемлекеттiк бiлiм, жоғары бiлiм және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және мұрағат iсi, дене тәрбиесi және спорт органдарын, құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi мекемелерiн қоспағанда басқа мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерінің негiзгi жалақыларына арналған шығындарды есептеу үшiн. Көрсетiлген нысандардың 14-бағанында мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнің лауазымдық жалақыларының сомасы лауазымдар санаты және мамандығы бойынша жылдардағы қызмет өтiлі бөлінісiнде айына анықталады. Мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiнің негiзгi жалақыларына арналған шығындар есептеулерiн жасауда "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысын басшылыққа алған жөн. 12-111 нысаны (14 қосымша) прокуратура органдары қызметшілерінің (Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасы, округтар, гарнизондар мен әскерлер әскери қызметшiлерiн қоспағанда, олар бойынша 13-111 нысаны толтырылады) негiзгi жалақыларына арналған шығындарды есептеуге арналған. 14-бағанда прокуратура органдары қызметшiлерiнің лауазымдар санаты бөлiнiсiнде айына лауазымдық жалақыларының сомасы анықталады. 26-баған прокуратура органдары қызметшiлерiне сыныптық шен түрлерiне байланысты сыныптық шендер үшiн қосымша төлем төлеуге арналған шығындарды есептеуге арналған. 13-111 нысаны (15 қосымша) құқық қорғау органдары, мемлекеттiк өртке қарсы қызметтер, Қылмыстық-атқарушы жүйесi органдары қызметкерлерінің жалақысына арналған шығындарды есептеуге арналған. 14-баған құқық қорғау органдары, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, Қылмыстық-атқарушы жүйесi қызметшiлерiне лауазым санаты бөлiнiсiнде айына лауазымдық жалақыларының сомасын есептеуге арналған. 34-баған арнайы атақ түрлерiне байланысты арнайы атақтар үшiн қосымша төлем төлеуге арналған шығындарды есептеуге арналған. 35-бағанда қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшiн үстемақы алатын құқық қорғау органдары, өртке қарсы мемлекеттiк қызмет, Қылмыстық-атқарушы жүйесi қызметшiлерінің саны көрсетiледi, ал 36-бағанда қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшiн төленетiн үстемақы сомасы көрсетiледi. Бұл жағдайда қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшiн төленетiн үстемақының жалпы сомасы лауазымдық жалақының жалпы сомасының 15 пайызынан жоғары болмау керек. 14-111 нысан (16 қосымша) әскери қызметшiлердің негiзгi жалақысына арналған шығындарды есептеуге арналған. 14-баған әскери қызметшiлерге лауазымдар санаты бөлінісiнде айына лауазымдық жалақы төлеуге арналған шығындарды есептеуге арналған. 34-бағанда әскери атақтардың түрiне байланысты әскери атақтар үшiн қосымша ақы сомасы есептелiнедi. 35-бағанда әскери қызметшiлерге қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшiн үстемақы алатын әскери қызметшiлердің саны, ал 36-бағанда қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшiн үстемеақының сомасы көрсетiледi. Бұл ретте қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшiн төленетiн үстемақының жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi үшiн лауазымдық жалақылар бойынша жалпы соманың 25 пайызынан жоғары емес соманы құрауы керек, басқа органдар үшiн - 15 пайыздан жоғары емес. 12-111, 13-111, 14-111 нысандары бойынша негiзгi жалақыға арналған шығындарды есептеуде Қазақстан Республикасы Президентінің "Қызмет бабында пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнің мемлекеттiк өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмдерiн бекiту туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 576 және "Қызмет бабында пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлықтарын басшылыққа алған жөн. Радиациялық қатер және экологиялық қасiрет аймақтарында тұрғаны үшiн қосымша төлем есептеуде (12-111, 13-111, 14-111-нысандар) Қазақстан Республикасының "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңдарын басшылыққа алған жөн. 2) 01-112 нысаны (17 қосымша) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнің кейбiр актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3038 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" 2002 жылғы 21 наурыздағы N 825 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдар орталық аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне жылына екi лауазымдық жалақы мөлшерiнде сыйлық беру үшiн қосымша ақшалай төлемдерге арналған шығындарды есептеуге арналған. 3) 01-113 нысаны (18 қосымша) Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне өтемақы төлемдерiне жұмсалатын шығындарды есептеуге арналған, оларға еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасы Президентінің "Қызмет бабында пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінiң кейбiр актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3038 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" 2002 жылғы 21 наурыздағы N 825 Жарлығына сәйкес жүргiзiледi. 4) 01-114 нысаны (19 қосымша) әскери қызметшiлердің, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнің жинақтаушы зейнетақы қорларына міндеттi зейнетақы жарналарына жұмсалатын шығындарды есептеуге арналған. Әскери қызметшілердің, iшкi iстер органдары және Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқарушы жүйесi комитетi, қаржы полициясы және өртке қарсы мемлекеттiк қызмет органдары қызметкерлерiнің жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасын есептеуде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын басшылыққа алған жөн. 2-бағанда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай кемінде 10 жыл әскери қызметте, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында қызмет өтiлі бар әскери қызметшiлердің және iшкi iстер және Қылмыстық-атқарушы жүйесi комитетi, қаржы полициясы және өртке қарсы мемлекеттiк қызмет органдары қызметкерлерiнің лауазымдық жалақыларын және әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының) сомаларынан тұратын айына ақшалай ұстау сомасы көрсетiледi. 3-бағанда жинақтаушы зейнетақы қорларына жарнаның мөлшерi (20%) көрсетiледi. 4 және 5-бағандарда формулаларға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына айына және жылына жарналардың сомалары анықталады. 5) 01-121 нысаны (20 қосымша) мемлекеттiк мекемелердің әлеуметтiк салық төлеуге арналған шығындарды есептеуге арналған. Жоспарланған жылға арналған әлеуметтiк салық сомасын есептеу кезiнде "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылға 12 маусымдағы Кодексiн (Салық Кодексi) басшылыққа алу қажет. 1-бағанда еңбек ақының салық салынатын қоры, 2-бағанда әлеуметтiк салық ставкасы Қазақстан Республикасының, 3-бағанда осы бағанда көрсетiлген формула бойынша анықталатын жылына салық сомасы көрсетiледi. 6) 01-125 нысаны (21 қосымша) бойынша есептi автокөлiк құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналарын есептеу жүргiзiледi. Осы нысанды балансында автокөлiк құралдары есепке алынған мемлекеттiк мекемелер автокөлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға арналған шығындар сомасын анықтау үшiн толтырады. Автокөлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға арналған жарналарды есептеуде "Автокөлiк құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 31 қазандағы N 1319 қаулысын басшылыққа алу қажет. 7) 01-131 нысанды (22 қосымша) iшкi iстер, ҚорМ, ҰҚК, ҚР Республикалық ұлан органдарының, денсаулық сақтау және ветеринария мекемелерiн қоспағанда, тамақтануға арналған шығындарды есептеу үшiн мемлекеттiк білiм беру және әлеуметтiк қорғау мекемелерi толтырады. 2-бағанда тамақ өнiмдерiн алушылардың атауы көрсетiледi. 3-бағанда тағам нормасы белгіленген бiрлiктердің орташа саны көрсетiледi: бiлiм беру мекемелерiнде - оқушылардың (балалардың) орташа жылдық саны әлеуметтiк қамсыздандыру - тұрғындардың орташа жылдық мекемелерiнде саны 4-бағанда мекеменің бiр жылда жұмыс iстейтiн күндерiнің саны көрсетiледi. 5-бағанда заңнамада белгiленген тағам нормасы көрсетiледi. 6-бағанда осы бағанда көрсетілген формулаға сәйкес анықталатын шығындар сомасы көрсетіледi. 02-131 нысанын (23 қосымша) ҚР ішкi iстер, ҚopM, ҰҚК, Республикалық ұлан органдарының мемлекеттiк мекемелерi толтырады. 2-бағанда тағам өнiмдерiн алушылардың атауы көрсетiледi. 3-бағанда тағам нормалары белгіленген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң орташа саны көрсетiледi. 4-бағанда мекеменiң жылына жұмыс iстеу күндерiнің саны көрсетiледi. 5-бағанда ақшалай алғанда бiр адамға заңдармен белгіленген тағам нормасы көрсетiледi. 6-бағанда мерзiмдi қызметтегi 1 әскери қызметшiге айына ақшалай алғанда темекi бұйымдарын босатудың заңдармен белгiленген нормасы көрсетiледi. 7-бағанда мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер үшiн темекi бұйымдарына арналған шығындарды есептеу үшiн айлардың саны көрсетiледi. 8-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес анықталатын шығындардың жалпы сомасы көрсетiледi. 03-131 нысанын (24 қосымша) мемлекеттік ветеринариялық мекемелер толтырады. 2-бағанда тағам өнiмдерiн алушылардың атауы көрсетiледi. 3-бағанда азық нормалары белгiленген жануарлардың орташа саны көрсетiледi. 4-бағанда мекеменiң жылына жұмыс iстеу күндерiнің саны көрсетiледi. 5-бағанда ақшалай алғанда бiр өлшемге заңдармен белгіленген азық-түлiк нормасы көрсетiледi. 6-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес анықталатын шығындар сомасы көрсетiледi. 04-131-нысаны (25 қосымша) денсаулық сақтау мекемелерiнде тамаққа арналған шығындарды есептеу үшiн жасалады. Бұл ретте "Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгi нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 128 қаулысын басшылыққа алған жөн. 2-бағанда бөлiмшелердің (жекелеген ұйымдардың) атауы көрсетiледi; 3-бағанда жылына төсек-күндердiң саны көрсетiледi; 4-бағанда жоғарыда көрсетiлген қаулымен бекiтілген заттай нормаларды ескере отырып, теңгемен 1 төсек-күнге арналған тамаққа жұмсалатын шығыстар нормасы көрсетiледi; 5-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес анықталатын шығындардың сомасы көрсетiледi. 8) 01-132-нысанды (26 қосымша) дәрi-дәрмектерге, мал дәрiгерлік препараттарға және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарға арналған шығындарды есептеу үшiн, денсаулық сақтау мекемелерiнен басқа мемлекеттік мекемелер толтырады. Дәрi-дәрмектерге және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарға арналған шығындарды есептеу кезiнде мемлекеттiк мекемелер бағандарда мынадай көрсеткіштердi көрсетедi:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |